О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

УАЙЫМСЫЗ ӨМІРГЕ 
ЛАЙЫҚСЫҢ


iqup
149
Уайымсыз өмірге 
лайықсың
Б
астығың сені жақсы көреді делік, алайда бір 
уақытта жұмыс орныңдағы өзің секілді қызметкер 
келіп: «сені жұмыстан шығарамын» деп қорқытса, оны 
мазақтап күлсең де сені ешкім сөкпейді. Керісінше, 
мекеме басшысы сенің сол қызметкерге қатысты 
сұраған талабыңды орындайды, тіпті кез-келген 
өтінішіңді қабыл етеді. Ал егер сол сәтте қандай да бір 
қорқыныш не үреймен жауап қайтаратын болсаң, ел 
сені ақымақ немесе жынды деп ойлауы әбден мүмкін. 
Тіпті олардың айтқаны дұрыс болып шығады. Енді қара, 
мекеме басшысы сені жақсы көретін жақының болса, 
несіне уайымдайсың?!
Кейде өміріңдегі үлкенді-кішілі қиындықтарыңды 
шешіп беретін адам болғанда ғой деп қиялдап кетесің.
Мысалы, қалаған қызметіңе тұрғызып, шаршатып 
жіберген қарызыңды төлеп және отбасыңдағы 
кикілжіңдерді шешіп бере алатын кісі бар дерлік... Ол 
адам саған жақын


МҮМКІНДІК
150
болса әрі сені жақсы көретін болса, өмірің қандай 
болар еді? Егер сондай адам бар болса онда қорқудың, 
уайымдаудың немесе қайғыға салынудың түк қажеті 
жоқ, өйткені бірдеңе бола қалса, сол кісі оны шешіп 
бере салады.
Білесің бе? Сен лайық болған өмір – дәл осы 
айтылған өмір!
Қорықпай, алаңдамай сүретін қайғы-қасіретсіз өмір... 
Иә! Алла саған Онымен байланысыңды дұрыстасын 
деп бойұсынғаныңды қалады және Ол саған жеткілікті. 
Сені жақсы көретін бастығың сені қорқытып, саған 
қауіп төндірген қызметкерді қуып жібергені секілді 
әлемдердің Раббысы сені дәл солай жақсы көретін 
болса, онда саған Алла жеткілікті болмай ма?


iqup
151
Мұң шағу
А
дам күйбең тірлікпен ақиқатты ұмытып 
кететіндіктен намаз сол ақиқатты еске қайта- 
қайта түсіру үшін парыз етілген. Намаз ихрам тәкбірісіз 
басталмайды. Ихрам тәкбірі дегеніміз – намазды 
бастаған кезде қол көтеріп «Аллаһу әкбар» деу. Оның 
алдында тұрған кезде үрейленіп, уайымдайтын ештеңе 
жоқ. Бұл сәтті баланың әкесінен қорыққандағы немесе 
баланың біреу ренжіткенде жүгіріп келетініне ұқсатып 
деп сипаттауға болады. Намазға тұрар сәтте Алланың 
алдына келіп, бүкіл әлемге «Аллаһу әкбар – Алла Ұлы!» 
деп жар сала алдына тағзым иіп, мұң шағасың.
Құранда келген қиссаға көз жүгіртер болсақ, кенеттен 
сүйікті ұлын жоғалтып алған Яқуб пайғамбар: «Мен 
шерімді, қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын 
Һәм Алланың маған үйреткен ілімінің арқасында 
сендер білмегенді білемін», – деген. Олай болса намаз 
Алла Тағалаға мұңыңды айтып, уайым мен үрейден 
арылудың таптырмас тетігі. Алланың алдында әлсіз 
екеніңді мойындап, оған сырыңды ақтарудан арланба. 
Ол сені өзіңнен жақсы Білуші.


МҮМКІНДІК
152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет