О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Географиялық иллюстрация және олармен жұмыс



Pdf көрінісі
бет33/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

4.3. Географиялық иллюстрация және олармен жұмыс 
iстеу әдiстерi
Географиялық көрнекi құралдарға: суреттер, көрiнiстер, 
әртүрлi пейзаждар жатады. География оқулықтарында иллюстра-
ция лық материалдар өте көп берiледi. Көбiнесе көркем суреттер 
та қырып мазмұнына орайластырылып берiледi. Географиялық 
көркем суреттерге арнайы жасалынған қабырғалық картиналар 
жатады. Мысалы, 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттардың 
физикалық географиясы» пәнiнде 20 сериядан тұратын қабырға-
лық суреттер жасауға болады, оған:


49
– саяхатшылар мен зерттеушiлердiң жүрген саяхаттары;
– әр материктiң ашылу тарихы;
– материк бедерлерi; өсiмдiктерi; жануарлары; мұхит ағыс та-
ры; вулкандар, т.б. 
Сонымен бiрге табиғат көрiнiстерiн бейнелейтiн пейзаждар. 
Мысалы, «Көкшетау көрiнiсi», «Қазақстан қорықтары», «Сексен 
көл», т.б. Мұғалiмдер көбiнесе қабырғалық суреттердi, альбом, 
буклет, плакаттарды өздерi жасайды. 
Көркемдеу әдiсi – өте қажеттi оқу құралы. Мұғалiм жаңа 
сабақты түсiндiрiп, қажеттi көрiнiстi суреттен көрсетедi. Неме-
се белгiлi бiр суреттi көрсетiп, ол туралы оқушылардан сұрайды. 
Сөйтiп, сұхбат әдiсiн орнатады. Кейде мұғалiм жаңа сабақты 
иллюстрациямен бастайды. Мысалы, 6-сыныптың физикалық 
географиясында тау және жазық жер өзендерiн өткенде оқулықта 
олардың суреттерi болады. Сонда оқушылар өзеннiң екi түрiн 
бiр-бiрiмен салыстырып көрiп, айырмашылықтарын бiрден 
түсiнедi. Көркемдеу әдiсi сабақтың үстiнде және сабақ соңында 
қолданылады. 
Оқушыларға суреттер арқылы өзiндiк жұмыс та берiледi. Мы-
салы, 7-сынып оқушысы оқулықтағы суретке қарап саваннаның 
географиялық орны, климаты, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, 
т.б. айтып бередi. Суретте бiз баобоб өсiмдiгiн, акацияны, өзен 
жағасындағы орманды көремiз деп бiр оқушы суреттесе, екiншi 
бiр оқушы саваннаны мұғалiм қойған сұрағына байланысты сипат-
тайды. Қысқы саваннаның аспаны бұлтсыз, жасыл өсiмдiктерi 
қурап қалған, баобоб ағаштарының жапырақтары түскен, жа-
нуарлар дүниесi аз деп суреттейдi. Африканың саваннасындағы 
өсiмдiктердi сипаттағанда суреттер мен кеппешөптердi қолдануға 
болады. 
Сынып қабырғасында iлiнiп тұрған суреттердi оқушылар 
жиi көретiндiктен қызықпайтын жағдайлар кездеседi. Ал ашық 
хаттар, фотосуреттердi, т.б. эпидиаскоп арқылы көрсетуге тура 
келедi. Сондықтан көрнекiлiктердi жиi ауыстырып отыру қажет. 
Диапозитивтер мен диафильмдердi қолдану да тиiмдi. Олардың 
әртүрлi маркалары мен түрлерi бар. Мысалы, әрбiр материктiң 
диапозитивi болса, материк мемлекеттерiнiң диафильмдерi бар. 
Вулкандар тақырыбын өткенде диапозитивтер арқылы олардың 


50
құрылысын, атқылауын, орнын, т.б. көрсетсек, жеке «Кракатау», 
«Фудзияма», «Сопка» диафильмдерi арқылы вулкандарға сипат-
тама бере аламыз. 
Диафильмдер диапозитивтерге қарағанда сценарийлерi бар 
кадрлардан тұрады. Диафильм табиғаттың күрделi үдерістерін 
немесе мазмұнын ашуға көмектеседi. Мысалы, «Зiлзала» деген 
диафильмдi көрейiк. Бұл диафильм 4 фрагменттен тұрады;
1. Жер сiлкiнудiң адамдарға зияны. 
2. Зiлзаланың болу себептерi. 
3. Сейсмограф құралы. 
4. Зiлзаладан сақтану жолдары. 
Диафильмнiң мазмұны оқу материалының мазмұнын түгел 
түсiндiрiп бередi. Мұғалiм картадан диафильмде көрсетiлген 
жерлердi көрсетiп, оқушылармен сұхбат жүргiзiп отырады. 
Диафильм материалдары арқылы елдердi, аудандарды, ауыл-
шаруашы лығын көрсетуге болады. Олардың уақыттары 15 ми-
нуттан 1 сағатқа дейiн болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет