Нуо казахстанско-российский медицинский
Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі мен қызметі, ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы,жетістіктері және басқалары.
Байланыс ақпараты: Байланыс ақпараты: Медициналық биофизика және информатика кафедрасының мекен жайы мынандай: Алматы қ..Торекулов Көшесі 71 Пәннің саясаты: Сабаққа кешікпеу; Себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде , мысалға, ауру жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу; жіберілген сабақтарды оқытушының белгілеген мерзімінде өтеп отыру; практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет; СӨЖ тапсырмалары жеткілікті дәрежеде орындалуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы қажет; Барлық аралық бақылауларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді; II. Бағдарлама 1. Кіріспе Биофизика биологиялық пәндерден қалыптасқан, үш ғылымның – физика, химия және биология ғылымдарының үйлесуі жағдайында өмірлік үрдістер негізін түсіндіруге арналған пән.. Биофизика заңдарын білу ғылыми зерттеулер мен талдаулардың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көптеген биофизикалық әдістер ішкі және сыртқы орталардың, соның ішінде, физикалық, химиялық, техногендік табиғатының, токсикалық агенттерінің, ағзаға әсерлер механизмін түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Медико-биологиялық зертеулерде әртүрлі техникалық құралдарды қолданудың жоғарғы тиімділігі зерттеуші құралдардың жұмыс істеуінің физикалық негіздерін білген кезінде ғана жүзеге асады.Бағдарлама сонымен қатар қазіргі медициналық техникаларды қолдану кезінде студенттердің ғылыми білімдері мен практикалық біліктіліктерін қалыптастыруға да бағытталған.
Медико-биологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулердің теориялық негіздері ретінде ғылыми көзқарастар мен ғылыми әдістемелерді қалыптастыру. Оқытудың міндеті: Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизиканың практикалық негізгі жетістіктері туралы білім беру; Медико-биологиялық, гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын биофизиканың негізгі әдістерін оқып үйрету; Адам ағзасында жүретін үрдістерді түсіндіру үшін физика-химиялық заңдарды қолдану білімдеріне үйрету; Студенттердің ойлау қабілеттерін, негізделген талдаулар мен ой қорытулар жасай білуін қалыптастыру. Оқытудың соңғы нәтижелері: Студент білуі тиіс: Мембрана құрылысы қалыптасуының физико-химиялық ерекшеліктері мен олардың өмір сүру механизмдерін; Мебрана арқылы зат тасымалдануының биофизикалық механизмі, электрогенез механизмі; Жарықтың биологиялық құрылымдармен әсерлесуінің физикалық ерекшеліктері; Жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бұлшық ет және тыныс алу жүйелері жұмысының биофизикалық заңдылықтары; Зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері; Биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары. Студент игеруі тиіс: Медико-биологиялық зерттеулерде биообъект мен техникалық құралдардың тиімді үйлесу тапсырмасын шешу; Стандарт тармақтарда ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүргізу; Тіркелген параметрлердің негізгі физикалық өлшемдерін жүргізу, есептеу құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижелерін өңдеу; Фотометрлік құралдарды қолдана отырып заттың концентрациясын өлшеу. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері : Пәннің пререквизиттері : физика, биология, химия, математиканың мектептегі курстары. Пәннің постреквизиты: физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия, патологиялық физиология, профильдік пәндер. Пәннің қысқаша мазмұныЖасушалық мембрана биофизикасы. Электр қоздырушы ұлпалар биофизикасы.. Кванттық биофизика. Ұлпалар мен ағзалар биофизикасы. Қанның реологиялық қасиеттері. Әртүрлі ағзалар мен ұлпалардың реографиясы. Қанайналуды зерттеу әдістері.Бұлшық еттерінің қысқару биофизикасы. Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы. Өлшеуіш түрлендіргіштерде түрленетін энергиялардың формалары. Ағзанаың өмір сүруі кезінде папйда болатын механикалық, электрлік құбылыстарды оқып үйренуге арналған техникалық құралдар. Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары. Терапевтік электрондық-медициналық аппаратура. Биологиялық сұйықтықтарды зерттеуге арналған техникалық құралдар. Жасанды ағзалар. 2. Дәрістердің тақырыптық жоспары.
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары.
СОБЖӨЖ тақырыптық жоспары.
СӨЖ тақырыптық жоспары.
жүктеу/скачать 245,34 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |