ӘӨЖ: 543. 48
Кішібаев Қ.О., Мырзахметова Н.О.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс – тәсілдері. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу - тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді. Атап айтқанда, В.В.Ворнов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, ал М.Чошанов технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады 1.
Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданылады екен.
Солардың ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы қазіргі кезеңде көп қолданылып жүрген технологиялардың бірі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану2.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде оқушыға, білім алушыға берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама3.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
6) сын тұрғысынан ойлауды бағалау. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» кезеңдерін қарастырайық: 4.
1. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру5.
2. Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
3.Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіруге үйренеді6.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы 9-сыныпта «Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері» тақырыбына қолдануды көрсетейік.
Сабақ тақырыбы: Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері.
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Азоттың периодтық жүйедегі орнын көрсету. Табиғатта кездесуі, химиялық және физикалық қасиеттері, қолданылуы жайлы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.
3.Тәрбиелік: Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, плакаттар, анықтамалық кітаптар.
Сабақ жоспары:
1.Үй тапсырмасы-«сұрақ-жауап» (10 минут)
2. Жаңа сабақ (20 минут)
3. Бекіту (7 минут)
4.Үйге тапсырма (3 минут)
5. Бағалау (5 минут)
Сабақ барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері?
2. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер?
3. Екі шыны стақанға бірдей етіп құйылған концентрлі және сұйытылған күкірт қышқылын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
4. Концентрлі күкірт қышқылын суда ерітудің ережесін айтып, ондағы жүретін физикалық құбылысты түсіндіріңдер?
5. Күкірт қышқылы мен сульфаттың қолданылуын айтып беріңдер.
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту (сабақ тақырыбын слайд арқылы көрсетеді). Әр оқушыға сараптау кестесі беріледі.
Кесте 1 - Сараптау кестесі
Білемін
|
Үйрендім
|
Білгім келеді
|
1.
|
2.
|
3.
|
|
|
|
Кластер (топтастыру) стратегиясын қолданамыз. Оқушылар берілген тақырыпты график түрінде жүйелейді, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастырады.
16. Мағынаны ашу. Оқушыларды топтау, топтарға берілетін тапсырмалар.
Бірінші топ тапсырмасы-Азоттың периодтық жүйедегі орны, маңызы.
Екінші топ тапсырмасы-Азоттың физикалық және химиялық касиеттері.
Үшінші топ тапсырмасы-Азоттың қолданылуы.
Топтар алдымен жұппен, одан кейін топпен жұмыс істейді.
Соңынан әр топ өкілі тақтада түсіндіреді (сөйлеу кезінде слайдтар беру).
Ой толғау.
Бекіту.
1. Жеке оқушымен жұмыс.
2. Оқушылар «Синквэйн» тәсілін қолданып, «Азот» тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастырады.
3. Сараптау кестесін толтыру.
4. Азоттың жіктелуіне арналған концептуалдық дөңгелек құрастыру.
4.Үйге тапсырма беру.
5. Бағалау.
Бағалау 1-ші топтық жұмысқа, 2-ші әр оқушының жеке жұмысына қойылады.
Резюме
В статье рассматривается методы применения технологии критического мышления на уроках химии.
Summary
In article is considered methods of use of technology of critical thinking at chemistry lessons.
Әдебиеттер
1.Құрманалиев М.Қ., Рысқалиева А.Қ. Химияны оқытудың қазіргі технологиялары, Алматы,2013. –284б.
2.Коржуев А.В., Попков В.А., Рязанова Е.Л. Как формировать критическое мышление? // Высшее образование в России. 2001. №5.с.55–58.
3. Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. – №1.7
4.Ә. Қабдешова Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті. №10.35-45 б.
5.А. Ташенова Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование . –2006. – №2.15–18 б.10
6.Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы // Білім-Образование.-2007. – №5.12–23 б.
7. Т. Сабыров Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.24
8. Н.А. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы. «Даир». 2007.289–б.32
9. Б. Қалапбергенова Инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәсілдері. Қазақстан мектебі. – 2010.-№ 9 53-55-б.33
10. Ғ. Закиров Жаңа технология – сапалы білім негізі. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 26-27-б.
11. С. Ысқақова Сыни ойлауға жетелеу. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 39-40-б.
12. Р.Е. Темірханова Сын тұрғысынан ойлау сабағын өткізу тәжірибемнен. Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – №5 36-40-б.
Достарыңызбен бөлісу: |