НұсқаУлар (практикалық дағдыларды игеру) Мамандық: «Жалпы медицина» Пән: «Жедел және шұғыл медициналық көмек»­


Медициналық құралдардың және жабдықтардың тізімі



бет23/28
Дата26.01.2022
өлшемі296,11 Kb.
#115092
түріНұсқаулар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Мет.реком. к практ. навыкам

Медициналық құралдардың және жабдықтардың тізімі

Медициналық құралдың немесе жабдықтың атауы

Сипаттамасы


Саны

S500\S500. 10-босанулардың механикалық жүйесі




1

Стерильді перчаткалардың комплекті




3 - 5

Нәрестелер үшін жаялықтар, бас киімдер, шұлықтар комплекті




1

Босануды қабылдау үшін стерильді медициналық құрал-саймандар комплекті (кіндік үшін қысқыштар, кіндікті кесетін қайшы)



1


Бала жолдасы шыққаннан кейінгі және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан жоғалтуду еептеу үшін лоток



2


Қуық катетері

Бір реттік

1

Шприцтер

2 мл

1

Окситоцин

5 Б

  1. ампула


5. Дағдыны орындау алгоритмі.

1. Клиникалық жағдайды бағалау және ауруханадан тыс босануды жүргізу немесе перзентханаға тасымалдау керектігі туралы мәселені шешу: ауруханадан тыс босануды ұрықтың басы жатыр мойынын жарып шығу сәтінен бастайды.



2. Босануға дайындау: өкпек желді болдырмау, температуралық тәртіп (25 градус) тәртібін сақтау жағдайын жасау, 2-ден кем емес таза үтіктелген жылы жаялық , нәрестеге құлақшын және шұлық дайындау, дәрігердің қолдарын өңдеп және дайындау, гипотониялық қансыраудың алдын алу үшін 10 Б окситоцинмен шприц дайындау. Босанатын әйелге өзіне ыңғайлы жай алуға көмектесу. Жүкті әйелге өзінің ықыласымен күшену керектігін түсіндіру керек.

3. Босануды қабылдауға кірісу алдында ұрықтың жағдайын ЖСЖ бойынша анықтайды. Ұрық ЖСЖ әр күшенуден кейін бақылайды.

4. Басы туғанда бұтаралықты қорғау шараларын қолданбайды. Бұтаралықты ұрық басынан алуды, оның басына қол тигізбей тек айқын жазылғанда ғана қолданады. Басы туғаннан кейін күшену күшіне сай бетін анасының санына қарай орныққан орынынан қарсы жаққа сыртқы бетбұрыс жасайды. Бұл кезде саналы сүйемелдеу және мадақтау түрінде тек босанатын әйелмен жанасу жеткілікті.

5. Басты бұрғаннан кейін алдыңғы иығы туады, содан кейін артқы иық туады. Иықтары туғаннан кейін нәрестенің кеуде клеткасын абайлап ұстап қабылдайды, денесінің төменгі бөлігі қиындықсыз туады, баланы бірден анасының ішіне қойып, ылғалды жаялықты құрғаққа ауыстырып оны құрғатады, Апгар шкаласы бойынша баланың жағдайын бағалайды, гипотермияның алдын алу үшін құлақшын және шұлық кигізеді.

6. Бала туғаннан кейін көмекші (акушерка, фельдшер) бірден 10 Б окситоцинді (ол болса) б/е егеді және бала жолдасы кезеңінде қан жоғалтуды өлшеу үшін лоток қояды.

7. Баланы алғашқы минуттың соңында анасынан айырады, ол үшін кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта қысқыш салып6 одан 1,5–2 см сыртқа қарай екінші қысқыш салады. Қысқыштар арасындағы кіндікті йодтың 5%-дық ерітіндісімен өңдейді де стерильді қайшымен кеседі. Баланы анасының төсіне салып одеяломен немесе қосымша жаялықпен жабады.

8. Баланы анасынан ажыратқаннан кейін плацентаның бөлінгенін көрсететін белгілерді бақылау керек. Плацента бөлінуінің ең болмаса 2 белгісі болса әйелдің күшенуін сұрайды және бала жолдасы туады. Плацента жыныс саңлауынан пайда болғанда оның тууы аяқталуы үшін плацента екі қолмен ұстайды және мұқият бұрып ұрық қабығын бұрап жәйлап төмен қарай тартады. Плацентаның тұтастығын мұқият қарайды және босанған әйелмен және баламен бірге перзентханаға тасымалдау үшін қапшыққа салады. Плацента туғаннан кейін жатырды сыртынан массаж жасап, жалпы қан жоғалту бағаланады.


6. Бағалау: Студенттің дағдыларды қаншалықты игергенін бағалау үшін, дағдылар бойынша әр қадамы 0-0,5 баллдар аралығында бағаланады да бағалау парағына жазылады (№1 қосымша) және барлық қадамдары бойынша жалпы балл шығарылады. Студенттің қорытынды баллы көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағалау межелігіндегі (шкаласындағы) бағаға сәйкес шығарылады. соответствии с оценкой в оценочной шкале.


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Бағаның цифрлық эквиваленті

Бағаның % мөлшері

Дәстүрлік жүйе бойынша бағасы

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

Қосымша №1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет