Жалғыздықтың емі
Б
іздің өміріміз күнделікті кішігірім жақсылы-жаман
әдеттердің жиынтығы. Олар бізді ұлы жетістікке
немесе біз көтере алмайтын апатқа апарып соғуы
мүмкін.
Мысалы, ешкім артық салмаққа және артық
салмақпен байланысы бар ауруларға бір түнде душар
болмайды. Керісінше, ол ұсақ зиянды әдеттердің
жиынтығы. Сонымен қатар өзіміз зиян берген өмірімізді
қалпына келтіруге көп күш жұмсауымыз керек болғанға
дейін кішігірім әрі пайдалы әдеттерге мән бермей
жүре береміз.
Сол секілді депрессия да бір күнде пайда бола
қалмайды. Ол күнделікті өте қарапайым жаман
әдеттердің жиналуынан болады. Бұндай диагнозбен
ауыратын адам сол қиындықты көтере алмай,
қажығанға дейін маңызы шамалы деп санайды. Соның
нәтижесінде науқас өмірге деген қызығушылығын
жоғалтып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін.
Сондай-ақ денсаулыққа пайдалы кішігірім әдеттер
бізді үлкен жетістіктерге жетелейді. Жаратушының
МҮМКІНДІК
138
даналығымен бізге күндіз де, түнде де бес уақыт
намаз оқу парыз болды. Намазбен байланысты
кішігірім әрекеттер мысалы, дәрет алу, мешітке жаяу
бару және намаздағы қимыл-қозғалыстар ұзақ уақыт
бойы физиологиялық және психологиялық тұрғыда
денсаулыққа үлкен әсерін тигізеді.
Намаздарын тастамай оқитын 80 мен 90 жастан
асқан қарт адамдардың ақыл-есі мен денсаулығы тың
екенін көрдім. Олар жас әрі қауқарлы шақтарында
сақтанғандықтан, намаз оларды қартайып, әлсіреген
кездерінде сақтады. Бір қызығы, ұл-қыздары үйленіп,
достары өмірден озған кезде намаз олар үшін өмірлік
серік болды. Араласатын достары көп әрі қолы бос
болмаған уақытта намаздарына уақыт бөлгендердің
қартайған шағында намаз жалғыздық пен зерігудің
емін береді. Қалайша бес уақыт намаз үшін мешіт пен
үйдің арасында ары-бері жүретін қария зерігуі мүмкін?
Намаздан гөрі адамдар мен дүниауи уайымын
жоғары қойған әрбір адам қартайған шағында
намаз оның жалғыздығын емдейтін серігі болады
деп ойламайды. Өйткені адам баласы не ексе, соны
орады. Намазға тұрғаннан шаршап, күш-қуатың
бітіп қалмайды. Керісінше, намаз – қуат көзі, намаз
энергияң мен ықыласыңды жаңартады. Сондай-
ақ ештеңе істемей отыра беретін болсаң, бір күні
жалқаулық сезімінен арыламын деп ойлама. Намазың
жалқаулықты жырақтатып, бойыңды қуаттандырады
және жұмысыңды өнімді қылып, көңіл-күйіңді көтереді.
|