ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
20
Тапсырманы орындау бойынша ұсыныстар
•
Екінші абзацтың мәтініне назар аударыңыз: «...Escherichia coli бактериясының гендік-
инженерлік штамдарынан адам инсулині алынды, ол қант диабетімен ауыратын миллиондаған
адамдардың өмірін сақтап қалды.». Бұл инсулин генін енгізудің негізгі себебі «қант
диабетімен ауыратын науқастарға көмектесу» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
•
«өнімділікті арттыру, зиянкестер мен ауруларға төзімділік, әртүрлі салаларда
қолданылатын түрлі антиденелерді алу» деген сөйлем генді енгізудің қосымша себептері
«үлкен көлемдегі инсулинді өндіру» және «инсулин өндірісінің жылдамдығын арттыру»
екенін көрсетеді. Осылайша, инсулин генін енгізудің жалғыз дұрыс емес себебі –
«бактериялардың жаңа штаммын шығару». Оқушы адам инсулинін бактериялардың немесе
басқа микроорганизмдердің геномына тек жаңа штамм немесе микроорганизм түрін өсіру
үшін енгізудің орынсыз екенін түсінуі керек
Достарыңызбен бөлісу: