О. И. Матаева сараманды және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісінің есебі


Диаграмма 2. 2009 жылдың 17 қазанына педагогикалық институттың педагогикалық мамандықтар түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет



бет4/22
Дата29.11.2016
өлшемі6,55 Mb.
#2791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Диаграмма 2. 2009 жылдың 17 қазанына педагогикалық институттың педагогикалық мамандықтар түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет
17 қазанға Педагогикалық институттың педагогикалық емес мамандықтарының жұмыспен қамтылу қорытындысы келесіні құрайды (3 диаграмма): 75% 050203 «Тарих»(ғылыми) мамандығы бойынша, 66,7% 050211 «Филология:қазақ тілі» мамандығы бойынша, 60% «География» (ғылыми) мамандығы бойынша, 60,8% 050608 «Экология» мамандығы бойынша, 50% 050501 «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 45,8% 050602 «Информатика» (техникалық) мамандығы бойынша. Жұмыспен қамтылудың ең төменгі көрсеткіштері келесі мамандықтарда: «Құқықтану»-25%, «Халықаралық қатынастар»-20%, «Аймақтану»-16,6%, «Аударма ісі»-14,2%.



Диаграмма 3. 2009 жылдың 17 қазанына педагогикалық институттың педагогикалық емес мамандықтары түлектерінің жұмыспен қамтылу қорытындысы
2009 жылдың 17 қазанына жұмыспен қамтылудың педагогикалық институтының барлық мамандықтары бойынша жалпы көрсеткіші 66,1% құрайды(2008 жылы жалпы көрсеткіш-54,6% құраған). Берілген көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда түлек санының төмендеуімен түсіндіріледі(723 те 1021).

Мәдениет және өнер институтының жұмыспен қамтылу қорытындысы:

Түлектерді тарату шарасы қорытындысы бойынша Мәдениет және өнер институтының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 83,5% (диаграмма 4). Көрсетілген институттың барлық мамандықтарының көрсеткіші 51,9% жоғары. «Хореография», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Вокалдық өнер», «Сәндік өнер», «Кітапханатану және библиография», «Режиссура» мамандықтары жұмыспен қамтылудың 100% көрсетті.

2009 жылдың 17 қазанына мәдениет және өнер институтының барлық мамандықтары бойынша жалпы көрсеткіші 91,5%(200 түлектің 183 жұмыспен қамтылған) болса, 2008 жылы жұмыспен қамтылудың көрсеткіші 88,8% құраған. Бұл көрсеткіш таң қаларлықтай жағдай туғызбайды, өйткені жыл сайын институтқа қабылданған студенттер саны азайып барады, сондықтан түлектер облысымызға қажет мамандар сұранысын қанағаттандырмайды. 2009 жылғы БҚО Мәдениет басқармасы берген мәлімет бойынша, аудандық мәдениет салаларына деген қажеттілік 52 адамды құрады. 17 қазан айындағы мәліметке сүйенсек, мәдениет институтының 131 түлегінің 35-і ғана облыс аудандарына жұмысқа орналасқан. Көп жағдайда университетке басқа облыстардан бос орындар туралы мәлімет түседі, мысалы, Астана қаласынан, сондықтан мәдениет және өнер институтының кафедраларына республиканың басқа аумақтарында кәсіби-бағдар беру жұмысын жүргізудің түрлендіруін ойластыруы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет