О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Сызба арқылы ойналатын ойындар



Pdf көрінісі
бет53/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Сызба арқылы ойналатын ойындар
Сызбада көрсетілген бұғаз қандай теңіздерді қосып тұр. 
Бұғазда қандай портрет бар. Бұғаздың шығыс жағында қандай 
шығанақ бар. 
Жауабы: Сызбада: 1. Керчь бұғазы – Қара теңіз бен Азу теңізін 
қосып тұрады. 2. Керчь порты. 3. Тамань шығанағы.
География сабақтарында бұдан да басқа жазбаша ойындар-
ды ойнатуға болады. Ойынның барлығы да сабақты тартымды 
да қызықты өткізуге себебін тигізеді. Ойынның түрлерін ойдан 
құрастыра беруге болады. 
6.3. Ауызша ойналатын ойындар. 
«Жұлдызды сәт ойыны
Бұл ойынды оқушыларды қатар бойынша немесе жеке оқу-
шыларды тақтаға шығарып жарыстырғанда ойнатуға болады. 
Сабақ өту барысында көз жеткізгеніміздей оқушылардың білім 
деңгейлері бойынша 4-5 оқушыдан шығарып ойнатқан тиімді. 
Ойын шарты бойынша оқушы қойылған сұрақтарға әрі қысқа
әрі тез жауап беруі шарт. Сұрақ мөлшері 30, 40, 50, т.б. бо-
луы мүмкін. Сұрақ мөлшеріне қарай жұлдызға жету шамасын 
белгілейміз. Мысалы, 10 сұраққа жеткен оқушы алтын (5 деген 
баға), 8 сұраққа дұрыс жауап берген оқушы күміс (4), 6 сұраққа 
жауап берген оқушы қола (3) деген баға қоямыз. Ол өз еркіңіз 
бойынша құрастырылады. 
Үлкен ватман қағазға нөмірлер қойылып, сол нөмір оқушы 
кеудесіне тағылады. Ватман қағазға жасалынған қалташаларға 
оқушының жауап беруіне сәйкес жұлдызшалар салынып отыра-
ды. Кім мәреге жетеді, сол алтын жұлдыз иегері болып табылады. 
Мысалы, викториналық сұрақтардың түрлері. 
1. Қазақстан Республикасының астанасы 
(Астана). 
2. Қазақстандағы ең биiк шың 
(Хан-Тәңiрi). 
3. Оңтүстiк Қазақстандағы iрi өзеннiң бiрi 
(Сырдария). 
4. Ең үлкен материк 
(Еуразия). 
Сұрақтар сынып деңгейiне байланысты күрделене бередi. Ол 
мұғалiмдердiң өз қалауы бойынша жүргiзiледi.


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет