НҰСҚаулық Ақтау қаласы 2016 жыл



бет3/7
Дата07.07.2018
өлшемі274,95 Kb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7

    

  Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
      ШҮЕҰ - шетелдік үкіметтік емес ұйымдар
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      МҚІМ - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі


ҮЕҰ қызметінің заңмен реттелуі. Соңғы өзгерістер.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, 2015 жылдың 14 желтоқсанында күшіне енді. Бұл заңға сәйкес ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», ҚР «ҚР қрққКоммерциялық емес ұйымдар туралы» , ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңдарына да өзгерістер енгізілді.



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңға енген өзгерістер:

  • Заңның аталуы өзгерді «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»

  • ҮЕҰ на арналған Грант – ҮЕҰ оператор арқылы  қаржыландыру

  • ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

  • ҮЕҰ дерекқоры

  • ҮЕҰөзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер

  • ҮЕҰ арналған сыйлықақы беретін механизм


Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңына енген өзгертулер:

  • Қор өз мүлкін пайдалануы туралы есептерді жыл сайын интернет-ресурстарда орналастыруға және (немесе) оларды ҚР бүкіл аумағында таратылатын мерзімді БАҚ жариялауға мiндеттi.

  • ҮЕҰ на жаңа есеп беру нұсқасы енгізілді (МӘТ, грант, сыйақы ала ма алмайма қарамайды) 31 наурызға дейін

  • 41 бап, 5 бөлімі. Мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы ЗТБ нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған КЕҰ, ҚР аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) ҮЕҰ өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңына енген өзгерістер:

Әкімшілік жауапкершілікке тартылады егер:



  • Есеп бермеген жағдайда

  • Есепті уақтылы бермеген жағдайда

  • ҚР МС ( Азаматтық қоғам және дін) министрлігіне өз іс әрекеті туралы нақты емес немесе қасақана жалған мәлімет бергені үшін

Жауапкершілік түрлері:

  • Ескерту

  • Айыппұл 25 АЕК (53025 тн) немесе 3 айға уақытша іс әрекетін тоқтатып тастау егер де қайталанған жағдайда

(489-1 бап, ҚР ӘҚтК (КоАП РК) Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңды бұзу. Бұған дейін 489 бап тек қоғамдық бірлестіктерге ғана қатысты болған).
ҮЕҰ іс әрекетіне қатысты жаңа заңдар:

Қоғамдық кеңестер туралы, 02.11. 2015 ж.

Ақпаратқа қол жеткізу туралы, 16.11.2015 ж

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне КЕҰ қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 02.11.2016 ж

Қайырымдылық туралы, 16.11.2015 ж

Еріктілер туралы заң жобасы


ҮЕҰ гранттар берудің заңмен реттелуі


ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заң (2015 жылдың 2 желтоқсанда енген өзгерістері)



ҮЕҰ гранттар беру және олардың жүзеге асуына мониторинг жүргізу туралы ереже .

(25.12.2015 ж. МСМ № 413 бұйрығы)




Грант пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың айырмашылығы

Негізгі айырмашылық қаржыландырылатын жобаларды іріктеу әдісіне байланысты.



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысмемлекет алдын ала өзіне керек қызмет түрлері мен спецификацияларды анықтайды, ең қолайлы баға ұсынған бір ғана жеңімпаз таңдалады.

Грантмемлекет бағыттарды анықтайды, ҮЕҰ өздері қойылған міндеттерді шешу бойынша әдістерді ұсынады, жеңімпаздардың саны шектелмеген, грант байқау өткізілмей де беріледі.
Грант деген не?

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсаттарында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражаты.

Грант кімге беріледі?

үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Гранттар беру процедурасы:

1. Гранттар беру жоспарын бекіту

2. Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру беру

3. Жобаларды қарау бойынша тәуелсіз сараптама өткізу

4. Оператордың шешім қабылдауы

5. Келісім шартқа қол қою
Грант беру жоспары:

  • Грант берілетін қоғамдық маңызды мәселелердің атауын анықтау

  • Олардың жалпы сипаттамасы

  • Әлеуметтік жобалар/бағдарламадарды жүзеге асыру орны мен қаражатты анықтау

Азаматтық қоғам және дін істер министрлігінің сайтында орналастырылады.
Байқауға қатысу өтінімі:

1) өтінім;

2) өтінім берушінің анкетасы;

3) әлеуметтік жобаның/бағдарламаның паспорты;

4) әлеуметтік жобаның/бағдарламаны жүзеге асыру күнтізбелік жоспарының жобасы;

5) әлеуметтік жобаның/бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шығындар сметасы;

6) бірінші басшының тағайындалуы туралы құжаттың көшірмесі;

7) операторға құжаттарды тапсыруға құқық беретін сенім хат;

8) грамота, сертификаттардың,алғыс хаттардың көшірмелері;

9) толтырылған күні мен қолы.
Тәуелсіз сараптама

  • Оператор сараптамалық комиссия құрады, құрамында төраға, орынбасары, 7- 9 мүшесі, хатшысы бар.

  • Комиссия 2 жылдан астам гранттарды жүзеге асыру тәжірибесі бар ҮЕҰ тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы санынан 30% оператор ұсынады, қалған 70 % - үкіметтік емес ұйымдарымен.

  • Комиссия мүшелері ұсынылған жобаға грант берілу тиіс немесе тиіс еместігі туралы шешім шығарады.


Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы

  • Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

  • Сыйлықақының бір номинация бойынша – 2000 АЕК


Сыйлықақы тағайындау кезеңдері:

I. Конкурстық комиссия (құжаттарын қарап, хаттама толтырады)

II.Үйлестіру кеңесі (құжаттарды, хаттаманы қарап, кімге беру керек екендігі туралы ұсыныстармен шешім қабылдайды)

III. Азаматтық қоғам және дін істер Министрлігі (шешім қабылдайды және БАҚ жариялайды)

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру – 1 шілдеге дейін

ҮЕҰ-дан өтінім қабылдау – 1 қыркүйекке дейін

Азаматтық қоғам және дін істер Министрлігінің өтінімдерді қарау – 1 желтоқсанға дейін.
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсыну жəне олар туралы дерекқорды қалыптастыру.
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсыну жəне олар туралы дерекқорды қалыптастыру туралы ереже.

Ережеде көрсетілген:



  • Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсыну - 31 наурызға дейін

  • Өз қызметі жөніндегі мəліметтерді жаңарту – өзгергеннен кейін 20 жұмыс күні ішінше:

  • ҮЕҰ атауы

  • ҮЕҰ құрылтайшылары туралы мәлімет

  • ҮЕҰ реквизиттері

  • ҮЕҰ филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

(ҮЕҰ қызметкерлері туралы мәліметтерден басқа)

  • Әкімшіліктердің ҮЕҰ туралы жалпы мәліметті Азаматтық қоғам және дін істер Министрлігіне ьеру міндеттілігі – 10 сәуірге дейін

  • Азаматтық қоғам және дін істер Министрлігіне берілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі.


Қандай ұйымдар өз қызметі жөніндегі мəліметтерді дерекқорға ұсыну керек?

Жеке меншік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоммерциялық емес акционерлік қоғам, қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі, басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған КЕҮ туралы заңының 17 бабында көрсетілмеген.


Кім тапсырмайды?

ҚР Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар болып есептелмейді:



  • саяси партиялар

  • кәсіптік одақтар

  • діни бірлестіктер

Қызметтері ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға сәйкес реттелмейді:



  • саяси партиялар

  • кәсіптік одақтар

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына қосымшаны қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол тапсырады.

Қосымшаны толтыру алдында біраз дайындық жұмыстарын жүргізу керек, атап айтқанда:


  • Өз ұйымыңызың жарғысы

  • Қазақша/орысша тілдеріне аудармашы

  • Құрылтайшыларыңыз заңды тұлға болса,соның құрылтай құжаттары

  • Ұйым жетекшілеріңіздің паспорттық жəне байланыс деректері

  • Жетекшіңіздің білім алу дипломы (қалауыңыз бойынша)

  • Ұйымыңыздың банктік деректері (қалауыңыз бойынша)

  • Ұйымыңыздың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу деректері (филиалдар мен өкілдіктері бар болса)

  • Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі жайлы анықтама құжаты

  • Есеп беру мерзімінде – 2015 жылы - өзекті мақұлданған жоба өтінімдері, мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс келісім-шарттары, гранттық келісімдер, т.б. құжаттар

  • Есеп жылдың бухгалтерлік балансы

  • Жылжымалы жəне жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (бар болса)

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну



және олар туралыдерекқорды қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібін анықтайды.

Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы аумағында қызмет жасайтын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне (жекелеген бөлімшелер) қатысты.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

3. Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді енгізу арқылы қалыптастырылады.

4. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін (қоса санағанда):

1) қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол;

2) электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынылады.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер осы тармақта көрсетілген нысанына сәйкес келмей ұсынылған жағдайда, осындай мәліметтер қараусыз қайтарылады.

5. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді іліспе хатпен жолдайды.

6. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынылған жағдайда үкіметтік емес ұйымдар:

1) веб-порталда көрсетілген нұсқама бойынша мәліметтерді енгізуден кейін берілетін логин мен құпиясөз арқылы веб-порталға кіреді;

2) дерекқор тіркеу нөмірі берілу арқылы веб-порталда тіркеледі;

3) веб-порталға мәліметтерді енгізеді.

7. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді алған кейін, оларды уақтылығына, толығы мен анықтылығына тексереді. Мәліметтер, уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

Мәліметтер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда, уақтылы болып саналады.

8. Мәліметтер уақтылы, толық және анық болған жағдайда, Дерекқорға енгізіледі.

Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының
41-бабы 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексімен бекітілген тәртібі бойынша шараларды қабылдайды.

9.Осы Қағидалардың қосымшасындағы «Жалпы мәліметтер»


1-тарауында (қызметкерлер туралы мәліметтерді қоспағанда), «Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер» 3-тараудың 4-бөлімінің 3-тармағында көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйым осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма күннің ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тәртібі бойынша ұсынады.

10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер келгеніне қарай Дерекқорды жаңартады.

11. Үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйым Бизнес-сәйкестендіру нөмірлер Ұлттық тізілімінен жою туралы ақпарат алынған немесе анықталған күнінен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей Дерекқордан алып тасталынады.

Осы тармақта көрсетілген жағдайда уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымды оны Дерекқордан жою туралы күннен бастап он жұмыс күннен ішінде хабардар етеді.

12. Облыстардың, республикалық маңызды қалаларының, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын 10 сәуірге дейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әділет және салық қызметінің аумақтық органдарынан алынған үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс ақпараттары, соңғы есепті мерзімнің аясында салықтық есеп беру фактісі туралы мәліметтер) жалпыланған мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық түрде ұсынылу тиіс.

Үкіметтік емес ұйымдарымен

өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына қосымша
Нысан
_________________________________________ қызметі туралы мәлімет

(үкіметтік емес ұйымның атауы)


1-тарау. Жалпы мәліметтер


1-бөлім. Атауы*

1

Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы




2

Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы




3

Үкіметтік емес ұйымның ағылшын тіліндегі ұйымдастыру-құқықтық нысаны және толық атауы (жарғыда болған жағдайда)




4

Үкіметтік емес ұйымның қазақ тіліндегі қысқартылған атауы




5

Үкіметтік емес ұйымның орыс тіліндегі қысқартылған атауы




2-бөлім. Құрылтайшылар туралы мәліметтер****

Құрылтайшы жеке тұлға болған жағдайда:

1

Орыс немесе қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),




2

Ағылшын тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (шетел азамат үшін)




Құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда:

1

Заңды тұлғаның орыс немесе қазақ тіліндегі атауы




2

Заңды тұлғаның ағылшын тіліндегі атауы (шетелдік заңды тұлға үшін)




3

БСН, салық тіркеу нөмірінің аналогы немесе мемлекеттің коды (шетелдік заңды тұлға үшін)




3-бөлім. Қызметкерлер туралы мәлімет

1

Қызметкерлердін саны, оның ішінде:

1.1)

Штаттық қызметкерлердің саны




1.2)

Еріктілер саны




1.3)

Шетел қызметкерлердің саны




2

Басшы туралы мәліметтер:

2.1

Қазақ немесе орыс тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




2.2)

Ағылшын тіліндегі бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)**




2.3)

Қазақ немесе орыс тіліндегі лауазымның атауы




2.4)

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган***




2.5)

Жұмыс тәжірибесі***




2.6)

Байланыс ақпарат*** (пошталық мекенжай немесе қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)




2.7)

Жеке сәйкестендіру нөмірі***




2.8)

Диплом бойынша мамандығы мен кәсібі***




2.9)

Өзге коммерциялық емес ұйымдарда бірлескен құрылтайшылық (атауы)




3

Бас бухгалтер туралы мәлімет (бар болған жағдайда):

3.1)

Қазақ немесе орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




3.2)

Байланыс ақпарат (пошталық мекенжай немесе қала немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)***




4-бөлім. Ұйымның реквизиттері

1

Үкіметтік емес ұйымның мекенжай және байланыс ақпараты (мемлекет, пошталық мекенжай, электрондық пошта, телефон нөмірі, сайттың мекенжайы(бар болған жақдайда))




2

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің (мемлекеттік қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету) күні мен нөмірі




3

Бизнес сәйкестендіру

(2013 жылғы 1 қаңтардан бастап)






4

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі (бар болған жағдайда)




5

Үкіметтік емес ұйымның банк шотының реквизиттері (банктің атауы, банктің бизнес сәйкестендіру нөмірі, есеп айыру шоттың нөмірі (ЕШН))***




5-бөлім. Филиалдар және өкілдіктер

1

Қазақ тіліндегі толық атауы




2

Орыс тіліндегі толық атауы




3

Филиалдың (өкілдіктің) есеп тіркеудің, филиалдың (өкілдіктің) есеп қайта тіркеудің күні мен нөмірі (есеп қайта тіркеудің бар болған жағдайда көрсету)




4

Филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы




5

Телефон нөмірі, пошталық мекенжайы, электрондық пошта




6

Басшының қазақ тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




7

Басшының орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)



2-тарау. Қызмет туралы мәліметтер




1-бөлім. Қызметтің бағыты

1

Үкіметтік емес ұйым қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес)




2

КҰЖЖ мемлекеттік сыныптауыш бойынша коды




3

Мақсатты аудитория/атаулы топ (болған жағдайда)




4

Аймақтық мәртебесі (жарғыда болған жағдайда)




2-бөлім. Есептік мерзімде іске асырылған

бағдарламалар/жобалар



1

Донор ұйымның, тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушінің атауы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, қазақстандық халықаралық немесе шетелдік ұйым)




2

Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары




3

Қазақстан Респбликасында іске асырылатын жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы




4

Жобаның/бағдарламаның Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланған фактілік бюджеті немесе фактілік қаржыландыру (сома, теңге)




5

Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі




6

Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (бар болған жағдайда және донорлық ұйыммен, тапсырыс берушімен, грант берушімен келісім шартымен сәйкес келгенде)




7

Іске асырылған жоба туралы қысқаша ақпарат (еркін түрде)




3-бөлім. Іске асырылатын жобалар/бағдарламалар

1

Донор ұйымның, тапсырыс берушінің, грант берушінің атауы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, қазақстандық, халықаралық немесе шетелдік ұйым)




2

Жобаның/бағдарламаның атауы мен мақсаттары




3

Жобаның/бағдарламаның қысқаша сипаттамасы




4

Жобаның/бағдарламаның Қазақстан Республикасында жобаны/бағдарламаны іске асыруына бөлінген бюджеті (жалпы сома, теңге; донорлық ұйыммен келісім шартты жасау уақытында)




5

Жобаның/бағдарламаның іске асыру мерзімі




6

Жобаны/бағдарламаны бірлесіп асырушылар (бар болған жағдайда және донорлық ұйыммен, тапсырыс берушімен, грант берушімен келісім шартымен сәйкес келгенде)




4-бөлім. Серіктестік/ынтымақтастық туралы

құжаттар жасалынған ұйымдар/органдар



1

Қазақстан Республикасы немесе шетелдік мемлекеттің мемлекеттік органның атауы




2

Халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес ұйымның атауы




3

Коммерциялық ұйымның атауы




4

Коммерциялы емес ұйымның атауы



3-Тарау. Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер




1-бөлім. Мүлік құрамы

1

Жылжымайтын мүліктің атауы, мекенжайы, мүлікке құқығын көрсетуімен (бар болған жағдайда)




2

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің атауы, мүлікке құқығын көрсетуімен (бар болған жағдайда)




2-бөлім. Мүлікті қалыптастыру көздері

1

Құрылтайшылардың (қатысушылардың, мүшелердің) жалпы түсімдері (сома, теңге) (бар болған жағдайда)




2

Акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар, мүдделер), кәсіпкерліктен алынған кірістер және заңмен рұқсат берілген өзге де кірістер (сома, теңге) қалыптастыру көздің атауын көрсетуімен (бар болған жағдайда)




3

Ақысыз алынған мүлік (гранттар, мемлекеттік сыйлықақылар ақысыз алынған өзге де мүлік) (бар болған жағдайда)




3-бөлім. Қаражатты жұмсау бағыттары

1

Кіріспе жарналар (сома, теңге)




2

Ұстау бойынша шығындар (сома, теңге)




3

Мүшелік жарналар (сома, теңге)




4

Жобаның/бағдарламаның аясында асырылған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар (сома, теңге)




4-бөлім. Бюджет

1

Есептік кезеңі бойынша қаражат крістердің жалпы сомасы (сома, теңге; есептік кезеңнің соңғы күніне)




2

Өткен күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландырудың бюджеті** (сома, теңге) (егер жоба және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдікпен Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырынса)




3

Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландырдың бюджеті** (сома, теңге) (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда)



Қосымша:


1) құрылтай құжаттардың көшірмелері: ____ бет (электрондық нысанында);

2) есептік мерзімі бойынша жыл сайынғы бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі: ____ бет (электрондық нысанында);


Ұсынған мәліметтердің толығы мен нақтылығын дәлелдеймін:

____________________________________ _________

(Бірінші басшының немесе оның орнын басатын тұлғаның (қолы)

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

_____________________________________

(Мөр орны – қағазды нұсқау үшін)


Ескертпе:

* мәлімет заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге (мемлекеттік қайта тіркеуге) немесе филиалды (өкілдікті) есеп тіркеуге (есеп қайта тіркеуге) сәйкес толтырылады;

** ұйым шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалы немесе өкілдігі болып табылған жағдайда, көрсетілген тармақты толтыру қажет;

*** міндетті емес тармақтар (үкіметтік емес ұйымның қарауына);

**** тарау қоғамдық бірлестігі ұйымдық-құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдармен толтырылмайды. Аталған ұйымдар азаматтар-бастамашылар және/немесе қоғамдық бірлестіктердің (аталған қоғамдық бірлестікті құру барысына қатысқан жағдайда) тізімінің көшірмесін ұсыну міндетті. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін атқаратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктер (жекелеген бөлімшілер) көрсетілген тарауда оларды құрған заңды тұлға жөнінде мәліметтерді көрсетеді.


Каталог: web -> img -> article -> textImages -> 100
web -> От Ивелина Стоянова Студентка Компютърна химия 1 курс
web -> Реферат по истории и философии соответствующей отрасли наук по согласованию с научным руководителем диссертации и кафедрой философии
web -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
web -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
web -> Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет