Тақырыбы: «Отбасылық салт-дәстүр»
Мақсаты: Ата-аналармен балабақша арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Ата-аналарға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
сөздері жайында мағлұмат беру.
Ата-аналардың бір-біріне деген көз қарасын кеңейту.
Көрнекілік құралдар: Бесік, үй суреттері, сиқырлы қоржын, асықтар,
гүлдер, сыйлықтар т.б., билеттер дайындау,
хабарлама жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы
Жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты балабақша қызметкерлері, балалар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда, денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Биылғы жылы Наурыз мерекесін өзгеше түрде өткізгелі отырмыз.
Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар, сіздер осы қасиеттерді кішкентай балапандарыңыздың бойына сіңіресіздер. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар. Өйткені біздің балапандардың бойына сіңіретін тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге байланысты. Сондықтан, арнайы осы мерекеге «Отбасылық салт-дәстүр» тақырыбында отбасылық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға мектепалды даярлық тобынан Калифановтар отбасы, «Қызғалдақ» ортаңғы тобынан Женисовтар отбасы, «Айгөлек» ІІ кіші тобынан Алемхановтар отбасы және «Еркетай» І кіші тобынан Құспековтер отбасы келіп отыр, қошеметтеп қарсы алып отырайық.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей келе бүгінгі сайысымыздың бет-пердесін ашуға, ақ жаулықты әжелеріміз келіп отыр. (музыка)
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Әжелер шашу шашып, тілектерін айтады.
Қошеметпен сайыскер отбасыларын ортаға шақырайық. (музыка)
Бар асылын халықтың
Құйған сана ойына
Туған тілім өркенде
Баса берші күшті, көркемде
деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор ілтипатпен бағалап, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартып, білмегенімізді білейік.
Сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең: Сәлем беріп, отбасын таныстыру
Екінші кезең: Білгенге маржан
Үшінші кезең: Сиқырлы дорба
Төртінші кезең: Өнерлі саусақтар
Бесінші кезең: Сөздің мағынасын тап
Алтыншы кезең: Өнерлі өрге жүзер
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап. (музыка)
1. Р.О.Бектыбаева - мектеп директоры
2. Л.Н.Алимбаева – тәрбие ісінің меңгерушісі.
3. Б.Ж.Жұмықбаева – Бастауыш сынып мұғалімі.
Ата-бабамыз айтқандай «Алты жыл аш болсаң да, атаңнын салтын ұмытпа дегендей бүгінгі « Отбасылық салт-дәстүр» - атты сайысымызды бастаймыз. (Музыка)
Бірінші сайыс – «Сәлем беріп, отбасын таныстыру»
Балаға отбасында қазақ халқының салт дәстүрін қалай дәріптейтініне тоқталу.
Әкелер, аналар мен ботақандар,
Келіп жетті сайысқа танысуға,
Көрсетіп, өздерін жан-жақты.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әр отбасына кезегімізді берейік, өздерін таныстырып өтсін
1. Мектепалды даярлық тобынан Калифановтар отбасы
2. «Қызғалдақ» ортаңғы тобынан Женисовтар отбасы
3. «Айгөлек» ІІ кіші тобынан Алемхановтар отбасы
4. «Еркетай» І кіші тобынан Құспековтер отбасы
Жүргізуші:
Әділқазылар бағаларын шығарғанша, сіздерге «Айгөлек» ІІ кіші тобының «Наурыз тойы» әнін тарту етеміз. Ән: «Наурыз тойы»
Екінші сайыс: «Білгенге маржан»
Алдын ала дайындалған үш-төрт конвертке мақалдың бір қатары ғана жазылады:
«Би болмасаң да...»,
«Алтау ала болса ..., Төртеу түгел болса....»,
«Дүниесіз қыз болса да...»,
«Айдағаны бес ешкі...», т.б. жалғасын табу керек.
Жауаптары:
«Би болмасаң да, би түсетін үй бол»,
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,
«Дүниесіз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды»,
«Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады».
Жүргізуші:
Сайыскерлеріміз дайын болғанша «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің Наурыз мерекесіне дайындап келген тақпақтарына кезегімізді берейік.
Қазылар алқасы сайысты бағалайды.
Үшінші сайыс : Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық нөмірленген асық алып, тапсырма беру.
1. Киіз үй жабдықтарын атаңыз. Осы жалпы үйге байланысты ырым-тыйым айтыңыз.
2. Бесіктін қасиеті, оны неден тұратыны атау. Баланы бесікке салу дәстүрін көрсету. Осыған байланысты ырым-тыйым сөздер.
3. Қазақтың ұлттық киімдерін атау. Мақал-мәтелдер киімдерге байланысты.
4. Зергерлік бұйымдарды атау. Қол өнеріне байланысты мақал-мәтелдер. Қазылар алқасы сайысты бағалағанша қыздардың орындауында «Аққу» биі орындалады.
Жүргізуші:
Сайыскерлеріміз асықпай сұрақтарына дайындалғанша «Қызғалдақ» ортаңғы тобының «Наурыз келді жаңа жыл» ән шашуын қабыл алыңыздар.
Ән: «Наурыз келді жаңа жыл»
Төртінші сайыс: «Өнерлі саусақтар» - әр отбасына қолдан бір бұйым жасап келу ұсынылынған.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Жел жалқытса шығады,
Ой түбінде жатқан тас
Шер толқытса шығады - дей келе, бірінші сайыскерлеріміз мектепалды
даярлық тобынан Калифановтар отбасына беріледі. Қолдан жасалған
бұйымыңызды таныстырып өтсеңіз.
Екінші сайыскерлеріміз «Қызғалдақ» ортаңғы тобынан Женисовтер
отбасы.
Үшінші сайыскерлеріміз «Айгөлек» ІІ кіші тобынан Алемхановтар
отбасы.
Төртінші сайыскерлеріміз «Еркетай» І кіші тобынан Құспековтер отбасы.
Келесі бесінші сайысымыз: (Берілген сөздің мағынасын тауып айтып, түсіндіру керек. Қоржыннан асық алу).
1. Көгентүн – туыс, ілілік, жұрағат адамдардың қазаққа келгенде, оның баласына ескерткіш ретінде, сый ретінде берілетін мал, қозы т.б. Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, ата-аналар ушін құрметтеудің белгісі.
2. Байлау – «Бері кел, бала мынаны!» соғып алған анды, олжаны, тауып алған затты әр адам жанындағы кісілерге сыйға тарту. Мұны «байлау» дейді.
3. Қарғыбау – қыз сұрап құда түсуге кеоген адам көздеген жеріне алдымен «жаушы», яғни құдалық жолын сөйлеуші беделді адамды жібереді. Екі жақ келіскен жағдайда алдағы той, қалың мал мөлшері анықталады. Жаушы қыз әкесіне «Қарғыбау» ұсынады.
4. Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады. Жасауды – қыздың еншісі демеде болады. Халық өыздың жасауына аса зор көніл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген екен.
Сайыс арасында «Қызғалдақ» ортаңғы топ балаларының тақпақтары орындалады.
Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы алтыншы кезеңі: «Өнерлі өрге жүзер»-деп аталады.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Жүргізуші:
Міне, сайысымыздың соңына да жеттік. Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша мектепалды даярлық тобының «Қош, келдің төрлет Наурызым» ән шашуын қабыл алыңыздар.
Даярлық тобының Наурыз мерекесіне дайындаған тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар.
Жүргізуші: (ақырын күй орындалып тұрады)
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады . Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр . Ендеше, бүгінгі Наурыз мерекесіне біздің шаңырағымызға да Қыдыр келіп, бақ дарытпақ. Қыдыр атаны қарсы алайық.
(Музыка ойнап Қыдыр ата кіреді)
Қыдыр ата ортамызға келіп тұр, бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып алайық, атамыздың Ақ батасын алайық.
Қыдыр ата:
Амансыңдар ма, балаларым-шырақтарым және қонақтар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Келіп қалдым өздеріңе қонақ боп, әр шаңыраққа «құт», «дәулет», «ырыс» боп, қонайын деп. Қолымызды жайайық, менен бата алып бақ, дәулетті болыңдар.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
Жүргізуші:
-Әумин, ата айтқаныңыз келсін.
Қазылар алқасы сайысты қорытындылағанша, ойын «Мақтау» («Комплимент»).
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар біріншіден сіздерге рахмет, осы сайысқа уақыт тауып келгендерініз үшін, тіл байлықтарыңызбен, шеберлігініз үшін, сөз байлығы – тіл байлығы. Тіл байлығы - ақыл байлығы демекші.
Сіздердің белсенділіктеріңіз арта берсін деп, отбасыларыңызға, амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Қазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі А.Р.Елтайқызына сөз береміз.
Өнегелі отбасы, шебер отбасы, өнерлі отбасы, білімді отбасы денгейі бойынша сыйлықтармен марапаттайды.
Диплом тапсыру, сыйлықтар беру.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді.
Баланың отбасын таныстыруы
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
Атым Ералы болады сұрасаңыз,
Найман екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Самат — асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым — Меріерт Қадірахманқызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.
Атыма кір келтірмей өтсем,
Сенің мойынан түсер перзент жүгі.
Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.
Тақырыбы: Жарасымды отбасы
Өткізілу түрі: сайыс
Мақсаты: Ата-аналар мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту, олардың өз ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың көне сөздері және ырым-тыйым сөздері жайында мағлұмат беру. Ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген түсінушілік көз қарастарын кеңейту.
Көрнекті құралдар : Сиқырлы қоржын, асықтар, конверттер, қағаз, қайшы, желңм, түрлі-түсті қағаздар, әр түрлі табиғи материалдар, қыл-қалам, картон, салфетка, сыйлықтар т.б.
Әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы : Ата-аналармен таныстыру:
1. Ермахандар отбасы;
2. Қалдарбековтар отбасы;
3. Хангожиндер отбасы;
4. Сәкім отбасы;
5. Абрахмановтар отбасы;
6. Хасеновтар отбасы.
Жүргізуші : Бар асылын халықтың
Құйған сана ойыңа
Тұған тілім өркенде
Қалаберші күшті көркемде.
«Тәрбие басы отбасынан басталады» деген, бүгінгі «Отбасылық салт-дәстүр» атты сайысымызды бастайық.
Жүргізуші : Енді, осы сайыскерлерге сараптап, әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Балабақша меңгерушісі – Абдрахманова Рәйзә Елтайқызы
2. Әдіскеріміз – Жібек Ғизатқызы
3. Психолог маманы – Ақжарқын Бәделқызы
Сіздерге осы сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
Таныстыру
Балаларға сұрақтар
Ата-аналарға сұрақтар
Өз өнерлерін көрсету
Мақал-мәтелдер
Шеберхана
Жұмбақтар
Ойын
Жүргізуші : ата-аналар мына жерден бір-бірден нөмір алыңыздар. Сосын ретпен кім бірінші сол кісі бастайды. Әрі қарай жалғастыра бересіздер.
Бірінші сайыс: Таныстыру (Әр отбасы өздерін өтеді).
Екінші сайыс: Балаларға сұрақтар (Қаржыдан асықтар алып ондағы нөмірлерге байланысты сұрақтар беріледі).
Жыл мезгілдерін ата?
Қандай үй жануарларын білесіндер?
Бір жылда неше ай бар, атап бер?
Қандай ұлттық ойындарды білесін?
Алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?
Тыйым сөздер?
Үшінші сайыс: Ата-аналарға сұрақтар. Конверттер тандап алып, оның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
Жеті қазынаны ата?
Жеті атаны ата?
Киіз үйдін түрлері?
Ұлттық музыкалық аспаптрады атаңыз?
Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?
Зергерлік бұйымдар?
Бесік қандай бөліктерден тұратынын атаңыз?
Қазақша жыл аттарын санау.
Наурыз көже қкалай жасалады?
Мұсылманның бес парызын атаңыз?
Төртінші сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы.
Жүргізуші: Мен, қазір бір жолын айтамын, Сіздер әрі қарай жалғастырасыздар.
Өнер он іспен тең
Өнерпаз он кісімен тең.
Ақылдан асқан байлық жоқ
Кітаптан асқан қазын жоқ.
Еңбек етсен ерінбей
Тояды қарнын тіленбей.
Әзілін жарасса атаңмен ойна.
Сөз тапқанға, қолға жоқ.
Сәбидін тілегі қабыл,
Атаның батасы қабыл.
Ұлт қасиеті – тілінде, Құс қасиеті – қанатында.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Бесінші сайыс: Өнер көрсету.
Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі, қнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр, сонша қауым.
Би билеп, ән салып бер енді. – демекші, ендігі кезекті өнерге береміз. (Әр бір отбасы өз өнерлерін көрсетеді).
Алтыншы сайыс: Шеберхана
Жүргізуші: Әркімге керек қол өнер,
Он саусағынан он өнер.
Түгел болар дүниең,
Біліп алсаң оны егер.
Келесі кезекті қол өнерге береміз (7 минутта әр түрлі заттар жасау).
Жетінші сайыс: Жұмбақ сайысы.
Жүргізуші: Ойнайықта, ойлайық қандай жұмбақ болсада шешпей оны қоймайық.
Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Бір көрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-үйқыш
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жинағанда бәрақ уыс. (Киіз үй)
Қолы бар, саусағы жоқ,
Мойыны бар, басы жоқ.
Әжем уыстап сығып кептірген,
Қатты, әрі тәтті делік,
Кім бар жеп көрген? (Құрт)
Ұшады қанастыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза, жаза арықтаған. (Бор)
Жазу үшін соған, қажет қағаз. (Қалам)
Бір нәрсе өзі жансыз, іші талпақ,
Бір қолы шекесінде шыпамактап,
Бір мұрны, бір ауызы бар, бәр қалпағы,
Өзінің аяғы жоқ табаны жалпақ. (Шәйнек)
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Жүргізуші: Енді әділ-қазылар сіздердің ұпайларыңызды, есептеп, санағанша біз сіздермен ойын ойнайық.
Ойын: «Жыланның құйрығын басып кетпе».
Жүргізуші: «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар»- демекші, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Өнерлі отбасы, өнегелі отбасы. Шебер отбасы, білімді отбасы деңгейі бойынша сыйлықтармен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |