Білім берудегі бүгінгі жағдай оқу бағдарламаларының әр түрлі болуын талап етеді. Бағдарлама – білім алушылардың білім деңгейін айтарлықтай жетістікке жетелейтін және педагогтың кәсіби мәдениетін жетілдіруге даяр екенінің көрсеткіші.
Ең алдымен, бағдарлама – бей-берекетсіздікке, формализмге қарсы күрес құралы. Бағдарлама әзірлеу педагогты өз қызметінің, өзінің педагогикалық ұсыныстарының мәнін ойлануға итермелейді.
Бағдарлама (грек тілінде «өкім») – бұл бірыңғай мақсатқа жетуге бағытталған және нақты мерзімге бағдарланған, іс-әрекетті жоспарды түрде жүзеге асыруды көздейтін нормативті модель, құжат.
«Оқу бағдарламасы» түсінігі жалпыға таныс, бірақ оның мазмұндық толығуы шексіз әрқилығымен ерекшеленеді.
Оқу бағдарламасы туралы сөз болғанда, аталған құжатта мақсат, тақырыптың және оқу жоспары, оларды жүзеге асыру құралдары мен әдістері, нақты білім мекемесі жағдайында нәтижелерді бағалау өлшемі мұқият түрде тіркелетініне ерекше назар аударылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 13-бабына сәйкес оқу бағдарламасы білім мазмұнын анықтайды.
Аталған Заңның 14-бабында оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
қосымша болып бөлінеді
Үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық жалпы білім беретін оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Осы Заңның 23-бабына сәйкес қосымша білім беретін оқу бағдарламалары төмеңдегідей анықталады:
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың және тәрбиеленушідердің білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру оқу бағдарламалары болып бөлінеді;
Мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Сонымен, бағдарлама – бұл қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген ереже, әрекет, мақсат, іс-шаралар кешенін белгілейтін кешен. Басқа сөзбен айтқанда, бұл – бағдарламалау үдерісінің нәтижесі.
Бағдарламалау – білім берудің, оны қалыптастырудың стратегиясы мен тактикасын ғылыми негізде анықтау, олардың нақты тарихи жағдайда алыс және жақын арада дамуын болжау үдерісі.
Бағдарламалау тек педагогке ғана емес, бүкіл шығармашылық бірлестіктің іс-әрекетіне қатысты болғандықтан, бағдарлама барлық қатысушыларға олардың бірлескен жұмысына түсінікпен қарауға, олардан қандай нәтиже күтілетінің сезінуге және іске бірігіп жұмылуға көмегін тигізеді.
Оқу тобының немесе балалар ұжымының оқу бағдарламасы – қойылған мақсаты іс-әрекетке сәйкес педагогикалық тұжырымдаманы анықтайтын құжат, онда мақсатқа жетудің шарты, әдістері, технологиялары, сондай-ақ болжанған соңғы нәтиже көрсетіледі; негізделген мақсатқа және білім мазмұнына сәйкес білім беру үдерісін ақпараттық, технологиялық және ресурстық жағынан қамтамасыз ететін, ұйымның құрылымын, жүзеге асыратын ретін анықтайтын құжат.
Жаңа буынның қосымша білім беру бағдарламаларының күрделілігі әр түрлі деңгейді құрайды және педагогке балалармен немесе жеке баламен қажетті жұмыс нұсқасын табуға мүмкіндік береді. Олар қолжетімділігімен, яғни кеңейтуге, нақты педагогикалық міндеттерге сай айтарлықтай өзгертуге келеді, мазмұнымен, әр түрлігігмен, қолдануда икемділігімен ерекшеленеді. Олардың негізінде әлеуметтік мәдени ерекшеліктерге, нақты ұйымның тәртібі мен жағдайына, білім алушылардың әр түрлі топтарының, олардың ата-аналары мен педагогтердің мүдделеріне және мүмкіндіктеріне жауап беретін жұмысты жүргізуге болады.
Қосымша білім беру үшін іске асырылатын бағдарламалардың, шамамен, 80% тәжірибеге бағытталған.
Қосымша білім беру бағдарламалары – іс-әрекет мазмұнының, осы ұйымның педагогикалық ұйымдасчтыру үдерісінің ерекшелігі сипатталатын нормативтік-басқару құжаты. Тек педагогтың ғана емес, бүкіл шығармашылық ұжым әрекетіне қатыстылығын ескерсек, бағдарлама барлық қатысушыларға олардың бірлескен жұмысының мақсатын, олардан нені күтетіні ұғынуға және іске бірігіп жұмылуға көмегін тигізеді.