НұСҚаулар педагогикалық Өлшеулер орталығы тапсырмаларды орындау



Pdf көрінісі
бет30/30
Дата12.04.2022
өлшемі3,9 Mb.
#138959
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Естественнонаучная грамотность казахский

 
19-сұрақ 
Суретте Марс бетіндегі судың болу белгілері көрсетілген.
 
 
https://www.bbc.com/russian/features-56423578 
Суретте Марс бетінде су белгілері болуы қалай бейнеленген?
A
 
жаңбырдан кейінгі балшық 
B
 
мұздатылған мұздық 
C
 
жанартау бейнесі 
D
 
құрғақ өзендер атырауы 


ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
31
 
Тапсырманы орындау бойынша ұсыныстар
 

Осы суреттен бұрын қандай табиғи үдеріс бейнеленгеніне назар аударыңыз.
Зерттеулерге сәйкес, басқа ғаламшарларда атмосфералық жауын-шашын белгілері 
табылмағанын атап өткен жөн. Демек, «жаңбырдан кейінгі балшық» дистракторы дұрыс емес. 

«Мұздатылған мұздық» дистракторы суретке сәйкес келмейді, өйткені мұздықтар басқа 
морфологиялық көрсеткіштерге ие. 

Білімалушылар «тектоникалық қозғалыстар» тақырыбынан жанартаудың пішіні 
туралы түсініктерге ие, олар кратер мен конус пішіндерін біледі және суретте көрсетілгендей 
тегіс бола алмайды, сондықтан «жанартау бейнесі» дистракторы дұрыс емес. 

«Өзеннің құрғақ атырауы» жауап нұсқасы дұрыс, өйткені суретте өзен арнасының 
белгілеріне атырау, өзен арнасы және кеуіп қалған өзен аңғарындағы су эрозиясы 
үдерістерінің іздері көрсетілген. 
 
Бағалау кестесі
 
Максималды балл саны – 1 

«құрғақ өзендер атырауы» нұсқасын таңдайды. 

 
20-сұрақ 
Метан планетада тіршіліктің болуы мүмкін екенін көрсететін индикаторлардың бірі. Curiosity 
зерттеулері бойынша планета атмосферасындағы метанның концентрациясы жаз кезінде 
артады, қыста кемиді. 
Планетада қандай процестің нәтижесінде метан пайда 
болмайтынын
көрсетіңіз.
A
 
микробтардың белсенділігі нәтижесінде
B
 
планетадағы атмосфералық процестер нәтижесінде 
C
 
планетадағы геотермалдық процестер нәтижесінде 
D
 
клатраттардың - метан мен су қосылыстарының ыдырауы нәтижесінде 
Тапсырманы орындау бойынша ұсыныстар
 
Мәтінге назар аударыңыз: «Метан планетада өмірдің болуы мүмкін екенін көрсететін 
индикаторлар қатарына кіреді». Оқушылар метанның кейбір организмдердің тіршілік әрекеті 
нәтижесінде шығарылатындығымен және «микробтардың белсенділігі нәтижесінде» жауабы 
дұрыс емес екендігімен таныс болуы керек. «Планетадағы геотермалдық процестердің 
нәтижесінде» деген жауап та дұрыс емес, өйткені метан планетадағы геотермалдық 
процестерге жауап беретін жанартау газдарының бөлігі болып табылады. «Клатраттардың - 
метан мен су қосылыстарының ыдырауы нәтижесінде» жауабы дұрыс емес, өйткені жауаптың 
өзінде клатраттардың құрамы түсіндіріледі. Осылайша, дұрыс жауап «планетадағы 
атмосфералық процестердің нәтижесінде». 
 
Бағалау кестесі
 
Максималды балл саны – 1 

«планетадағы атмосфералық процестер нәтижесінде» нұсқасын таңдайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет