Әдебиеттерменжұмыс.Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша қажетті, маңызды әдеби деректерді талдап, әдебиеттерге шолу жасауды, мәселелердің жауаптарын анықтауды, мәселе тарихына қысқаша тоқталуды, ғалымдардың мәселе жауаптарын салыстырмалы түрде талдауды талап етеді. Әдебиеттерде тақырыпты ашуға керекті маңызды материалдар, кейбір мәселелердің шешімдері болады. Таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді оқудағы міндет ғалымдардың мәселені шешу әдіс – тәсілдерімен, оның маңызымен, жауаптың дәстүрлі шешімдерден айырмашылығымен, автордың дәлелді және дәлелдері аз пікірлерімен, ұсыныстарымен танысу. Тақырып бойынша әдебиеттерді алдын ала талдау ғылыми жұмыстың міндеттерінің жобасын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Тақырыпты дұрыс және өз бетімен ашу үшін кітаппен жұмыс істей білу керек.
Әдебиеттердііздеужұмыстары: Іздейтін тақырыпты тұжырымдау.
Тақырыпты ашатын негізгі ұғымдарды анықтау.
Керекті құжаттардың шамасын белгілеу.
Кітапханадағы жүйелі каталогте жұмыс істеу.
Библиографиямен жұмыс.
Соңғы 5 жылда шыққан педагогикалық басылымдарды оқу.
Курстық жұмыстың сапасына тікелей әсер ететін керекті әдебиетті табу өте қиын, маңызды жұмыс. Алдымен студент өз кітапханасындағы әдебиеттермен, содан соң білім алып жатқан білім беру ұйымының кітапханасындағы, басқа кітапханадағы әдебиеттерді оқиды.
Анықтамаберетінәдебиеттербөліміндежұмыс істеуге уақыт бөлген жөн. Алдымен зерттелетін тақырып бойынша қысқаша мәлімет, негізгі әдебиеттер көрсетілген педагогикалық энциклопедияны оқыған тиімді. Содан соң зерттеу әдістемесі туралы әдебиеттер оқылады.
Кітапхана қорларында бар кітаптардың тізімі жазылған карточкалар жүйемен беріледі. Алфавиттік-пән бойынша жазылған кітаптар тізімі. Жүйелі– бар, жаңа түскен әдебиеттер каталогтары. Тақырыптықкаталогтер- тақырып бойынша орналастырылған әдебиеттер тізімі.
Кітапқа тапсырыс беру үшін оның шифрін білу керек. Каталогтерден алынған әдебиет туралы мәліметтер карточкаларға жазылады.
Карточкаларды алфавит бойынша жүйелеп, әдебиеттер тізімін жазуға болады. Жазбалар –материалды жинаудың және өңдеудің ең жақсы тәсілі, ақыл – ой жұмысын ұйымдастырудың міндетті түрі.Іріктелеген материалдарға ескертулер жазылады. Кітапты конспектілегенде ғалымның пікірлерін, ұсыныстарын, әдістемесін бөлек карточкаларға жазып, топтап, жүйелеуге болады. Кітаптағы мәліметтерді жеке парақтарға немесе дәптердің ортасын сызып, бір жақ бөлігіне өз сөзімен де, тырнақшаға алып, беттерін көрсетіп сөзбе – сөз көшіріп те жазуға болады. Студент конспектілерін қолданып, сын – пікірлерін, қорытындыларын бір жүйеге келтіреді, курстықжұмыстыңжоспарыннақтыландырады. Шолуда
курстық жұмыстың міндеттері және жоспарына сай кітаптың аннотациясы, кіріспесі, соңғы сөздері, авторларының негізгі ойлары және ұсыныстары жазылады. Сонымен шолуда әдеби деректердегі курстық жұмыстың таңдаған мәселесінің жауаптары анықталады.
Кітап талдағанда қолданылатын етістіктер: Автор
Оқулықтағы білімдердің қазіргі талаптарға сәйкестігі, жаңалығы, ғылымилығы.
Оқу ақпаратының жүйелілігі және мақсатқа сәйкестігі.
Ұлттық ерекшеліктерді ескеруі
Оқулықтағы білімдердің оқушылардың жас мүмкіндіктеріне сәйкестігі
Пәнішілік және пәнаралық байланыстар
Оқушыларды қызықтыратын, сезіміне әсер ететін, тартымды ақпараттар
Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйенетін ақпараттар. 10.Оқушылардың өздік жұмыстары
11.Оқулықпен жұмысқа берілген нұсқаулар. 12.Дұрыс орындалған тапсырма үлгілері.
13.Оқушының білім, іскерлік, дағдыларын тексеруге арналған сұрақтар. 14.Оқулық мазмұнының оқушы қабілетін жан – жақты дамытуға ықпалы. 15.Мәтіндердегі проблемалық сұрақтар
16.Сұрақтар мен тапсырмалар