Нурдуллаева Айгул Турдыбековна
Степногорск қаласы
№3 «Иван - царевич» бала бақшасының тәрбиешісі
АЙБОЛИТКЕ КІМ КЕЛДІ
Мақсаты:
Математика сабағында ертегі арқылы балалардың ой-өрісін дамыту,
1- ден 5-ке дейін тура және кері санау. Қанша? Қандай? Нешінші? Көп пе? Аз ба? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді талап ету. Заттың орналасқан ретін сөзбен баяндау (жоғары, төмен, арасында). Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, 1-ден 5-ке дейін сандар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Қане, қане, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберде
Алақанды ұрайық,
Сол жақтағы балаға,
Оң жақтағы балаға,
Алақанды ұрайық.
(Балалар орындарына отырады.)
Сабақ барысы:
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше, өйткені бізге қонақтар келді.
Балалар, тақтаға қараймыз. Ертеде Африкада жануарларды емдейтін Дәрігер Айболит болыпты. Оған көптеген жануарлар емделуге келіпті. Айболит оларды емдеуге үлгере алмай жатыр. Оларға дәрі, дәрумендер жетпей жатыр екен. Айболит бізге хат жіберіпті. Хатты оқиды
....Құрметті 3-ші тиын топ балалары, мен дәрігер Айболитпін, маған көптеген жан- жануарлар келіп жатыр, оны емдеуге витаминдер керек, әрі жануарлар өз мекенжайларын ұмытып қалыпты. Соны табуға көмек бересіңдер ме?
Балалар, біз Айболитке бару үшін қайсы жолмен барамыз
Балалар жауабы: Қысқа жолмен.
Ал, балалар, орнымызға отырып, көзімізді жұмып, Африкаға ұшақпен аттанамыз.
Бірінші Аиболитке Қоянның тісі ауырып келеді.
Қоянның тапсырмасы:
Санамақтар
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
«Адасқан сандар» ойыны ойналады. Бір бала орындайды, қалғандары сандарды қатарымен қойып орындайды.
....Қоянға көмек: сәбіздерді санап теңестіру (артық, кем)
2. Тоты құс келеді, оның тапсырмасы:
Жоғары, төмен көп , азды анықтау.
Ағаштың басында 1 тоты құс тұр еді, оған тағы 2 тоты құс ұшып келді, барлығы неше құс болды? Сол ағашта жоғарыда неше құс, төменде неше құс тұр (балалар жауаптары)
3. Сиырдың тапсырмасы:
Геометриялық пішіндер (балалар пішіндерді атайды)
Ойын. «НЕ АРТЫҚ»
4. Әтеш тапсырмасы;
Әтеш қай уақытта шақыратынын ұмытып қалыпты.
Жыл мезгілдерін, уақыт бөліктеріне бөлуге көмектесеміз.
Ойын «Не ерте, не кеш?»
5. Аюдың тапсырмасы:
Аюға денесін шынықтыру үшін «СЕРГІТУ СӘТІН» жасату керек.
Музыкамен қимылдар жасату.
6. Айболитке келген жануарларды санау.
Айболитке 3-ші кім келді.?
Айболитке 5-ші кім келді?
Айболитке 1-ші кім келді?
7. Балалардың өз бетімен жұмыстары.
Айболитке келген жануарларды сызық арқылы қосу.
8. Рефлексивті түзету: Балалар сабақ сендерге ұнады ма?
Айболиттің балаларға рахмет айтып базарлығын тарату. Мадақтау.
Балалар, бізге Айболит риза, біз енді өз бала бақшамызға ораламыз.
Орнымызға отырып көзімізді жұмамыз. Ия , біз келдік.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Санамақтарды, жыл мезгілдерін, бес санын білді.
Нені игерді: Сандық, реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді;
Нені біледі: Тәулік бөліктерін, жоғары, төмен , көп , азды анықтау, тапсырманы өз бетінше орындауды біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |