Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
050606-Химия мамандығы студенттеріне арналған
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы пәнінен
ПӘНДІ ОҚЫП ИГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.1/05
|
БЕКІТЕМІН
ХТжЖФ деканы
_______________К.К.Ахметов
«___»_____________2010 ж.
Кұрастырушы: Колпек А.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
ПӘНДІ ОҚЫП ИГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы пәні бойынша
050606-Химия мамандығы студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған «__»__________2010ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ К.Х.Жапаргазинова
ХТжЖФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «___»________ №____ хаттама
ОӘҚ төрайымы _________________________ У.Д. Буркитбаева
1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің мақсаты – студенттерді порлимерлер туралы ғылымның негізімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика – химиясы және физикасы жөнінде негізгі мағлұматтармен таныстыру және полимерлерді қолданудың маңызды орындарымен таныстыру.
Пәннің міндеті – студенттерге полимерлі заттың химиялық, физикалық ерекшеліктері жөнінде теориялық мағлұматтар беру және әртүрлі полимерлер алу, химиялық түрлендіру, олардың құрылымы миен физикалық – химиялық қасиеттерін зерттеуді жүзеге асыра алатындай практикалық тәжірибе үйрету.
5 Пәнді оқу нәтижесінде студенттерде:
- жоғары молекулалық қосылыстардың негізгі ерекшеліктері, олардың ерекше дене және биологиялық мағынасына байланысты практикада қолданылуы жөнінде түсінік болу;
- полимерлерді алудың негізгі әдістері, полимерлерді зерттеудің соңғы жетістіктері, полимерлі денелерді өндірісте алу және оны өңдеу технологиясы негіздерін білу;
- полимерлерді әртүрлі әдістермен синтездегенде қойылатын практикалық талапты шешуде, макромолекуланың құрылысын зерттеуде соңғы жетістіктегі экспермиенттік әдістерді қолдана білуге, теориялық практикалық білімдерін жүзеге асыра білуге икемді болу.
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:
Бейорганикалық химия.
Органикалық молекулалардың функционалды туындылары.
Химиялық кинетика және электрохимия
Химиялық термодинамика және ерітінділердегі тепе-теңдік.
Химиялық сандық талдау
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:
1. Стереохимия
2. Экологиялық химия
3. Талдаудың химиялық әдістері
2 Дәрістерге арналған нұсқаулар
1. Тақырып Кіріспе. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Макромолекулалар және олардың ерітінділердегі қасиеттері.
Макромолекула жайлы негізгі түсінік. Полимерлер класстфикациясының химиялық құрылымына, алыну жолдарына, пайда болуына тәуелділігі. Гомотізбекті және гетеротізбекті полимерлер. Макромолекуланың конформоциялық изомериясы. Макромолекулалардың ерітінділердегі тәртібі. Ионданушы макромолекулалар.
2. Тақырып Полимерлердің құрылымы мен физика механикалық қасиеттері. Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері. Шыны тәрізді күй. Тұтқыр – аққышты күй. Кристалдық полимерлер және олардың физика – механикалық қасиеттері.
3. Тақырып Полимерлер синтезі. Полимерлеу. Ионды полимерлеу және сополимерлеу. Аниондық полимерлеу. Поликонденсация.
4. Тақырып Полимерлерді химиялық түрлендіру. Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін жоғарылататан және төмендететін реакциялар. Полимерлі тізбектердің химиялық және физикалық әсерлерден бұзылу деструктурасы. Деполимерлену. Полимерлерді тұрақтандыру принциптері.
5. Тақырып Синтетикалық полимерлердің негізгі өкілдері. Карбогомотізбекті полимерлердің маңызды өкілдері, қысқаша сипаттамалары, қолданылуы. Карбогетеротізбекті полимерлердің маңызды өкілдері, қысқаша сипаттамалары, қолданылуы. Полисиликаттар.
3 Практикалық сабақтарға арналған сұрақтар
1) 1. Тақырып Кіріспе. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Макромолекулалар және олардың ерітінділердегі қасиеттері.
Полимерлер класстфикациясының химиялық құрылымына, алыну жолдарына, пайда болуына тәуелділігі. Гомотізбекті және гетеротізбекті полимерлер. Макромолекуланың конформоциялық изомериясы.
2) 2. Тақырып Полимерлердің құрылымы мен физика механикалық қасиеттері. Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері. Шыны тәрізді күй.
3) 3. Тақырып Полимерлер синтезі. Полимерлеу. Ионды полимерлеу және сополимерлеу. Аниондық полимерлеу. Поликонденсация.
4) 4. Тақырып Полимерлерді химиялық түрлендіру. Полимерлі тізбектердің химиялық және физикалық әсерлерден бұзылу деструктурасы. Деполимерлену.
5) 5. Тақырып Синтетикалық полимерлердің негізгі өкілдері. Карбогомотізбекті полимерлердің маңызды өкілдері, қысқаша сипаттамалары, қолданылуы. Карбогетеротізбекті полимерлердің маңызды өкілдері, қысқаша сипаттамалары, қолданылуы. Полисиликаттар.
4 Лабораториялық сабақтарды қорғауға арналған сұрақтар
1 жұмыс
1 Жоғары молеклалық қосылыстардағы тепе-теңдіктің қандай ерекшеліктері бар? Қандай процесті ісіну дейді?
2 Ісінуге қандай факторлар және қалай әсер етеді? Берілген лабораториялық жұмыста қандай факторлардың әсерін зерттейді?
3 Ісіну дәрежесін қалай анықтайды? Эксперименттің негізгі этаптарын атаңыз.
4 Изоэлектрлік нүкте дегеніміз не? Изоэлектрлік күйдегі ақуыз макромолекуласының схемалық формуласын келтіріңіз. Изоэлектрлік күйде ақуыздың қандай қасиеттері күрт өзгереді?
5 Изоэлектрлік нүктені анықтаудың тура және жанама әдістерін атап, түсіндіріңіз. Лабоарториялық жұмыста желатинаның изоэлектрлік нүктесі қандай әдіспен анықталды?
6 Қандай еріткіштерде – су, спирт немесе толуолда желатина ісініп, ал қайсысында ісінбейтінін түсіндіріңіз.
7 Коллоидтық қорғаныс неден көрінедіжәне қалай түсіндіріледі?
2 жұмыс
1 Полимерлердің молярлық массасын вискозиметрлік әдіспен анықтаудың мәнісі неде?
2 Полимерлердің молярлық массасын вискозиметрлік әдіспен анықтаудың негізінде қандай теңде 3 0,8 % полимер ерітіндісініңвискозиметрден ағып өту уақыты 53 с., ал еріткіштің ағып өту уақыты 40 с.. Салыстырмалы, келтірілген және өзіндік тұтқырлықтарды есептеңіздер.
4 Келесі берілгендер бойынша молярлықмассаны анықтаңыз:
Негізгі мольдағы ЖМҚконцентрациясы 0,015; 0,025; 0,050.
Келтірілген тұтқырлық …….…….. 1,8; 2,0; 2,5.
Штаудингер теңдеуіндегі константалар: К= 4,21* 10-4, а= 0,67.
3 жұмыс
1 Жоғары молекулалық қосылыстардағы реакциялар сәйкес келетін төменгі молекулалық қосылсыстардағы реакциялардан немен ажыратылады?
2 Полимерлердің реакция жылдамдығына және механизміне қандай эффектілер әсер етеді?
2 Полимерлердің реакцияларында полимерлеу дәрежесі өзгере ме?
3 Молекулааралық және полимерлерге тән реакцияларда полимерлердің құрылысында не өзгереді?
4 Жоғары және бөлме температурасында каучуктерді вулканизациялағанда қандай химиялық химиялық реагенттер қолданылады?
5 Полимерлерден қандай әдістер бойынша блок және тігілген сополимерлер алуға болады?
6 Деполимеризация және деструкция түсініктері бір бірінен айырмашылығы бар ма?
7 Қандай факторлардың әсерінен полимерлер ескіреді?
8 Құрылымы жағынан қандай полимерлер деструкцияға неғұрлым бейім болып келеді?
9 Егер полимердің құрамында фотохромдық топтар болмаса, полимердік материал фотодеструкцияға ұшырайды ма?
10 Полимерлердің тотықтырғыштық деструкциясы қалай жүреді?
11 Деструкциядан қорғайтын тәсілдер.
4 жұмыс
1 Алынған полимерлердің үлгілері пластмассалардың қандай типіне жатады (термореактивті немесе термопласты)?
2 -СН2- метинді топтардың саны полимерлердің құрылымына
қалай әсер етеді? HCL катализаторымен жаңалакты шәйірдің поликонденсациялану механизмін түсіндіріңіз?
3 Алынған полимердің үлгілері қандай фазалық және физикалық күйде болады?
4 Полимерлеу процесінің поликонденсациялау процесінен негізгі ерекшеліктері қандай?
5 Поликолнденсациялау процесінде мономердің функционалдық топтарының саны полимерлердің құрылысына қалай әсер етеді?
6 Жаңалакты шәйірлердің алудың негізінде поликонденсациялау механизмін түсіндіріңіз?
7 Функционалдық топтардың саны молекулалық массаға қандай әсерін тигізеді?
8 Қандай жағдайларда поликонденсациялау процесімен қатар циклизация процесі жүреді ?
9 Поликонденсациялау процесінің жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
10 Гомо-, гетеро-, сополиконденсациялау процестеріне мысал келтіріңіз.
5 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1. Полимерлер номенклатурасының төменгі молекулалық қосылыстардан ерекшелігі. Рационалды номенклатура және оның кемшіліктері. Табиғи және синтетикалық полимерлер.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,4]
2. Заттардың полимерлі күйдегі ерекшеліктері. Макромолекулалардың конформациялық изомері мен конформациясы. Тізбектің термодинамикалық және кинетикалық иілгіштігі. Полимерлер ерітінділерінің табиғаты. Шеті және шексіз ісіну. Макромолекуланың ерітіндідегі диффузиясы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [2,4,5]
3. Шыны тәрізді кеүй. Тұтқыр-аққыштық күй. Кристалдық полимерлер және олардың қасиеттері мен сипаттамалары.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4]
4. Полимерлену. Иондық және аниондық полимерлену. Поликонденсация.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4,5]
5. Термототығу және фотохимиялық деструкция. Полимепрлерді тұрақтандыру принциптері. Синтетикалық полимерлердің негізгі өкілдері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,5]
Достарыңызбен бөлісу: |