Тақырыбы: Қоршаған орта
Мақсаты:
- қоршаған ортаға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мән –мағынасын түсіну, ұғыну. Қазақ тіліндегі жалғау түрлерін дұрыс қолдана отырып, қоршаған орта туралы өз сөздерімен жеткізе білу;
- білім алушының бойындағы қоршаған ортаға, табиғатқа деген ізгілік қасиеттерін өзінің туған жеріне деген құрмет арқылы өз Отанына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,
- қоршаған орта туралы өз ойларын көпшілік алдында айта білу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өз ара жұмыс істеу біліктіліктерін, қазақ тілінде сауатты білулерін дамыту;
Оқушының іс -әрекеті: топтық, жүптық жұмыстарда өзінің белсенділігін көрсету, жекеше жұмыс жүргізуге дағдыландыру;
Мұғалімнің іс -әрекеті: Оқушының іс -әрекетін ұйымдастыру, сабақ үрдісі кезінде білім алушыға ақыл –кеңес беріп, тақырыпты меңгеру кезінде көмек көрсету, түсіндіру;
Ұйымдастыру кезеңі:
Тіл кеңістігін қалыптастыруға арналған сұрақтар:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Далада ауа райы қандай?
Қоршаған ортада қандай өзгерістер болып жатыр ?
Сендерге осы жыл мезгілі ұнай ма?
Бүгін ауа райы қандай болып тұр?
Үй тапсырмасы: Балалар, мен сендерге өткен сабақта үйде қоршаған ортаға қатысты әр қайсыңа 2жұмбақтан жазып, соған байланысты суреттерді қоса жасап әкелуді тапсырған болатынмын. Кәнеки, сол тапсырманы қалай орындадыңдар? Үй тапсырмасын тексергеннен кейін мен сендермен қоршаған орта туралы толық әңгімелесе отырып, біраз жұмыс түрлерін орындаймыз. Сабақ барысында қазақ тілінде сөйлесеміз, мәтінді оқимыз және сол бойынша түсінгенімізді қағаз бетіне түсіреміз. Сонымен қатар бүгін біз топ- топ болып жұмыс жасаймыз: 1- топ –көк жұлдызша,2-топ- сары жұлдызша, 3 –топ – жасыл жұлдызша
(әр оқушыдан үй тапсырмасын тексере отырып, олардың салған суреттері бойынша сұрақтар қойылады)
Жаңа тақырып : Қоршаған орта
Енді, балалар, біз ойын ойнайық. Ойынның аты «Кім көп біледі?»
1-топ «Жануарлар» тақырыбына қатысты сөздер жазады
2- топ «Сулар» тақырыбына қатысты сөздер жазады
3 –топ «Өсімдіктер» тақырыбына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
(Тақтада арнайы дайындалған қағазға балалар өздерінің сөздерін жазады )
Табиғат бірлестігі бойынша сұрақтар
Енді, балалар, біз осы тақырыптардың ішінен көлдерге қатысты «Балқаш көлі» деген тақырыпта мәтінмен жұмыс жасаймыз:
мәнерлеп оқу;
мәтін бойынша сөздік жұмысы
мәтін бойынша сұрақтар құру, сол бойынша өз ара сөйлесу;
Енді, балалар, біз георгафия сабағын еске түсірейік:......
Келесі жұмысымыз біздің үш топ жиналып саяхатқа шығамыз:
«Балқаш көліне саяхат»
Саяхатқа бару үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек:
Тақтада берілген етістіктерді етістіктің өткен шағы бойынша жіктейміз: ол әр топқа жеке –жеке тапсырма беріледі, яғни осы етістіктерді жекеше және көпше түрде өткен шақ бойынша жіктейміз.
Жайғас – распологайся
Шомыл –купайся
Ойна –играй
Демал – отдыхай;
Жина –убирай
Тазала – почисти
Етістіктің өткен шағы: жекеше түрі
І –жақ мен жайғастым, шомылдым, ойнадым, демалдым, жинадым, тазаладым
ІІ- жақ сен жайғастың, шомылдың, ойнадың, демалдың, жинадың, тазаладың
ІІ –жақ сыпайы түрі:
Сіз жайғастыңыз, шомылдыңыз, ойнадыңыз, демалдыңыз, жинадыңыз, тазаладыңыз
ІІІ-жақ ол жайғасты, шомылды, ойнады, демалды, жинады, тазалады
Көпше түрі:
І –жақ біз жайғастық, шомылдық, ойнадық, демалдық, жинадық, тазаладық
ІІ –жақ сендер жайғастыңдар, шомылдыңдар, ойнадыңдар, демалдыңдар, жинадыңдар, тазаладыңдар
ІІ – жақ, сыпайы түрі:
Сіздер жайғастыңыздар, шомылдыңыздар, ойнадыңыздар, демалдыңыздар, жинадыңыздар, тазаладыңыздар
ІІІ-жақ олар жайғасты, шомылды, ойнады, демалды, жинады, тазалады.
М: Тапсырманы орындадық.
Енді біз көлге немен барамыз?
Көлге автобуспен барамыз
Қайда жайғастыңдар?
Жағада жайғастық
Неде шомылдыңдар?
Көлде шомылдық
Немен ойнадыңдар?
Доппен ойнадық
Ненің ішінде демалдыңдар?
Шатырдың ішінде демалдық
Нені жинадыңдар?
Қоқысты жинадық
Қай жерді қоқыстан тазарттыңдар?
Жағаны қоқыстан жинадық
Мұғалім:
Балалар, біз жақсылап жайғастық, шомылдық, енді аз да болса демалыс болсын, бәріміз жиналып мына сөзтізбекті шешейік:
( әр топқа сұрақтар жазылған конверт таратылады, сол бойынша білім алушылар тақтада ілулі тұрған сөзтізбектің өздеріне тиісті сұрақтың жауабын торкөздерге жазады)
Өзара сұқбат сәті:
Сәлеметсіз бе, мен «Ваша газета» газетінің тілшісімін, аты –жөнім Виктор Корепанов. Сізге Балқаш көлі туралы сұрақ қойғым келеді. Здравствуйте, я корреспондент газеты «Ваша газета». Я Вам хотел задать вопросы об озеро Балхаш.
Здравствуйте, меня зовут Денис Ухарев. Я Вас слушаю. Сәлеметсіз бе, менің аты –жөнім Денис Ухарев. Мен сізді тыңдап тұрмын.
Сіз қайдан келдіңіз? ( Вы откуда приехали?)
Мен Ресейдің Омбы қаласынан келдім. Я приехал из России, из города Омска
Сізге Балқаш көлі ұнады ма? Вам понравилось озеро Балхаш?
Иә, өте ұнады. Да, очень понравилось
Сізге қандай орындар ұнады? Вам какие места понравились?
Маған Балқаш көлі, қаласы және адамдары ұнады. Мне понравились озеро Балхаш, город и люди.
Әңгімеңізге көп рахмет, жақсы демалыңыз. Спасибо Вам за вашу беседу, желаю хорошего отдыха!
Сізге де рахмет! И вам спасибо!
Сабақтың соңы: үйге тапсырма; бағалау
Тақырыбы: Түркістан
Мақсаты: Білімінің, оның ішінде бірнеше тілді білудің өзектілігін түсіндіруге, оқушының санасына жеткізуге жағдай туғызу;
Міндеттері:
а/ дамыту: Көп тіл білу және сабақта оларды тиімді қолдану қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу;
ә/ оқыту: Оқушының коммуникативтік әрекеттерін пысықтап, бағыт беріп отыру;
б/ тәрбиелік: Қазақстан азаматының негізгі міндетінің бірі – мемлекеттік тілді жетік білу екенін оқушының санасына жеткізе білу
Оқушының іс -әрекеті: Топтық, жұптық жұмыстарда өзінің белсенділігін көрсету, жекеше жұмыс жүргізуге дағдылану;
Мұғалімнің –іс -әрекеті: Оқушының іс -әрекетін ұйымдастыру, сабақ үрдісі кезінде оқушыға кеңес беріп, тақырыпты меңгеру кезінде көмек көрсету, түсіндіру;
Ұйымдастыру кезеңі:
Тіл кеңістігін қалыптастыруға арналаған сұрақтар тобы:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа райы қандай болады?
Саған осы жыл мезгілі ұнай ма?
Қоршаған ортада қандай өзгерістер болып жатыр?
Жаңа тақырып: Ұлылар елі
Кіріспе: Балалар, бүгін біз сендермен қазақ халқының Түркістан туралы әңгімелесеміз. Оның тарихи дамуы мен мәдениеті туралы білуге тырысамыз. Сонымен ол туралы қазақ тілінде айта отырып, ол туралы сауатты жазуды үйренеміз.
1.Тыңдаңыз, оқыңыз: Ол кім? Бұл не?
(Тақтада Түркістан туралы суреттер ілініп, балаларға Түркістан туралы кітап көрсетіледі )
Түркістан
Қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл қаланың орнында IV –X ғасырларда Шағбар деген үлкен қала болған.
ІХ – Х ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса (Йасы) деп аталды. ХV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йассауи кесенесі бар.
Сөздік жұмысы:
Көне – древний
Орналасқан – расположен.
Ғасыр –век
Кесене – мавзолей
Ерекше – особенно.
2. Назар аударамыз!(Таблица)
ПЫСЫҚТАУЫШ
Қашан?
Қашаннан бері?
Қай кезде
Қайда?
Қалай қарай?
Қайдан?
Қай жерге шейін?
Кім үшін?
Не үшін?
Не мақсатпен?
Неліктен?
Неге?
Не үшін?
Не себепті?
Мәнерлеп оқимыз: оқулық бойынша жұмыс
- 65 беттегі 4.4. мәтінді мәнерлеп оқу.
- жоспармен жұмыс.
«Түркістанға саяхат» - ойын
немен барасың?
неше күнге барасың?
ол қалада не бар?
Үйге тапсырма: 67 бет, 4.4.6 тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |