Байланысты: Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
9- тақырып: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Жоспары: Мектептегі әдістемелік қызмет мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары
Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде
Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды жөне дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамъпудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі өлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен кірігіп, педагогикалық ұжым-ның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі котермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мөдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетлдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін котеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарыггың арнаулы факулътативтерінде арнайы дайындықтан отуі тиіс. Біліктілік котеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетіддіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріл жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғы-шарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілірудегі өмірлік жөне кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірбиесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міңдеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жүмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік педұжымьюың педагогикалық тежірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жүмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мүғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып,үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерш байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру - жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге; педагогикалық жұмыста белгілі бір қиыңдыққа кезіккен мүғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б; мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған дұрыс деп білеміз. Олар - мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың мазмүшл кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланьш, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагошкалық жүйесінің, дербес педагогикалық жүмыс стилінің қалыптасуына ұласады.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі, оның орналасқан жері және т.б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірбиесі осывдай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.