Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
Ашық сабақ
Сан есім (қазақ тілі пәні бойынша)
3 «В» класс
Өткізген Рышова Ж.Ч.
2013ж
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың білімділігі: Сан есім және олардың түрлері,сұрақтармен таныстыру. Дамытушылығы:Сөйлем ішіндегі сан есімді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету. Сөз таптарын ажырата білуін, мәнін терең ұғына отырып, ианым белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұжымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа, салауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызба.
Сабақтыңтақарыбы:1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап,күлеміз,
Бірге оқып сабақты,
Міне, біздер қандаймыз!
3.Үй тапсырмасын тексеру.
74-жаттығу.25 бет.
4. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін өтетін жаңа сабағымызды ертегі айтудан бастағым келіп тұр. Бұрынғы ерте заманда сөз таптары атты қария болған екен. Оның бірнеше балдары болыпты. Оның ұлдарының мінезі бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі және қасиеттері де әр түрлі екен.
Зат есім заттың атын білдірсе, Етістік қимылды, Сын есім заттың түр-түсін, санын білдірсе керек. Ал Сан есім атты ұлы заттың санын, ретін, мөлшерін білдіріп неше? Қанша? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім
(мағынасына қарай)
Етістік сан есім Реттік сан есім
( Қанша? Неше?) (нешінші?)
Заттың нақты санын білдіреді. Заттардың реттік санын білдіреді.
Мыс:бес,екі,үш. Мыс:бесінші,екінші.
Сан есім (құрамына қарай)
Дара сан есім Күрделі сан есім
Бір түбірден құралған Екі,я одан да көп
негізгі және туынды түбірдің тіркесуінен
сан есім. немесе қосарлануынан
Мыс:жүз,сегізінші, жасалған сан есім.
Ондаған,т.б. Мыс:он сегіз,жүз екі,т.б.
Бір күні сөз табының ұлдары Зат есім,Сын есім,Етістік және Сан есім орманға серуенге шығады.Сол сәтте қатты жаңбыр жауып Сан есім адасып қалады.Жаңбыр басылған соң, аспан әлемінде жер бетін жеті түрлі түске боялған кемпірқосақ пайда болады.Сан есім кемпірқосақтан көмек сұрайды. Ал кемпірқосақ менің жеті түсімнің мағынасын тауып, тапсырмаларымды орындасан саған көмектесемін деген екне.
-Ал,балалар, Сан есімге көмекке келейік,кемпірқосақтың тапсырмаларын орындайық.
Түс.1-тапсырма:Оқулықпен жұмыс.
Сары түс:77-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.(ауызша)
Сан есімдерді тап,оларға сұрақ қой.
Сан есім қандай заттардың санын білдіріп тұр.
2-тапсырма:
Қызыл түс:78-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Көк түс:жұмбақтың шешуін тап.
3-тапсырма.79-жаттығу.
Қос мүйізді төрт сирақты.
Сыйлайды балдай ақ бұлақты
(Сиыр)
Жасыл түс.
4-тапсырма: «Кім тез ойнайды ?» ойыны.
Саны бар сөздердің шешуін тез тауып,екі-үш сөйлем құрастыр.
К+3+ІК=күшік. Дер+5=дербес
8+көз=сегізкөз. Жел+90=желтоқсан.
Тү+1=түбір. 6+бақан=алтыбақан.
9+құмалақ=тоғызқұмалақ.
Сергіту сәті «Үн қатпа» ойыны.(отырды,тұрды,қол соқты,айналды,биледі.)
5-тапсырма.82-жаттығу.
Көгілдір түс:Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, Нешінші?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, Нешеу? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтап, өз көлшігіне түсір
1 топ 2 топ 3 топ
Қанша? Нешінші? Нешеу?
Неше?
6-тапсырма.Семантикалық картамен жұмыс.
Сарғылт түс.
Сөз таптары
Сөздер
|
Зат есім
|
Етістік
|
Сын есім
|
Сан есім
|
Айгүл,дәптер,оқулық.
|
+
|
|
|
|
Төрт,бес,жүз.
|
|
|
|
+
|
Жүгір,секір,ойна.
|
|
+
|
|
|
Қызыл,қызық,биік.
|
|
|
+
|
|
7-тапсырма:Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Күлгін түс.
Міне балалар,сендер кемпрқосақтың тапсырмаларын орындау арқылы Сан есімге көмектестіңіздер.
Қорытынды:
Үйге тапсырма 8 жаттығу
Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |