ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Басқару есебі 2» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізудің
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы студенттері үшін
Семей
2016
1. ӘЗІРЛЕНДІ
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушы М.Искакова
«29» тамыз 2016жыл.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
Хаттама № 1 « » тамыз 2016 жыл.
3. МАҚҰЛДАНДЫ
Экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.
ОӘБ төрайымы ______________ Н.Ғазизова
Хаттама № 1 « » қыркүйек 2016 жыл.
МАЗМҰНЫ
Түсініктеме жазба
Глоссарий
Тәжірибелік сабақ мазмұны
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
Пәннің мақсаты: Басқару есебінің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту. Басқару есебі бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі. Ол өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау сұрақтарын қарастырады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындары есебінің әдістерін қарастырып, бюджеттік бақылау, шешімдер қабылдау сияқты өзекті сұрақтарды ашып көрсетеді.
Пәннің міндеттері: студенттерге өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды меңгерту,өндірістің зиянсыздығын талдау және басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрету.
ГЛОССАРИЙ
Басқару есебі – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Калькуляция - өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың ақшалай бейнедегі көрінісі.
Бюджеттеу - өндірістегі қысқа мерзімді жоспарлау.
Жалпы өнім – есептік кезеңде шығарылған барлық дайын өнім құнынан өз өндірісінін жартылай фабрикаттар құнын алып тастағандағы өнімдер құны.
Товарлы өнім – есептік кезенде шығарылған, өз өндірісінің және тапсырысшының материалдарынан жасалған, техникалық бақылаудан өтіп, қоймаға тапсырылған өнімдер құны.
Дайын өнім - өндірістің барлық стадияларынан өткен, техникалық талаптар мен стандарттарға сай келетін, пайдалануға дайын қоймаға өткізілген немесе сатуға арналған өнімдер.
Жартылай фабрикаттар - өндеудің алғашқы этаптарынан ғана өткен, әлі де өндеуді қажет ететін бұйымдар.
Калькуляция -өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік кұны.
Алдын ала жасалатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды.
Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, кызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологаясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.
Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады
Бағдарланған шешімдер — алдың-ала белгіленіп, дайын процедурасы бой-ынша жүретін, дәстүрлі және стандартталған шешімдер.
Бағдарланбаған шешімдер — стандартталған емес, әлсіз құрылымдық жағдайындағы жаңа шешімдер үшін, әдеттегі мәселелерді шешуде қолданады.
Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.
Маржиналды табыс – бұл өнімді сатудан түскен түсім мен айнымалы шығындар бойынша есептелген, толық өзіндік құнның арасындағы айырма.
Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі.
Өндірістің зиянсыздығы- өндірісте не табыс, не зиян болмағанда қалыптасатын жағдай.
Шығындар – белгілі бір материалдық игілік алу үшін жұмсалатын ресурстар.
Релевантты шығындар – ұйымда басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын өндірістік шығындар жиыны.
Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.
Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.
Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.
Шартты – тұрақты шығындар - өнім шығару көлемі өзгергенде шамасы өзгермейтін шығындар.
Шартты - ауыспалы шығындар - өнім шығару көлеміне сәйкес азайып немесе көбейіп отыратын шығындар.
Көпшілік өндіріс – үздіксіз ұзақ уақыт ағымында бір түрлі өнім шығаратын өндіріс типі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тақырып. Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1.Басқару есебінің функциялары
2.Басқару есебін ұйымдастыру мен әлеуметтік аспектілері
3.Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі
4.Тұтынушылардың қажеттілігін өтеу
5.Есептің басқару жүйесіне орта өзгерісінің әсері
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
1.Тайғашинова К.Б. Басқару есебі Алматы 2011
2.Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014
2 тақырып. Шығындарды бағалау
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1.Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар
2.Өндірістегі жоғалтулар есебі
3. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
1.Тайғашинова К.Б. Басқару есебі Алматы 2011
2.Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014
3 тақырып. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1.Смета құру
2.Ауытқуды талдау
3.Жауапкершілік орталықтары есебі
4. Трансферттік бағаның құрылуы
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
1.Тайғашинова К.Б. Басқару есебі Алматы 2011
2.Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014
4 тақырып. Өндірістің зиянсыздығын талдау
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1.Шығындарды басқару және «құндылықтар» тізбегі
2. «Дәл мерзімде» жүйесі
3. Стратегиялық басқару есебі
4. Сапа шығындары
5. Теңестірілген есеп тізімдемесі
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
1.Тайғашинова К.Б. Басқару есебі Алматы 2011
2.Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014
5 тақырып. Шешімдер қабылдауды талдау
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1.Инвестицияны бағалау әдістері
2.Салық салу және инвестициялық шешімдер
3.Инвестиция бағалауға инфляцияның әсері
4.Күрделі қаржы салымдары кезіндегі тәуекелділікті талдау
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
1.Тайғашинова К.Б. Басқару есебі Алматы 2011
2.Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009
3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009
4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014
Достарыңызбен бөлісу: |