НҰСҚаулар шымкент, 2017 ж ф 7-008-03 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет1/12
Дата13.10.2019
өлшемі0,59 Mb.
#49780
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
МУ

Каюмов К.Г., Арыстанбаев К.Е.
Электроника және аналогты құрылғылардың схемотехникасы 2

пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Шымкент, 2017 ж


Ф.4.7-008-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



М.О.ӘУЕЗОВ атындағы оңтүстік-қАЗАқСТАН мемлекеттік УНИВЕРСИТЕТі

«Автоматтандыру, телекоммуникациялау және басқару» кафедрасы


Электроника және аналогты құрылғылардың схемотехникасы 2

пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050719, 050702 мамандықтарында

оқыйтын студенттерге арналған

Шымкент, 2017

УДК 539.3


Каюмов К.Г., Арыстанбаев К.Е Электроника және аналогты құрылғылардың схемотехникасы 2: пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұскаулар оқу жоспардың және осы пәннің бағдарламасының талаптарына сай орындалған – Шымкент: М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2017. - 70с.

Оқу құрал 050719, 050702 мамандықтарында оқыйтын

студенттерге арналған
Қысқаша андатпа: Бұл әдістемелік нұсқауларда «Электроника және аналогты құрылғылардың схемотехникасы 2» пәнінен курстық жұмысты орындауға студенттерге арналған тапсырмалар, нұсқаулар және үлгілі мысалы келтірілген.

Айнымалы ток күшейткішінің функционалдық схемасына сүйене отырып алдыңғы күшейткіштін, жоғарғы жиілікті фильтрдің, төменгі жиілікті фильтрдің күшейту коэффициенттерін есептеп, оларға операциялық күшейткішті таңдап алу.

Пікір жазғандар: Апсеметов А.Т. - т.ғ.к., М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ

АТжБ кафедрасының доценті


Оқу құралы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесінің шешімімен жарыққа шығаруға рұқсат алынған.

Хаттамасы № __ «___» ___________ 2017 ж.

© М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті

КІРІСПЕ

Курстық жұмысты орындау барысында студент электрондық аспаптардың қалай жұмыс істейтінін, интегралдық сұлбалардың құрылымдары мен жұмыс атқару принциптерін, оларды өндірісте кеңінен пайдалану үрдістерін біліп, өмірде кездесетін тәжірибелік мәселелерді бакалавр дәрежесінде шешу мүмкіндіктеріне ие болуы тиіс.



Курстық жұмысты қорғау нәтижесінде студент:

  • электрондық аспаптар мен интегралдық сұлбалардың жіктелуін; электрониканың элементтік базасының жұмыс істеу принциптерін; электрондық аспаптар мен микросұлбалардың негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын; олардың технологиялық жасалу негіздерін білуі қажет;

  • электрондық аспаптар мен микросұлбалардың негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын анықтауды; электрондық аспаптар мен микросұлбалардың негізінде қарапайым электрондық сұлбаларды құра білуі керек;

  • электрондық аспаптар мен микросұлбалардың негізгі сипаттамаларын өлшей білу; нақты пайдалану бағыттарына қажетті элементтік базаны таңдай білуде жеткілікті тәжірибесі болуы тиіс;

  • оптоэлектрондық аспаптар мен интегралдық сұлбалардың соңғы жетістіктерініңфизикалық негіздерін түсініп, микро-, опто- және наноэлектрониканың келешек даму бағыттарына, болашағына түсінік бере білуі тиіс.


Нормативтік сілтемелер


Осы ӘНІ келесі нормативтік кұжаттарды қолдануға сілтемелер жасалган:

КР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлык құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.

МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

МК(ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің Классификаторы (ЭҚТБӨК).

СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарың түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7.11-2008 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді баскару.

1 Жалпы ережелер


1.1 Курстық жоба — оқу жоспарының жекелеген пәндері бойынша студенттердің кешенді өзіндік жұмысы, түсіндірме жазу, жеке болімдер, жзне графикалық материалдар (сызба, схема, диаграмма, кесте және т.б.) тұрады, тақырыпты ашып көрсетеді. Курстық жоба ғылыми зерттеулердің материалдарынаң құралады.

1.2 Курстық жұмыс студенттің өзіндік зерттеулер негізінде ғылыми мәселелерін ашып көрсетеді. МЖМБС талаптарына сәйкес мыналар мазмұндалады: тақырыптардың теориялық негіздемелерін, зерттеулер пәндеріне түрлі козқарастарды салыстыруды жүргізу, зерттеулерді пайдалана отырып материалдарды сауатты ұсыну, қорытындылар, жоспарланған мақсаттарға сәйкестік. Курстық жұмыста материалдар кесте, график түрінде мазмұндалуы мүмкін.

Курстық жобада (жұмыс) сонымен қатар, ұлгілер, макеттер, бағдарламалар болады.

1.3 Курстық жоба студенттің сәйкес пәнді оқудағы қорытынды кезеңі болып табылады және осы білімдерді нақты мақсаттарды орындауда бекіту, тереңдету мен оларды шешуде көмектесуі керек.

Курстық жоба студентке қажетті әдебиеттерді, нормативті құжаттарды, кестелерді, бағдарламаларды, типтік жобаларды қолдана білуіне үйретуі қажет.




2 Курстық жоба (жұмыс) құрылымы

2.1 Курстық жоба (жұмыс) құрылымы түсіндірме жазбасы мен графикалық бөлімнен тұрады. Қосьмша түрде объектілердің үлгілерін ұсынуы мүмкін.

2.1.1 Курстық жобаның (жұмыс) түсіндірме жазбасы келесі құрылымдық элементерден құрылады:


  • титул парағы;

  • тапсырма;

  • аннотация;

  • мазмұны;

  • нормативті сілтемелер;

  • анықтама;

  • белгілер мен қысқартулар;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылган әдебиеттер тізімі;

- қосымша (кесте, схема, бағдарламалык құжаттар).

Түсіндірме жазбасы СГ ҚР 1.5-2004 сәйкес А4 формат парағында рәсімделеді.

Графикалық бөлім курстық жобаның (жұмыс) маңызды бөлім болып табылады. Онын мазмұны пәннің түріне байланысты болады және мыналардан құралуы мүмкін: схмалар, кесте, сызбалар, диаграммалар, алгоритмдер және т.б.. Графикалық бөлімнің көлемін кафедра айқындайды, бірак ол А1 стандарты форматының 2...4 парағы көлеміндей болуы керек.

2.1.2 Мамандарды дайындау бағыттар (мамандау) ерекшеліктері бойынша курстық жұмыстың құрылымдық элементтері: «титулды бет», «тапсырма», «мазмұны», «кіріспе», «аннотация», «негізгі бөлім», «қорытынды», «пайдаланылған қайнар-көздер тізімі» элементтерінен басқа қажеттілік кезінде қосылады және қосыміна элементтер келтірілуі мүмкін.

2.2 Титул парағы

2.2.1 Титул парағы А4 форматында жасалады. Тармақтарды толтыру МЖМБС СТ 2.104 бойынша сызбалық шрифтпен толтырылады Қосымша А, Б сәйкес.

2.2.2 Титул парағы және атауларда созді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Атаулардың соңында нүкте койылмайды.

2.2.3 Егер топтық курстық жобада бір тұсіндірме жазбасы жасалса, онда титулды бетте жобаны орындаушылардың барлығы жазылуы тиіс. Қажетті жағдайларда әрбір қатысушы қатысқан бөліктер түсіндірме жазбасында көрсетіледі.

2.3 Тапсырма

2.3.1 Курстық жоба (жұмыс) такырыптары студенттерге оқу процесінің графигіне сәйкес сабақ басталған уақыттан бастап бірінші аптадан кешіктірілмей беріледі.

2.3.2 Тапсырмада курстық жобаны (жұмыс) орындаудың кафедра айқындаған негізгі бастапқы мәліметтер жазылады.

Тапсырмада мыналар көрсетіледі: жоба жасалатын пән; студент(тер) аты-жөні, оның (олардың) тобы (топтары); жоба (жұмыс) тақырыбы; құрастыру кезеңдері (бөлімдер) және оларды орындау мерзімдері; жобаны (жұмысты) қорғауға ұсыну мерзімі; Жетекшінің аты-жоні, оның лауазымы, қолы және тапсырманының берілген күні.

Қажетті: жобаның (жұмыс) нақты атауы мен бастапқы мәліметгер. Бастапқы мәлімет ретінде нормативті құжатты (мысалы, стандарт), құқықтық құжат, анықтамалық мәліметтер, статистикалық мәлімет, техникалық сипаттамаларды көрсету қажет, яғни мәліметтерді таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты.

