О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет55/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

9
-cабақ 
АРЫЗ
 

 
Анықтамасы:
 
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары 
бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек ай
-
тылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын 
ісқағазы.
 
Дәлірек айтсақ, 
арыз 
– 
бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшы-
сына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды 
тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін 
жазылатын құжат түрі. 
Арыздың негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын 
заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты 
көрсетілуі керек. 
Арыз, көбінесе, жеке адам атынан жазылады. Сондай-ақ ұжымның 
мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де болады. Арыз белгілі бір 
себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз 
онда айтылған мәселені шешуге құқы бар лауазым иесіне жазылады. 
Өтініш құжат ретінде кеңседе тіркеліп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін 
ғана ресми құжат болып есептелінеді. Арызда да өтініштегі сияқты ме-
кеме басшысының бұрыштамасы қойылады (Арыз тиісті орынға келіп 
түскеннен кейін, оған бұрыштама қойылады. Мысалы: «Қаралсын», «Ко-
миссия құрылсын» т.б.).
Арыздың 3 түрі бар: 
• 
өтініш түрінде жазылатын арыз
• 
шағым түрінде жазылатын арыз; 
• 
түсініктеме түрінде жазылатын арыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет