2.5. Әдістемелік материалдар аннотациясының құрылымы Оқу бағдарламасындағы көрнекті дидактикалық материалдар төмендегі тәртіппен рәсімделуі қажет.
Оқу бағдарламасында әдістемелік материалдар жай тізім түрінде беріледі:
Материалдың атауы;
Материалдың түрі;
Оқу бағдарламасының тақырыбы, бөлім номері және атауы.
2. Әдістемелік материалдар аннотациясы әдістемелік материалдың атауы мен түрін айқындап қана қоймайды, сондай-ақ оны оқыту үдерісінде қолдану әдістемесін де көрсетеді. Аннотация құрылымдық мәтін (егер материал көп болса) немесе кесте (егер мәтін көп болса және үнемі толықтырылып отырса) түрінде рәсімделеді. Аннотация құрылымы және рәсімделу үлгісі қосымшада берілген. (Қосымша В)