Балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар үлгісі
Кез келген оқу бағдарламалары оны жобалаушы педагогтың өзіне алған міндеттерін айқындайды. Оқу бағдарламаларын дайындаудағы жеке тәсілдерге қарамастан, аталған бағдарламаларды дұрыс құрастыру және рәсімдеуде айқын талаптар қойылады.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары нормативтік-құқықтық базаға сәйкес әзірленеді және педагог пен білім алушылардың қызметін бағыттайтын нормативтік құжат болып табылады, оқу-әдістемелік құралдар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу үшін негіз болады.
Білім беру жүйесін модернизациялау аясында қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында төмендегілер ескерілуі қажет:
Қосымша білім беру мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қазіргі сұраныстарға жаңарту.
Білім беру деңгейінің сабақтастығын ескере, білімнің терең және қолданбалы сипатын сақтай отырып, дәстүрлі мазмұнды сақтаумен қатар тең көлемде жаңалықтар енгізу арқылы қосымша білім беру мазмұнын қайта қарау және нақты жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламаларының білім алушылардың психофизиологиялық даму заңдылықтарына, жас ерешкеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестігі.
Білім берудің денсаулық сақтай функциясы – білім алушылардың күш-қуат мүмкіндіктері мен психикалық саулығын қамтамасыз ету.
Оқу жылы бойынша қосымша білім беру мазмұнының көлеміне қойылатын спнитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Танымдық, тәжірибелік және шығармашылық қызметтерді қалыптастыруға, қызмет бөлігін күшейтуге бағдарлау.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың танымдық, коммуникативтік, практикалық және шығармашылық қызмет тәсілдерін меңгеруге, қосымша білімге қызметтік сипат беруге бағытталуы тиіс.
Біліктілік әдіст-тәсілдерге бағдарлау, демек, білім алушылардың меңгерген білімдері мен дағдыларын нақты өмірде практикалық түрде пайдалана білу қабілеттерін қалыптастыру.
Біліктілік әдіс-тәсілдері берудің әлемдік тенденциясының біріне айналуына байланысты, сондай-ақ білім беру сапасы мен тиімділігінің өлшемі ретінде бүгінде өзекті болып отыр. Осыған байланысты қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылырдың төмендегілерді меңгеруіне бағыттау қажет:
практикалық міндеттерді анықтап тану;
оларды қалыптастыру;
проблемаларды міндет форматына аудару;
оларды меңгерген білімдерімен пайымдау;
талдау және нәтижесін бағалау.
Білім беру мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім беру деңгейіне, сондай-ақ басқа білім беру саласына қатысты тұтас және сабақтас борлуы керекю
Түрлі қабілеттілік беңгейіне қарамастан барлық балалар үшін қосымша білім берудің қолжетімділігі, оның ішінде дарынды және арнайы күтімді қажет ететін балалар бар, сондықтан да білім алу деңгейін сипаттау арқылы оқытудың жеке траекториясын дұрыс жасау балалар үшін жағымды орта қалыптастырады.
Білім алушылардың құзіреті ретінде білім алу жетістіктерінің жүйесін түзу соңғы нәтижеге бағытталуы.
Қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын дайындау теориясы мен пркатикасы оларды құрастыру мен рәсімдеуге төмендегідей талаптарды қояды.
Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелеріне, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, педагог қызмет ететін білім ұйымдарының ережелеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсыныстарына сәйкес жасалады.
2. Оқу бағдарламалары мыналар айқындалатын заманауи оқу технологияларын ескере отырып жасалынуы тиіс:
нақты ғылыми принциптер (ізгілендіру, демократияландыру, дифференциациялау және даралау, дамыту, үздіксіз және кешенді);
оқыту принциптері (даралап оқыту, қолжетімділік, сабақтастық, нәтижелелік);
оқыту түрі мен әдістері, дифференциациялап оқыту, сабақтар, сайыстар, жарыстар, саяхат жасау, жорыққа шығу және т.б.);
оқыту үдерісін бақылау және басқару әдістері (тестілеу, сайыстар, жарыстар және т.б. нәтижелерін талдау);
оқыту құралдары (балалардың шығармашылық бірлестігіне қажетті жабдықтар, құралдар мен материалдар тізімі).
3. Оқу бағдарламаларының мазмұнымен келесі міндеттер шешіледі:
негізінен іс-әрекеттің түрі мен бағыттарына мүдделі балалардың білімін теңестіру;
балаларды жағымды эмоциялық ортамен, «табысты жағдаймен» және дамытылған карым-қатынаспен қамтамасыз ету;
білімнің зиялы және ізгілікті сипатын, адами құндылықтың басымдылығын, бала өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын сақтау.
4. Оқу бағдарламаларына мынадай қасиеттер тән болуы тиіс:
өзектілік – осы нормативтік-басқару құжатын неғұрлым қомақты мәселелерді шешуге бағдарлау;
бағдарлау – бағдарламаның келешекке бағыттап жұмыс үстеуіне талап қою, өзінің мақсаты мен іс-әрекетін жоспарлау барысында тек бүгінгі ғана емес, сондай-ақ келешекте болжанатын (жоспарланатын) өзгерістерді, шығармашылық бірлестік жұмысына жаңа талаптарды айқындау (ертеңгі күннің талаптарына, сондай-ақ өзгерістерге сәйкес болу;
сабақтастық – бағдарламаға қойылатын бұл талап шығармашылық бірлестік іс-әрекетінің өткен тәжірибесіне сүйеніп жасалатынын ескереді;
шынайлық – нақты шығармашылық бірлестіктің өзіндік қасиетін, мазмұнының, оның іс-әрекетінің бағытының, түрі мен әдістерін, қойылған мәселені дәстүрлі емес тәсілдермен шешуді айқындайтын бағдарлама сапасы;
тұтастық – бағдарламаның барлық іс-әрекетті бірыңғай жүйеге топтастыру қасиеті:
шығармашылық бірлестік әрекетінің мақсатын алға қоюдан бастап, болжанатын нәтижені баяндауға дейін көрсету. Ағдарлама тұтастығы – бұл оның логикалық бірлігі.
өнертапқыштық – мақсатты анқытау және оны жүзеге асыру жолдары, мүмкіндігінше пайдалы нәтиже алу;
шынайлық – нақты қаржылық, кадрлық, уақытша негіздеулердің болуы;
бақылау – нақты мақсатқа жету үшін алынған нәтижелерді тексеру құралының болуы;
ауытқуды сезіну – бағдарламаның істің бұрын қаралған жағдайдан ауытқуын дер кезінде таба білу.
5. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, бірінші кезекте, балаларды оқыту, тәрьиелеу, дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұны:
әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдени дәстүрлерінің жетістіктеріне, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату міндеттеріне;
оқу бағдарламаларының бағыттарына (ғылыми-техникалық, спорттық-техникалық, көркем-эстеткалық, денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетану, экология-биологиялық, әскери-патриоттық, әлеуметтікөпедагогикалық және т.б.);
оқыту принциптерінде айқындалған заманауи оқыту технологияларына; оқыту түрі мен әдістеріне; оқыту үдерісін бақылау және басқару әдістеріне; оқыту құралдарына сәйкес болуы тиіс.
6. Оқу тобы немесе балалар ұжымына арналған оқу бағдарламалары келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
педагогикалық әрекеттің анық көрсетілген мақсаты және балалар ұжымын дамыту жолдары туралы мәліметтің болуы, яғни оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері, жүзеге асыру кезеңдері, болжанған нәтижелер мен оларға жетудің механихмдері туралы мейлінше толық мәліметтің берілуі;
әрбір баланың шығармашылық дамуы және білім алатын барлық баланың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдай тудыру жөніндегі әрекеттерді үйлестіру;
оқу жылында балалармен жүргізілетін жұмыстың міндеттері, соңғы нәтижелері және оларды бағалау өлшемдерінің айқын көрсетілуі;
балалардың дара мүмкіндкіктерінің, қызығушылығының, материалды қабылдауға даяр болуының, білім және білігінің бағалануының және т.б. өзіндік жүйесінің болуы;
ұжым жұмысының кезеңдерін жоспарлау, аралық нәтижелерді болжау, оларды бағалау өлшемдерін анықтаудың болуы;
ұжым ішінде озара шығармашылық қарым-қатынас қалыптастыруға, балалар мен педагогтер арасында ашық пікірлесуді дамытуға бағытталған арнайы жұмыс ұйымдаструды қарастыру;
әр түрлі дайындықпен келген және дарынды балалармен жұмыста дифференциалды тәсілді жүзеге асыруды көздеу;
ата-аналардың балаларды білім алу және шығармашылық әрекетпен қамтамасыз ету әрі ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарчн жоспарлау;
ұжымның шығармашылық есебі, ашық сабақтар ұйымдастыруды көздеу;
икемді және өзгертулер енгізуге мүмкіндік беру;
әлеуметтік, өзін-өзі мәдени және кәсіби жағынан анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі шығармашылық жағынан жүзеге асыруы, оның әлемдік және отандық мәдениетпен кірігуі үшін жағдай жасау;
балалардың даму деңгейіг анықтайтын мемлекеттік стандарт белгілеген білім сапасын қоғам дамуының заманауи деңгейіне лайық қамтамасыз етуіне кепілдік беру.