2.3.3 Жобаның есептік-графикалық бөлігін орындау үшін арналған тапсырмада сызбалардың саны мен сипатын керсету кажет.

2.3.4 Тапсырма бөлімдерді орындау еңбек көлемділігін, студенттің дайындық деңгейін, жобаны (жұмыс) орындауға болінетін уақыт колемін есепке алуы керек.

2.3.5 Тапсырма жеке бланктерде Қосымша И,Г сәйкес рәсімделеді. Тапсырмада студенттін, тапсырманы алган күні жазылады және студенттін қолы қойылады.

2.3.6 Аннотация. Аннотацияда қысқаша түрдс курстық жоба (жұмыс) туралы негізгі мәліметтер келтіріледі. Аннотация курстық жоба (жұмыс) көлемі, кестелер саны, суреттер мен қосымшалар туралы мәліметтерден тұрады.

2.4 Мазмұны

Мазмұн бөлімдердің реттік нөмірлерінен және атауларынан, қосымшалардың белгілері мен атауларынан, қажетті кезде беттердің нөмірлері көрсетілен графикалық материалдардан тұрады.

«Мазмұны» созін парақтың ортасына жазады.;

2.6 Нормативті сілтемелер

2.6.1 Мәтінде сілтемелер жасалған нормативті құжаттардың тізімі көрсетіледі. Негізгі құ-жаттардың тізімі мысалы мынандай сөздерден басталады: «Осы курстық жобада (жұмыс) келесі құжаттарға сілтеме жасалған ...».

2.6.2 Тізімге нормативті құжаттың белгіленуі мен атауын тіркелу тәртібі бойынша келесі кезектілікте жазады:



  • техникалық регламенттер;

  • мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ);

  • мемлекет аралық стандарттар (МЖМБС);

  • халықаралық стандарттар (ХС);

- техникалық жағдай (ТЖ) және тағы басқалар.

2.7 Анықтама

Курстық жобада (жұмыс) пайдаланылған анықтамалар, түсіндірмелер мен терминдер анықтамалардан тұрады.

2.8 Белгілер мен қысқартулар

2.8.1 Бұл құрылымдык. элементте курстық жоба (жұмыс) қолданылатын, түсіндіруге кажетті белгілер мен қыскартулар жазылады.

2.8.2 Курстық жоба (жұмыс) белгілері мен қысқартулары қолданылымдағы нормативті құжаттарға сәйкес белгілер мен қысқартуларға сәйкес келуі шарт.

2.9 Кіріспе

2.9.1 Кірісие курстық жоба (жұмыс) мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін және қазіргі заманғы жасалымдардың сұрақтары мен өзектілігін көрсетеді. Зерттеулердің пәні мен объектісі белгіленеді.

2.9.2 Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспені нөмірлемейді және жеке паракта орналастырады.

2.10 Негізгі бөлім.

Курстық жұмыстың (жоба) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерінің мәліметтерін келтіреді.

Курстық жұмыстың (жоба) негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеулерде пайдаланылған әдістердің негіздемесін, есептеулердің әдістерін ашып көрсетуі керек, олар әдетте компьютерлік технологияларды пайдалана отырып жасалады, өткізілген тәжірибелердің сипаттамасы, оларды талдау мен қорытындылау, қажетгі жағдайларда иллюстрациялар, графикалар, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. рәсімделеді

Негізігі бөлім мыналардан тұрады:

- заң шыгару, нормативті құжаттарды, оку және ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ мерзімді басылымдар материалдары мен мәселенің маңызын, оның ролі мен негізін зерттеу; мәселенің қазіргі заманғы жағдайының экономикалық бағасын, жұмыс орындалған материалдар негізінде ұйымдар мен кәсіпорындардың қысқаша мінездемесін, өзінің жеке негіздемесі мен позициясын білдіреді;

- зерттелетін мәселені талдау, даму тенденциясы, кемшіліктер мен себептер, оларды шешудің мүмкін жоддары;

- зерттелетін объектінің қызмет ету мәселесін зерттеу, оның даму тиімділігін көрсететін есептеулер, зерттелетін объектінің болашағын.

- зерттелетін объектін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар, олар аргументтелуі және есептермен дәлелденуі тиіс.

2.10.1 Қосымша болімдер

Курстық жұмыстарда, (жобаларда) еңбекті қорғау жәнс тіршлік қауіпсіздігі, коршаған ортаны қорғау, кәсіпорын сапаларының жобалары мәселелері жұмыстың (жобаның) тақырыбына байланысты қажетті ауқымда қамтылуы керек.

2.10.2 Курстық жоба (жұмыс) оқу пәнінің принципті сұрақтарын қамтуы тиіс. Бұл элемент курстық жобаның (жұмыс) негізгі (кәсіби) мазмұнын анықтайды. Дайындау бағыты (мамандығы) байланысты ол түрлі мінездемеге ие болады.

2.10.3 Мәтін қысқа, нақты, түрлі талқылауларды болдырмайтын, түсінікті болуы шарт.

2.10.4 Курстық жоба (жұмыс) мазмүны студенттің оқып жатқан пән бойынша алған білімін накты инжснерлік және ғылыми мақсаттарды шешуде пайдалана алу қабылетін көрсетуі керек. Бұл ретте жобаланған объектінің, агрегаттың, конструкциянын және т.б. негіздемесі болуы мүмкін, олардың сипаттамасы келтіріледі, сонымен катар ЭЕМ қолдана отырып қажетті барлық есептер жүргізіледі.

Курстық жобаның (жұмыстың) обьектісі ретінде кез-келген құрал, өнім, қызмет көрсету, мәселе және т.б. бола алады. Зерттеулердің әдістері мен нәтижелері толық келтіріледі.

2.10.5 Графикалық құжаттарға қойылатын талаптар.

2.10.6 Графикалық құжаттарға сызбалар, эскиздер және бұйымдардың схемалары, графикалар, тәжірибе мәліметтерінің талдау кестелері мен диаграммалар жатады. Курстық жобалардағы графикалық құжаттар парақтарының мазмұны курстық жоба тапсырмасымен анықталады.

2.10.7 Графикалық құжаттар МЖМБС 3.301 стандарты форматы МЖМБС 2.104 негізгі жазуы бойынша орындалуы керек (Қосымша Е).

2.11 Сызбаларды, схемаларды, эскиздерді орындау кезінде КҚБЖ (ЕСКД), ТҚБЖ (ЕСТД), ЖҚБЖ (ЕСПД), (СПДС), 2.701. сонымен қатар СТ ОҚМУ 4.02-2008 стандарттарымен орнатылған ережелер сақталуы тиіс.

2.12 Қорытынды

Бұл бөлімде орындалған жұмыс туралы қысқаша қорытынды жасалады.

2.13 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне түсіндірме жазбасы мәтінінде немесе әліпби келтірілген тәртіпте барлық әдебиеттер жазылады. Әрбір әдебиеттердін библиографиялық сипаттамасы МЖМБС 7.1. талаптарына сәйкес беріледі.

2.14 Қосымша (кесте, схемалар, бағдарламалық құжаттар).

2.14.1 Түсіндіру жазбасын толықтыратын (курстық жұмыс) материалды қосымшаларда келтіруге рұқсат етіледі. Мұндай қосымшаларға графикалык материалдар, үлкен форматтағы кестелер, құралдар мен аппараттардын сипаттамасы, алгоритмдер сипаттамасы, ЭЕМ-да жүзеге асатын есептердін бағдарламалары, статистикалык мәліметтер, нормативті құжаттар және т.б. жатады

2.14.2 Қосымша міндетті және анықтамалык бола алады. Міндетті қосымшаларда орындауға міндетті болып табылатын талаптар жазылады. Анықтамалық қосымшаларда орындалуы міндетті болып табылмайтын, ақпараттык немесе аныктамалык мінездемеге ие материалдар жазылады.

2.14.3 Қосымшалар оларға мәтінде жасалған сілтемелер тәртібі бойынша орналасуы тиіс.



2.14.4 Қосымшалар түсіндіру жазбаларының жалғасы ретіиде оның келесі парақтарында қолданылымдағы стандарттармен орнатылған тәртіпте және нысанында рәсімделеді.

2.14.5 Қосымшалар тәртіп бойынша А4 форматы парақтарында жазылады, СТ 2.301 A3 форматы бойынша парактарда рәсімдеуге болады.

2.14.6 Қосымша құжаттың қалған бөліктері беттеріндегі нөмірлерге сай нөмірленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет