Нурмуканова Фарида Ио-18к
СРО3.Тақырыбы: Тарих бойынша Оқыту әдістері мен тәсілдері.
1) Оқыту әдістерінің топтамасы.
2) Тарихты оқытудағы аузша әдіс.
3) Тарихты оқытудағы көрнекілік әдіс.
4) Тариты оқытудағы тәжірибелік әдіс.
5) Тарихты оқытудағы дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер.
6) Сабақтың дәстүрлі емес нысандары.
7) Сабақтағы модульдік технология.
8) Тарихты оқытудағы интерактивті әдісті қолдану.
9) Тарихты оқытудағы ойын.
1.Тарихи үдерісті мектепте оқытудың түрі, тәсілі, құралдары ғылыми зерттеу тәсілдерінен өзгеше, алайда, жоғарғы сыныпта пайдаланылатын саналуан «зерттеу» тәсілдері жасөспірімдердің ғылыми зерттеу жұмысының алғашқы үлгілерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Егер тарих ғылымы тарих сабағының пәні ретіндегі мазмұнын анықтаса, педагогика ғылымы берілген тарихи білімдердің абстракциялану көлемі мен деңгейін айқындап берді. Сондықтан, тарихты оқытуда табысқа жету үшін сабақ беру іс-тәжірибесінде, нені және қалай оқыту керек деген проблеманы шешуде, әдістемелік зерттеулерде педагогиканың жетістіктерін ескеріп отыру керек. Тарихты оқытудың 5 әдістемесі бар:
1) Оқыту әдістерінің топтамасы.
2) Тарихты оқытудағы аузша әдіс.
3) Тарихты оқытудағы көрнекілік әдіс.
4) Тариты оқытудағы тәжірибелік әдіс.
5) Тарихты оқытудағы дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер.
2. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында қалыптасқан тәрбиелілігін тексерудің ең қолайлы жолы ауызша тексеру. Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып, мұғалімшәкіртінің тарихи білімінің шамасын, білім өресін, тарихи ойы мен тілінің қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын, тарихи ұғымдар мен терминдерді, негізгі даталарды меңгеру деңгейін, ойлау қызметінің қаншалықтыдамығанын т.б. анықтай алады. Оқушы жауап беріп тұрып, басқа қажетті құралдарды: картаны, оқулықты, тақтаны, басқа да құралдарды қатар пайдалана алады. Білімді, әрі жақсы сөйлейтін оқушының сындарлы жауабы басқа оқушыларға пайдалы әсер етері сөзсіз. Сол сияқты білімі нашар оқушы болса, төмен жауабы үшін өзі де білімі сол деңгейдегі басқа оқушылар да қысылады. Бірақ оқушының ауызша жауабын барлық оқушы, әсіресе мұғалім мұқият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі талаптарды ескеру керек.
а) Оқушы сұрақтағы негізгі объектіге қатысты барлық білімді білетін болса, білім толық деп есептелінеді; осы сұрақтағы білімнің басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді; ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін өзі ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп есептелінеді. Сондай-ақ білімнің саналылықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез келген ситуацияда шапшаң пайдалана білуге де бірқатар талаптар қойылады.
ә) Оқушылардың алған білімдері олардың тәрбиелілігіне әсер етті деп
есептелінеді, егер де оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің
ішкі сезіміндегі, сеніміндегі, жан-дүниесіндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи
оқиғалар мен үрдістерге өз тұрғысынан баға берсе, тарихи оқиғаның,
құбылыстың мазмұнына қарай ренжу, қуану т.б. сезімдерін байқатса.
б) Оқушы өзінің жауабында кездесетін тарихи оқиғаларды бұрын
болып өткен осындай 2-3 тарихи оқиғамен (7-8 с.) салыстырып,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп бере алса,
ал жоғары (9-11с.) сынып оқушылары ол ұқсас белгілер арасындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіріп бере алса, мұның өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді.
3. Оқыту нәтижесін анықтаудың басқа да жолдары бар. Соның бірі -
оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін
деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе,
мәселен, көтерілістің негізгі себебін, басталуын, негізгі оқиғаларын,
басшыларын, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын
міндетті деңгей көлемінде білгені.
Ал оқушы көтерілістің себептерін, оның ішіндегі негізгі себептерін айырып көрсете алса, сылтауын, қорғаушы күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне нақты мысал келтірсе, халық алдындағы басқа қайраткерлік қызметін білсе, көтеріліс оқиғаларын басынан аяқталуына дейін түгел біліп, картадан көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады. Мүмкін деңгейге шек қойылмайды. Сұрақтың жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының тарихи білім дәрежесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан бірқатар пәндерден сұраққа берілген жауаптың дәрежесін санмен белгілеп, оларды 3-4 -ке дейін апарады. Мұны математика, химия, тіл сабақтарында тиімді пайдалануға болар. Ал тарих пәнінен оқушылардың меңгерген білім дәрежесін берілген сұрақты бірнеше шағын білім элементтеріне бөліп анықтауға да болады. Ол үшін сұрақтың білім элементтерін айыра білуге жаттығу керек. Мәселен, 9-11 сыныптарда тарихтан оқушыға қойылатын негізгі сұрақтың білім элементтері 6-7 ден 11-12 дейін жетеді. Осы элементтерді нақты 10 деп алсақ, оқушы соның 6-ына толық жауап берсе, 1-деңгей (оқығанын, түсінгенін қайта айтып береді), 8-9-ына жауап берсе, 2-деңгей (өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді), 10 элементті түгел, толық айтса, 3-деңгей (сұрақ, жауабын өзінше пайымдап, толық айтады, өз пікірін білдіреді, қорытындылар жасайды). Ал 4-деңгейге ету үшін оқушы жауабы алғашқы үш деңгейлерге қойылған талаптарға қоса, өмірден нақты мысалдар келтіре алуы, алған білімін кез келген жағдайда шығармашылықпен пайдалана, қолдана алуы керек.
4. Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады.
Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
• жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
5. Қазіргі заманға сай оқытудың ұйымдастыруда дәстүрлі сабақтын құрылымынан тысұйымдастырылған сабақтарды өткізу тиімді. Дәстүрлі сабақтын сапасына жетілдіру үшін жанашыл педагогтар көптеген жаңа идеяларын, шығармашылық іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін қолданады. Дәстүрлі сабақты түрлендіріп, оқушылардың қызығушылықтын арттырудың ең тиімді формасы – дәстүрлі емес сабақ. Әрине, әр оқыту үрдісінде дәстүрлі сабақ негізгі оқытудың түрі болып қалсада, дәстүрлі сабақты өткізу мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін жетілдіреді. Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз – сабақтын дәстүрлі түрінін негізде жасалған оқытудың жаңа түрі. Педагогикалық – психалогиялық және әдістемелік әдебиеттерді дәстүрлі емес сабақ туралы мәліметтер көп емес. Тақырыпқа байланысты мақалаларда дәстүрлі емес сабақтың ұйымдастыру мен мазмұны жағы ғана зерттелген, ал сабақтың концептуалдық жағына көп көңіл бөлінген. Ғылыми анықтамаларға қарағанда дәстүрлі емес сабақ.
Ғылыми әдебиетге қарағанда дәстүрлі емес сабақтар – интерактивтіоқытудың негізінде өткізілетін сабақтар (интерактив – ағылшын «interachion» - қарымқатынас) онда жетекші роль атқаратын мұғаліммен оқушының арасындағы қарым қатынас алынады. Г.Ф. Селефко дәстүрлік емес сабағы технологиялық тұрғыдан қарастыруды ұсынады. Ол, дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдіс – тәсіл – дейді. Осы концепцияға сүйелгенде, дәстүрлі емес оқытудың жаңа технологиялары деп атауға болады.
Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан гөрі түбегейлі өзгеше көрінің оқу үрдісін жетілдірудің бір түрі болып табылады. Дәстүрлі емес сабақ өткізудің алдынан мұғаліммен оқуының іс әрекеттері ойластырылады мұғаліммен оқушыныі іс-әрекеттері ойластырылады.
Дәстүрлі емес сабақтар қызықты, танымды, оқушыларға ұнайтын
сабақтар болса да, оқытуда олардың жиі өткізуге қажет емес. Осы типті сабақтарды көбінесе қорытындылау, бекіту, жаңа білімді хабарлау кезінде қолдану тиімді. Сабақтардың саны, оқыту үрдісіндегі орны, әр мұғалім өзі ойластырады, осындай сабақтарды өткізу көбінесе мұғалімнің өзіне байланысты. Дәстүрлі емес сабақ оқытуды тағы да бір үлкен міндеттін орындайды – бұл оқытудың тағы да бір үлкен міндетін орындайды – бұл оқыту үрдісін демократизацияландыру.
6. Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан тағы да қандай айырмашылықтар бар: мұғалімнің іс-әрекеті.
Дәстүрлі емес сабақта оқушыларға нақты БІД дамыту мақсаты арқылы, болатын психикалық процестерін (ойлау, зейін, ес) дамытады, онда сабақ рәсмі педагогикалық техникалық функцияныатқарады. Дәстүрлі емес сабақ мұғалім оқушылардың жан-жақты оқу іс -әрекеттерін басқарып, оларды өз еркін бетімен жұмыс жүргізуге, үйретеді шығармашылық ойлауын қалыптастырады. Мұғалімнің оқушыларды ұйымдастырмайды осы оқу үрдісінің қатысушысы болады, ол оқушыларға көмек етеді, көрсетеді, түсіндіреді, естеріне түсіреді; кейбір кезінде өзі де қателеседі; оқушылармен ақылдасады; керек кезінде мұғалім өзі әр түрлі педагогикалық жағдайларды жасайды; оқушылардың ынталандыраду, сенім білдіреді, қызықтырады, оқу мативтерін қалыптастырады, беделін көтерер. Осы немесе басқа мұғалімнің іс-әрекеттерінің негізі – оқу үрдісін тұтас және бағытталған тұрғыдан ұйымдастыру.
Дәстүрлі емес сабақ үстінде оқушының да позициясы өзгереді. Дәстүрлі емес сабақ бала мұғалімнің тапсырмаларын орындап отыратын оқытудың объектісі болады, сабақта артық сөз айтуға тиім салынады,. Көбінесе мұғалім сабақты өзі жүргізеді, ал оқушылар оның тапсырмаларын ғана орындағаннан сабақта ынталары төмендейді. Осындай жағдайда оқушының жеке тұлғалығы дамымайды, алған білімдері көбінесе күр жаттау, мұғалімнен қорққаннан болады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақта алған білімдерін көбі тез уақытта ұмтылады. Осы себептен, оқушылардағы сабаққа деген қызығушылығының төмендеуі пайда болды.
Дәстүрлі емес сабақта оқушының жағдай мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушының жағдайы мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушы – оқыту үрдісінің субъектісінің - белсенді іс-әрекеттін, шығармашылықтын, ізденімпаздықтың иесі. Ол оқушы емес, ол білімді алдымен бірге өзін-өзі дамытуға бағытталған адам. Сабақтын идеясы, қызығушылығы дәстүрлі сабақта мұғалімнен болса, дәстүрлі емес сабақ оқушыдан, білімді игеру үрдісі оқу үрдісіне айналады. Сабақтын мақсаты: алған теориялық білімдерін іс-әрекет, белсенділік, шығармашылық арқылы игеру.
Дәстүрлі емес сабақ мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас та мүлдем өзгереді. Дәстүрлі емес сабақта мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас авториторлық қарым қатынас (стиль) жиі кездесетін болса. Дәстүрлі емес сабақ қарым қатынасы өзгередіоқушылармен ресми қарым қатынас жасалмайды, бұнда оқушылармен «тен» тұрғыдан қарым қатынас жасайды. Мұғалім қарым қатынас дәстүрден тыс түрлі формаларын іздестіреді, сабақта топтық, ұжымдық оқыту түрлері жиі қолданылады. Осы жағдайда мұғалімнің педжагогикалық позициясы, шығармашылығы үлкен роль атқарады. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсенділікке айналдыру үшін, ол өзі сабақтқа оқушылармен мең болып қатысады, сабақтың «ішінен» оның жағымды, жағымсыз жақтарын көреді, керек кезінде өз ұсыныстарын оқушылардың көңіл-күйлеріне тізбей айтады, түзейді, көмек етеді. Сонымен дәстүрлі емес сабақта мұғалімнің авториторлық позициясы жойылады да, оның орнына іскерлік қарым қатынас позициясы орындалады.
7. «Модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.
Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Достарыңызбен бөлісу: |