О қыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.
Қазіргі уақытта еліміздегі жағдайларға байланысты студенттер мен оқушылардың қашықтықтан білім алуына байланысты қашықтықтан оқыту құралдары кеңінен қолданылып жатыр.Мысалы, жаңа информациялық технология құралдарының кеңінен қолданылуы.
Студенттер мен оқытушылар ұялы байланыс, компьютерлер мен ноутбук, планшеттер арқылы байланысқа түсіп, білім алу және беру үдерістерін жалғастыруда.
С абақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |