Диаграмма 4. Мәдениет және өнер институты түлектерінің мамандықтар аралығындағы жұмыспен қамтылу қорытындысы.
Экономика және басқару институтының жұмыспен қамтылу қорытындысы:
Түлектер тарату шарасы кезінде экономика және басқару институты түлектері ұйымдар тарапынан сұраныс болмағандықтан еркін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды және бұл мамандық түлектері көп жағдайда диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасады. 2009 жылдың 17 қазанында аталған институт түлектерінің 233-нің 165-і (70,8%) жұмысқа орналасқан, 2008 жылы 65% жұмысқа орналасқан. Биылғы оқу жылында сұранысқа ие мамандықтардың қатарында(диаграмма 5)«Қаржы» (94%), «Ақпараттық жүйелер»(82,7%), «Есеп және аудит» (82,6%). Бұл жағдай мамандықтардың әмбебаптылығымен түсіндіріледі. «Туризм» (70%), «Экономика» (60%). «Мемлекеттік жергілікті басқару» (50%), «Менеджмент» (38,6%) мамандықтары жұмыпен қамтылудың төмен деңгейін көрсетті. Университетпен келісім-шартқа ия болмаса меморандумға отырған мекемелерге немесе өндірістік сараманнан және шетел компаниялары қолдауымен стипендиялық бағдарлама бойынша оқытылған институт түлектері осы мекемелерге жұмысқа орналасқан (17 түлек). Осылай КПО б.в шетел компаниясында-5 түлек, «AMEC» компаниясында -2, «Кәсіпкерлік және өндірістік департаменті» ММ-1, БҚО бойынша Салық комитетінде-3, Қалалық әкімшілікте-3, «Алгоритм» Технопаркінде-1, туристтік агенттіктерде-2 институт түлектері жұмыс жасайды.
Диаграмма 5. Экономика және басқару институты түлектерінің жұмыспен қамтылу қорытындысы
2009 жылдың 17 қазанына университет түлектерінің жұмыспен қамтылуының жалпы көрсеткіші 826 адам(71,4%), оның 579 (70,09%) мемлекеттік тапсырыс бойынша, 247 (29,9 %) ақылы негізде оқығандар. Егер 2009 жылы түлектердің жұмыспен қамтылуының көрсеткіші 71,4% болса, 2008 жылы- 60%, 2007 жылы – 79%. 2008 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 70 түлекке кем, бірақ пайыздық қатынаста жұмыспен қамтылу көрсеткіші былтырғы жылғыдан 11,4% жоғары (71,4% жұмыспен қамтылғандар, өткен жылы 60 %). Бұл түлектер санының азаюымен түсіндіріледі, егер 2009ж – 1156 түлек бітіріп шықса, 2008ж – 1494 түлек аяқтады. Сонымен қатар 628 түлек(54,3 %) түлектерді тарату шарасының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылды. «Құқықтану» ( 2009ж -25%, 2008ж – 44,4%), «Аймақтану» ( 2009ж – 16,6%, 2008ж- 29.4%), «Аударма ісі» ( 2009ж – 14,2%, 2008ж – 43,6%), «Халықаралық қатынастар» (2009ж – 20%, 2008ж – 42,3%) «Менеджмент» ( 2009ж – 38,6% ; 2008ж– 71,9%) педагогикалық емес мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмендеп келе жатқанын атап өткен жөн. Мекемелердегі кафедра филиалдарында түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге бағытталған жұмыстар әлі де жеткіліксіз.Мекемелердегі кафедра филиалдарында түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуіне жәрдемдесуге бағытталған жұмыстар жеткіліксіз жүргізілуде. 644 педагогикалық емес мамандықтар түлектерінің ішінен тек қана 45-і мекемелердегі кафедра филиалдарында жұмысқа орналасқан.
Сәуір айының басында бөлім жастар практикасы ұйымдастыруын түсіндіру мақсатымен «Құқықтану», «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Социология», «Тарих» (ғылыми), «Қазақ тілі мен әдебиет», «Аударма ісі», «Экология», «География» (ғылыми) мамандықтары түлектерін «Жастар практикасы» бағдарламасының БҚО бойынша үйлестірушісі А.С. Сарсенгалиевамен және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Он екі аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жұмыспен қамтамасыз етілмеген студенттер туралы мәлімет жіберілді. Маусым айының басында бөлім БҚМУ акты залында университетпен өткізілген шаралар барысында (Түлектерді тарату және «Мансап күні») жұмыспен қамтамасыз етілмеген түлектерге жұмыссыздықтың деңгейін азайту және жастарды әлеуметтік қорғаудағы белсенділік таныту мақсатында Үкіметпен қабылданған іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Бірақ 2009 жылдың 17 қазанына «Аймақтану», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Құқықтану», «Әлеуметтану», «Қаржы», «Халықарлық қатынастар», «Экономика», «Құқық және экономика негіздері», «Менеджмент», «Педагогика және психология», «Экология» мамандықтары бойынша Жастар практикасы бағдарламасы аясында тек қана 58 түлек жұмысқа орналасқан.
Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды саралап, бөлім 2009-2010 оқу жылы университеттің түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуіне жәрдемдесуге келесі ұсыныстар білдіреді:
Университет түлектерін ЖОО бітіргенше жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу және болашақ жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік беру мақсатымен түлектердің электрондық каталогын құрып, инсайтқа орналастырып, БҚО жастарының іскер кеңесінің e-mail-на, қаланың кадрлық агенттіктеріне, аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне жіберу.
Ауылдық жерге жас мамандарды жіберу тәртібі және өз еркімен жұмысқа орналасу құқықтары, білім, мәдениет және спорт салаларындағы жұмысқа барған жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуі туралы 2009 жылдың 18 ақпанындағы № 183 және 2008 жылдың 23 ақпанындағы №58 ҚР Үкіметінің Қаулы бойынша және «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіру мақсатымен бітіретін курс топтарында кураторлық сағаттарын өткізу.
Мекемелерден қатынас қағаздары бар педагогикалық емес мамандықтар түлектеріне тарату шарасын өткізу.
Сараманды ұйымдастыру және жұмысқа
орналастыру бөлімінің жетекшісі: У.И.Матаева
17.11.2009ж
Қаулы жобасы:
Университеттің 2010 жылғы түлектерінің электрондық каталогын құрып, инсайтта орналастыру, БҚО жастарының іскерлік кеңесіне, қаланың кадрлік агенттіктеріне жіберу.
Жауаптылар: сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі
Орындалу мерзімі: 2009 жылдың 4 қаңтары
Ауылдық жерге жас мамандарды жіберу тәртібі және өз еркімен жұмысқа орналасу құқықтары, білім, мәдениет және спорт салаларындағы жұмысқа барған жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы № 183 және 2008 жылдың 23 ақпанындағы №58 Қаулылары бойынша және «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіру мақсатымен бітіретін курс топтарында кураторлық сағаттарын өткізу.
Жауаптылар: сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі
Орындалу мерзімі: 2009 жылдың қазан - 2010 жылдың наурыз айлары
Мекемелерден қатынас қағаздары бар педагогикалық емес мамандықтар түлектерін тарату шарасын өткізу.
Жауаптылар: сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі,
кафедра меңгерушілері, декандар, экономика және басқару институтының
директоры.
Орындалу мерзімі: 2010 жылдың мамыр айы
Әрбір тараудың шешімін орындауды қадағалау инновациялық-әдістемелік жұмысы департаментінің директорына жүктелсін.
2009 жылдың 27 қарашасындағы Ғылыми Кеңестегі есеп
«2009 жылғы түлектердің жұмыспен қамтылуының қорытындысы»
2008-2009 жылы жас мамандарға деген жаңа талаптар мен еңбек нарығындағы сұраныстарын есепке ала отырып, бөлім келесі жұмыстарды атқарды: «Мамандарды дайындау аясында әлеуметтік серіктестікті дамытудың мәселелері» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді, БҚО әкімдігімен екіжақты және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының БҚО филиалы мен «БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ-мен үшжақты меморандумға қол қойылды; әр түрлі мамандықтар студенттері мен шетелдік компаниялары, мемлекеттік мекемелер, Атырау облысының білім беру бөлімінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды; «Мансап күні»; түлектерді тарату шарасы және қалалық бос орындар жәрменкесіне қатысу.
Қазан айында БҚО әкімдігімен облыстағы жоғары дәрежелі маманды даярлаудағы қарым-қатынас меморандумына қол қойылды. 18 желтоқсанда ұйымдастырылған дөңгелек үстел шарасына 32 мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, шетел компаниялары КПО б.в, «AMEC», БҚО «Атамекен» Одағы, облыстық және қалалық білім беру бөлімдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысының барысында 3-жақты меморандумға қол қойылып, отырыс қатысушылары ұсыныстар қабылдады.
Ақпан айында 4 курс студенттері университет ұйымдастырған аудандар әкімдері мен «Нұр Отан» жастар қанатымен өткізілген «Жас маман- ауылға» атты шараға қатысты. Студенттер білім және мәдениет аясында ауылға баратын жас маманға көрсетілетін әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметті жетік меңгерді.
2009 жылдың 9 сәуірінде 4 курс студенттері мен қала және облыс мекемелерінің өкілдері қатысқан «Мансап күні» шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты түлектердің жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесуі және олардың негізгі талаптарымен танысып, қызықтырған мекемелерге түйіндемелер тапсыруға мүмкіндік алуы болып табылды. Шараға әр түрлі саладағы 40 мекеме (банктер, мемлекеттік мекемелер,туристтік фирмалар, мұнай компаниялары, мәдениет және басқа) өкілдері қатысты.(өткен жылға көз салсақ 27 мекеме болған).
Жастар практикасы мен «Жас маман-ауылға» атты бағдарламаны түсіндіру мақсатында Облыстық жұмыспен қамту, «Нұр Отан» демократиялық партиясы және «Атамекен» Одағы экономикалық палатасының мүшелерімен 4 курс студенттерінің кездесуі өткізілді.
«Мансап күні» шарасы аясында «Аударма ісі», «Аймақтану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттерімен шетел компаниялары «КПО б.в» және «AMEC» қызметкерлерінің кездесуі өтіп, олар бітіруші түлектерге жұмысқа қабылдаудағы шарттары, бос жұмыс орындары және түйіндемелер толтырудағы ережелер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ММ «Жайық-Каспий экология департаменті» әкімшілігімен «Экология» мамандығының студенттерінің кездесуінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудағы басты талаптар мен міндеттері түсіндірілді.
Түлектерді тарату шарасын ұйымдастыруда бөлім келесі жұмыстарды атқарды:
Қазан-қараша айларында қала және аудандық мәдениет, білім беру бөлімдерінен жас мамандардың қажеттілігі туралы сұраныстары бойынша мәлімет жиналды. Бұл мәлімет кейін ақпан-наурыз айларындағы Облыстық білім беру және мәдениет басқармаларынан алынған жас мамандардың қажеттілігі туралы сұраныстармен салыстырылды.
2009 жылдың 7-8 сәуірінде бөлім педагогикалық мамандықтар студенттері мен Атырау облысы Индер ауданының білім беру қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мұнда ауданның білім беру бөлімінен келген қызметкерлер педагогикалық мамандық студенттерін Индер ауданы мектептеріне шақырып, жас маманға көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктері туралы сөз қозғады. Кездесу қорытындысы бойынша 12 студент көрсетілген ауданда жұмыс істеуге келісті.
14-15 сәуір айында 4 курс студенттері мен Атырау қаласының әкімінің орынбасары және білім беру бөлімінің меңгерушісімен кездесу өткізілді. Студенттерге көрсетілетін бос орындар мен әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндірілді. Кездесу барысында 27 студент көрсетілген аймақта жұмыс істеуге келісті.
2009 жылдың 16 сәуірінде университетте педагогикалық институт және өнер институтының 4 курс студенттеріне арналған түлектерді тарату шарасы өткізілді. Шараға облыс аудандарының білім беру бөлімдері, мәдениет бөлімдері, Орал қаласының білім беру және мәдениет бөлімі, Атырау қаласының әкімдігі мен білім беру бөлімі, Индер ауданы, Білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы қатысты.
Наурыз-маусым айлары бөлім облыстық және қалалық жұмыспен қамту мекемелерінің қызметкерлерімен бірігіп, университет өткізген шаралар қорытындысы бойынша жұмысқа орналаспаған түлектерді Жастар практикасы бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар жұмысқа орналаспаған түлектер Жастар практикасы бағдарламасын үйлестірушілер қатысқан қалалық бос орындар жәрмеңкесіне шақырылды.
2009 жылғы түлектер саны-1156 адамды құрады. Оның 723- педагогикалық институт түлектері, 233- экономика және басқару институты түлектері және 200- мәдениет және өнер институты түлектері.(62,5%, 20,1%, 17,3%). Дайындау бағыттары бойынша (1 диаграмма) бітіріп шыққан студенттер құрылымы мынадай: бәрінен көбі - «Білім беру» тобындағы мамандар-44%, «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағытын түлектердің 20% құрайды.
Түлектерді тарату шарасына 923 студент қатысса, педагогикалық институттың 461 студенті мен мәдениет және өнер институтының 167 студенті жұмыспен қамтылды ( 2008 жылы педагогикалық институттың 554 студенті, мәдениет және өнер институтының 119 студенті жұмыспен қамтылған болатын). Түлектерді тарату шарасының қорытындысы бойынша түлектердің жұмыспен қамтылуы келесіні құрайды 54,3%(1156 түлектің 628), 2008 жылы көрсеткіш 45% (1494 түлектің 673).
Педагогикалық институт бойынша жұмыспен қамтудың қорытындысы:
Түлектерді тарату шарасы кезінде жұмыспен қамтудың жоғары пайызын (диаграмма 2) мына мамандықтар көрсетті: «Информатика», «Бастапқы әскери дайындық», «География»(100%), «Математика» (97,3%), «Дене шынықтыру және спорт» (92,6%), «Физика» (91,7%), «Орыс тілі мен әдебиеті» (91,7%), «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (91,3%), «Химия» (90,9%). Жұмыспен қамтудың ең төменгі пайызын «Экология» (19,6%), «Аударма ісі»(14,2%), «Әлеуметтану» (18,8%), «Халықаралық қатынастар» (15,6%), «Құқық және экономика негіздері» (0%). Бірақ 2009 жылдың 17 қазанындағы мәліметке сай көрсеткіш көтерілді (диаграмма 3): «Экология» (60,8%), «Әлеуметтану» (50%), «Халықаралық қатынастар» (20%), «Құқық және экономика негіздері» (59%), өйткені бұл мамандықтардың жұмысқа орналасуы диплом алғаннан кейін іске асады. Мысалы, «Экология» мамандығының түлектері мектептерге жұмысқа орналасты, өйткені диплом қосымшасында сараманның және әдістеменің бағалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |