Биофизика немесе Медициналық биология — биологиялық заңдылықтарды адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады. Биологияның медицина үшін маңызы өте зор - ол медицина үшін теориялық негіз болып саналады. Медицинаның көрнекті теоретигі И.В.Давыдовскийдің айтуынша:
Медицина жетістіктері биологиялық зерттеулермен тікелей байланысты, сондықтан да дәрігерлер биология жаңалықтарын үнемі біліп отырулары шарт. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады: 1862 жылы Л.Пастердің тіршілік өздігінен, кенеттен пайда бола алмайтындығын дәлелдеген зерттеулері, заттардың шіруі мен ашуының негізгі себебі микроағзалар екенін дәлелдеуі, медицинада үлкен өзгерістер пайда етті, хирургияның дамуына жол ашты. Медициналық практикаға алғаш антисептика (жараны химиялық заттармен өңдеп микробтарды жұқтырмау), ал кейін асептика (жараны таңуға арналған заттарды стерилдеу) әдістері енгізіледі. Жасушаның ашылуы, тіршіліктің физиологиялық және биохимиялық заңдылықтарын зерттеулер аурудың пайда болу себептерін тереңірек түсінуге, медицина практикасына кеселді анықтаудың және емдеудің жаңа әдістерін енгізуге мүмкіншілік берді.
Биофизика молекулалар мен жасушалардан басталып, барлық деңгейде оқып үйренетін өмір құбылыстары физикасы ретінде анықталады.
Ағзаның физика – химиялық құрылысының күрделілігіне қарамастан органикалық қосылыстардың кейбір кластарымен (аминқышқылдары, ақуыздар, нуклеин қышқылдары) салыстыра отырып оны молекулалық деңгейде құрылысын қарастыру мүмкін болады екен.
Тірі ағза ашық, өзі реттелетін, гетерогенді, биполимерлер (ақуыздар мен нуклеин қышқылдары) болып табылатын маңызды негізгі функциональды заттардан тұратын жүйе.
Биофизиканы 3 аймаққа бөледі: молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасы. Молекулалық биофизикафункциональды молекулалардың, әсіресе ақуыздар мен нуклеин қышқылдардың физика – химиялық қасиеттерін және құрылысын оқып үйретеді.
Молекулалық биофизиканың негізгі мақсатына молекулалардың құрылымы және функциясы жатады. Молекулалық биофизика жасуша биофизикасына біртіндеп көшеді де, ол өз кезегінде жасушалық және ұлпалық жүйелердің құрылысы мен функциясын оқып үйретеді.