Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған



бет23/29
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#27375
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Бағдарлама мазмұны (бағдарламаның үшінші бөлімі)
Бағдарлама мазмұны – бұл бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптарды қысқаша баяндау. Тақырып мазмұны тақырыптық оқу жоспарында берілуі бойынша сол ретпен беріледі. Тақырыптық оқу жоспарында көрсетілген тақырып басқа да сұрақтармен, әсіресеі теориялық жағы басым болып, мұнда толығымен көрсетіледі. Мұндай толық көрсетілуі практикалық бөліміне де тән. Егер тақырыпта саяхат жоспарланған болса, онда саяхаттың қайда өтетіні және мүмкіндігінше оның мазмұны көрсетіледі.
Тақырыпты баяндау төмендегідей:

  • тақырып атауын көрсету;

  • берілген тақырып аясында айтылған негізгі мәселелерді атап шығу;

  • оқыту үдерісін ұйысдастыру түрі қандай екенін көрсету (теориялық, практикалық).

Сабаққа бір жылдан астам қатысып жүрген балалар үшін реферат, баяндама, жоба және өз бетінше жұмыстың басқа да түрлерін (мүмкін зерттеу жұмысы) ойластыру қажет, олар бағдарламаның жеке бөлімін құрауы да мүмкін.
Бағдарлама мазмұнын талқылауға шығаратын сұрақтар түрінде баяндауға болады. Баяндау атау септігі түрінде беріледі.
Бағдарлама мазмұны ғылым, мәдениет жетістіктеріне сүйенеді және балалардың жасы мен даму дәрежесі ескеріледі.
Оқу бағдарламаларының мазмұны келесі міндеттермен сәйкес болуы тиіс:

  • негізгі білімдегі кез келген әрекет түрін теңестіру;

  • оңтайлы оқу ортасын қамтамасыз ету («табыс сәті» және дамыта оқыту);

  • жеке білім беру жолын таңдауға ықпал ету.

Бағдарлама мазмұны келесі бағыттарды көрсетуі тиіс:

  • балалардың жеке дамуына көмек көрсету;

  • балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу;

  • таным мен шығармашылыққа ұмтылыс жасау;

  • шығармашылық белсенділікті қолдау;

  • өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;

  • білім берудің әр түрлі түрлерінің мазмұнында сабақтастықты қамтамасыз ету.

Бірінші тақырып – кіріспе сабақ, бағдарламаға кіріспе, ол – ұжыммен танысу, техника қауіпсіздігін сақтау, жылдық жұмыс жоспарын талқылау, пән тарихымен танысу.
Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету (бағдарламаның төртінші бөлімі)
1. Әрбір бөлім бойынша жоспарланған балалармен жұмыстың негізгі тәсілдері мен түрлерін қысқаша сипаттау. Ол балаларға мүмкіндігінше өзінің белсенділігін, өнертапқыштығын көрсетуге жағдай тудырады, олардың әсерлі қабылдауын дамытады.
Сабақ өткізудің негізгі түрлері төмендегідей:

  • дәріс;

  • әңгіме;

  • кездесу;

  • пікірталас;

  • саяхат;

  • ойын;

  • мереке;

  • викторина;

  • көрме;

  • концерт және т.б.

  1. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі әдістерін сипаттау

    • Автордың көзқарасы бойынша, балалардың материалды саналы түрде және терең ұғынуын, олардың шығармашылық жұмысында тәрбиелейтін және дамытатын дағдысын, бақылаған, жерттеу жүргізген материалдарын тіркеу және жинақтау дағдысын қамтамасыз ететін негізгі әдістерді қысқаша сипаттау.

  2. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті құралдарды қысқаша сипаттау

  • Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті құралдар (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б.).

  1. Білім мен дағдыға қойылатын талаптар, олардың бағалау өлшемдері

  • Болжанған нәтижелер және оларды бағалау өлшемдері (білім алушылар нені біледі және үй»ренеді, бірлестік бейіні бойынша олар өз сабақтарын қайда жалғастыра алады, сабақ нәтижесінде балаларда қандай жеке тқлғалық қасиет дамиды және ол қалай анықталады).

Білім бағдарламаның баптарына сәйкес анықталады, ал дағды практикалық сабақ блогына сәйкес айқын болады.
Күтілетін нәтиже төмендегілерді болжайды:

  • Қабілетті дамыту;

  • Қоғамға бейімделу көрсеткішін жақсатру;

  • Көрмеге, концертке, конференцияға қатысуда, мақала жариялауда және т.б. өзін көрсете алу.

Күтілетін нәтижелерді анықтау үшін балалардың қандай болып келгенін (ең алғашқы бақылау) және қандай болып шыққанын (қорытынды бақылау) білу қажет.
Бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:

  • әңгімелесу;

  • сынақ, сынақ парағы;

  • бағдарлама бойынша сұрақтар;

  • реферат;

  • жұмысты қорғау;

  • нормативті орындау;

  • бақылау жұмысы;

  • сайыстарға, көрмелерге қатысу;

  • викторина;

  • ашық сабақ.

Бақылау бағдарлама бойынша оқыту тиімділігін анықтауға, нәтижелерді талқылауға, оқыту үдерісіне өзгерістер ендіруге мүмкіндік береді. Бақылау балаларға, ата-аналарға, педагогтарға өз еңбегінің нәтижелерін көруге мүмкіндік береді, ол ұжымда жақсы психологиялық ахуал тудырады.
Одан басқа бағдарламаны сертификаттау нұсқасын (курстың аяқталуы бойынша берілген куәлік, диплом) ойластырған жөн.
Әдебиеттер тізімі
Бағдарламаның осы бөліміне келетін болсақ, мұнда екі тізім болады. Авторы, атауы, баспасы және басылып шыққан жылы кәрсетілген пайдаланған және ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  • педагог осы бағдарламаны дайындау және оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін пайдаланған әдебиеттер;

  • балалар мен ата-аналар үшін осы бағдарлама бойынша ұсынылған әдебиеттер.

Бағдарламаға қосымша
Бұл бөлімге техника қауіпсіздігін сақтау ережесі, сынақ тапсыруға арналған нормативтер, анықтамалық таблицалар, тесттер және т.б. енгізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет