iqup
145
Әйел дұрыс айтты
Н
амаздың маңызды мақсатының бірі –
адамды
өзгерту. Күнделікті қайталанатын қарапайым
намаз адамға әсер етеді. Сол әсер уақыт өте келе
адамның түзелуіне әкеледі. Намазға басқа жағынан
қарайтын болсақ, бұл
адам жанына арналған өмір
бойы жасалатын жаттығулар әрі оны 5 уақыт істеу
керек болады. Егер сен өзіңді түзегің келсе, онда
намазды ынтамен әрі ықыласты түрде орында. Мен
бодибилдингте жетістікке жеткен адаммен сөйлесіп,
дене бітімін сымбатты,
иықты кең, белді жіңішке
болатындай етіп өзгертетін жаттығуларды сұрадым. Ол
жігіттің айтқандарын түгел дерлік біледі екенмін, бірақ
ол әңгіменің соңында маңызды ақпаратты қосты. Ол
маған денесін сымбатты етуге ұмтылатын адамдардың
назарынан тыс қалатын бір фактор бар екенін және бұл
фактордың уақыт екенін айтты. Иә, ол маған сымбатты
денеге жету үшін жылдар бойы күнделікті жаттығуларды
жасау қажеттігін айтты. Дененің сымбатын келістіру
үшін жылдар бойы шыдамдылық пен күнделікті
дайындықты қажет ететіні сияқты, адамның жеке басы
мен мінез-құлқын өзгертіп, түзеуі де шыдамдылық пен
МҮМКІНДІК
146
күнделікті жаттығуды қажет етеді. Міне, осы себепті біз
намазға қатты мұқтажбыз.
Осы жерде Фаруқ Омар Ибн әл-Хаттабтың екі бейнесі
есіме түсіп тұр. Біріншісі - исламды қабылдағанға
дейінгі, екіншісі - исламды
қабылдағаннан кейінгі
бейнесі.
Бірінші, яғни исламға дейінгі кезеңде ол өте қатыгез,
дөрекі болған еді. Тіпті, ислам дінін қабылдаған
қарындасын бетінен қан аққанша ұрды. Ол кезде Омар
әмірші немесе президент емес еді, тіпті қарындасының
өмірі мен таңдау еркіне араласуға құқығы да жоқ еді.
Бұнымен қоса, ол жағдай бірнеше адамның көзінше
болған.
Басқа жерде сол кездегі ең қуатты мемлекеттің
басшысы, мүміндердің әміршісі
Омар Алла Елшісінің
мінберінде тұрып әйелдердің мәһіріне байланысты
құтпа айтып жатқанда барлық адамдардың көзінше
бір әйел оның сөзін бөліп,
Омардың қателігін бетіне
басады. Сонда Омар әл-Фаруқ сөзі бөлінсе де үндемеді.
Бірақ Омар қаласа, бұл әйелдің үнін өшіруге құқылы
болатын. Себебі құтпа оқушыны бөлу әдепке жатпайды
және рұқсат етілмеген іс. Бұның бәріне қарамастан
барлық адамдардың көзінше: «Әйел дұрыс айтты, Омар
қателесті... Адамдар сенен гөрі ақылдырақ Омар», -
деді.
Екі жағдайдың арасынан «сабыр ет,
табандылық
таныт» аятының жемісін анық және айқын көреміз.
iqup
147
Өйткені намаз құлшылық етушінің жағдайы мен
жүріс-тұрысына әсер етпесе Омардың алғашқы кейпі
мен екінші кейпінен ешқандай айырмашылықты
байқамайтын едік. «Намаз бізді қалай өзгерту керек»
деген сұраққа Омар ибн Хаттабты мысал етуіміз керек.
Ол намаздың өмірді
өзгертетін құлшылық екенін
дәлелдеп берді. Сондықтан оның намазы біздің намаз
туралы түсінігімізден мүлдем өзгеше. Намазы мен
алдына қойған мақсаты үйлесімді болу үшін намазын
өмірімен байланыстырған.