О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері



Pdf көрінісі
бет59/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

7.3. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері 
Мiне, осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға 
бiлiм беру жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргiзуге болады:
1) географиялық үйiрмелер. 
2) географиялық апталықтар. 
3) географиялық кештер. 
4) географиядағы өлкетану жұмыстары. 
5) топ серуендер мен танымжорықтар. 
Осы бағытта жүргiзiлген жұмыстар оқушылардың жауапкер-
шiлiк сезiмдерiн, бiлiктiлiктерiн қалыптастыруға мүмкiндiк 
бередi. 
География пәнінен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу әдісі 
төмендегідей болады:
1. Ауызша әдіс (вербальды) – лекция, әңгіме, баяндама, 
сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәріс терді, 
әңгімелесуді, сұхбаттасуды ғалымдармен, экспедиция қызмет кер-
лерімен, мемлекеттік ұйым жұмысшыларымен кездесу ұйым дас-
тыру арқылы өткізуге болады.
2. Практикалық әдіс арқылы топпен немесе жалғыз оқушымен 
практикалық сабақ үстінде жүзеге асыруға болады. Оқушы бұл 
сабақта өздігінен географиялық аспаптар, құралдар, зертханалық 
құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, олар-
ды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге 
асыруды үйренеді. 
3. Бақылау әдісін – оқу барысында, табиғат құбылыстары, 
адам ның шаруашылық әрекеттеріне бақылау ретінде пайдалануға 
болады. 
4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс бақылауға қиын табиғи 
процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсаттарында қолданы-
лады. Мысалы: шөгінді жыныстардың пайда болуын, орналасу-
ын көрсететін тәжірибелер, т.б. тәжірибені алдын ала дайындап, 
оқушылар сыныпта нәтижелерін талқылайды. 


117
5. Конструкциялар мен модельдеу, географиялық құбылыс-
тар дың мәнін түсінуге қажет құралдармен аспаптар моделін жа-
сауға мүмкіндік береді. 
6. Модульді географиялық объектілер морфологиясын (өзен 
аңғары, тау-жыра) зерттеуде қолданылады және зерттелмеген 
объект немесе құбылыс жайлы көлемді түсінік береді. Модель-
дер, сондай-ақ аймақтың экономикасын түсінуге көмектеседі. 
Олар географиялық модельдер. 
7. Экскурсиялық әдіс объектіні және құбылысты табиғатта, 
өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік 
береді. 
8. Объектіні оқу әдісі оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде 
үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс географиялық объектіні зерттеу-
лердің әртүрлі сатыларында қолданылады, зерттеуге дайындық 
кезінде, жұмыс барысында қорытынды жасағанда қолданылады. 
9. Картографиялық әдіс география ғылымында ерекше ма-
ңызды, ол арқылы көптеген есептеулер жүргізіледі. 
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың 
бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ: үйірме, секция, географиялық 
қоғам, географиялық апталық, декада, конференция. 
Үйірме бұл берілген тақырыпқа қызығатын әртүрлі жастағы 
оқушылардың өз еркімен қатысуымен жүргізіледі. Үйірменің 
жос пары, алдымен түрлі тақырыптарға жасалынады. Отырыста-
ры аптасына бір рет немесе одан да жиі болады. Үйірмеге пәнге 
байланысты атау беріледі: «Жас географ», «Саяхатшы», т.б. 
Секция – география үйірмелерінің үлкен бөлігі, өткізілуіне 
қарай ерекшеленеді. Мысалы, геологиялық, гидрологиялық, гео-
ботаникалық, аймақтық секциялар. Оның негізі географиялық 
талаптарға сәйкес құралды. Аймақтық секцияның бірнеше 
түрлерімен шұғылдануына болады: жаяу, таулы, велосипед, су 
шаңғысы, т.б. 
Географиялық қоғамда көпшіліктің қатысуымен ғылыми гео-
графиялық білім насихатталады, қарастыратын тақырыптары 
өте ауқымды. Географиялық үйірме мен қоғамның арасында 
үлкен айырмашылық бар. Жүргізілетін жұмыстар іздену, зерттеу 
бағыттарына негізделген. 
Географиялық апталық – сабақтан тыс жұмыстың бір түрі. 


Ол оқушының географиялық білімін арттыру мақсатында 
сабақтан кейін аптаның алты күні бойы жүргізіледі. Бұл түрдің 
ерекшелігі әртүрлі жұмыс түрлеріне оқушыларды қызықтыру, 
түрлі жаңалықтармен таныстыру, ғалымдардың өмірбаяны мен 
саяхаттарына қызықты әңгімелер баяндау. Оларды түрлі әдістер 
арқылы жеткізу. Мысалы, географиялық конференция, олимпиа-
да, жарыс ойындары, кештер өткізу. Бұл ойындар әртүрлі жастағы 
оқушылардың географияға деген танымдық қызығушылығын 
арттырады. 
Географиялық декада апталық жұмысқа ұқсас, айырма шы-
лығы бір ай көлемінде жүргізіледі. Барлық сынып оқушылары 
түгел қатыстырылады. Тақырыптар кең ауқымды мәселелерге 
негізделіп жасалынады. Соңынан қорытындысы шығарылады. 
Географиялық конференция – сабақтан тыс жұмыстардың 
біршама кең көлемді іс-шараларының бірі. Географиялық сек-
цияларға бөлініп өткізіледі. Онда баяндамалар, қабырға газет-
тері, викториналар, географиялық мазмұндағы кинофильмдер, 
жеке оқушылармен немесе топпен географиялық кештерді 
ұйымдастырады. 


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет