Бәйшешек тобы
|
№
|
Аты - жөні
|
1-сұрақ
|
2-сұрақ
|
3- сұрақ
|
4- сұрақ
|
1
|
Мұсақұл Жадыра
|
4
|
3
|
5
|
4
|
2
|
Атырау Абылай
|
2
|
2
|
5
|
5
|
3
|
Нұрымбетова Ақманат
|
4
|
4
|
2
|
3
|
4
|
Сапар Ұлар
|
3
|
0
|
5
|
5
|
5
|
Түзелбек Нұрислам
|
4
|
5
|
3
|
2
|
6
|
Құралбай Марал
|
5
|
3
|
2
|
5
|
Барлығы:
|
22
|
17
|
22
|
24
|
Сауалнаманың диаграммалық көрсеткіші:
Осы сауалнамаларымыз арқылы балалардың ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға, балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету. Үлкендердің көмегімен гүлдерді суару, ағаштарға су құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды қойып шығу сияқты жұмыстарды қалай жасай алатынын байқадық. Байқасаныздар бірінші, екінші және төртінші сұрақтарға Балапан тобының балалары «Бәйшешек» тобының балаларына қарағанда төменірек жауап берген, ал үшінші сұрақта керісінше «Бәйшешек» тобы жоғары болды. Бұл сұрақта «Балапан» тобының балаларының еңбекке деген қызығушылығы көрініп тұр. Дегенмен де, «Бәйшешек» тобының балалары да өздерінің еңбекке деген құштарлығын, қызығушылығын жақсы көрсетті.
1.«Табиғатты аялайық» оқу іс-әрекеті.
Мақсаты: балаларды табиғатты, өсімдіктерді, ағаштарды аялауға, құстар мен жануарларға қамқорлық көрсетуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің жүргізілу барысы: 4-5 жастағы балаларды екі топқа бөліп, әр топқа әр түрлі тапсырмалар бердім.
Бірінші топ қатты қағаздан құстарға үйшік жасады, екінші топ құстарға арналған жем салғыш жасады және оларды өз қалауларынша бойынша бояды.
2.«Табиғат қамқоршысы» еңбек әрекеті.
Еңбек әрекетінің өту барысы: Балалардың бір бөлігі өздерінің оқу іс-әрекеті барысында жасаған үйшік және жем салғыштарын тәрбиешінің көмегімен ағашқа орнатты, ал екінші бөлігі үлкендердің көмегімен гүлдерге, ағаштарға су құйды.
3. «Ұлттық өрнек» оқу іс-әрекеті.
Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнектері жайлы мәлімет беру, оларды қастерлеуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің жүргізілу барысы: Балалар үстелге дөңгелене отырып,түрлі түсті қағаздардан оюлар жасады.
4.«Сыйлық» оқу іс-әрекеті.
Мақсаты: Балаларды қатты қағаздардан, түрлі түсті қағаздардан сыйлықтар жасауды үйрету (аналарға раналған ашық хаттар, гүлдер, шыршаға арналған шынжырлар, т.б.).
Оқу іс-әрекетінің өту барысы: Балалар түрлі түсті қағаздардан аналарына арнап 8-ші наурыз мерекесімен құттықтап ашық хаттар жасады және оны аналарына сыйлады.
Нәтижесі: Балалар табиғатқа, құстарға қамқорлық көрсетуді, оларды аялап, күтіп-баптауды үйренді.Өз қолдарымен ұя жасап, епті екендерін көрсетті. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен танысып, мағлұмат алды. Қағаздардан түрлі сыйлықтар жасап үйренді және өз еңбектерінің жемісін көріп, оның жақындарына қандай қуаныш сыйлайтынын көріп, білді.
Қорытынды
Мектепте дейінгі еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, балабақша балаларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
М. Жұмабаевтың әрбір ұлттың баласы өз ұлтының ортасында, сол ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті деген ойы бүгінгі күн талабымен қабысып отырған тұжырым. Ә. Диваев қазақ балалары күнделікті тұрмыс салттарында көріп, ұстап жүрген төрт-түлік малды өздері қолдарымен саз балшықтан жасайтынын (ат, түйе, қой, т.б), ол ойыншықтар мен қуыршықтардың, европалық фабрикада жасалған ойыншықтарға қарағанда баланың қиялдау қабілетін әлдеқайда дамытатынын айтады [23, 45-48б].
Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығы Я. И. Базик, Э. К. Гульян, В. Ф. Ждан, Е. Я. Беляевның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е. Б. Горунович, У. А. Карамзин, А. В. Пантелеевалар мектеп жасына дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыруды екі бағытта: әртүрлі материалдардан сыйлықтар жасауға; екіншіден, топты мерекеге қарсы әшекейлеуге, көрмені безендіру әрекеттерін жүргізу деп бөледі. Қазақ психологтары А. Темірбеков, С. Балаубаев еңбектерінде дені сау балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа бейімділік болатынын айтады. Қол еңбегі баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан нәрселер істейді, әрекет үстінде ұғымдылық, тапқырлық ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке деген қарапайым дағдылары көзделген міндеттерге сай болар еді
[24, 18 б.].
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер бар екені Т. А. Маркова, Л. В. Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартқым келеді [25, 21 б.].
Сонымен қатар, балабақша балаларына арналған оқу іс-әрекеттерін қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық нақыштарымен байланыстыра отырып балаларға еңбек әрекетін үйретсек ұтымды болады деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан, 2 наурыз ,2006 ж.-16
2.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012 ж.-4
3.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009 ж. -15-17
4.«Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011 ж.-179-181
5.«Ұстаздар ұясы» Павлодар 2004 ж.-45-52
6.«Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975 ж.-10-17
7. Ә.Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - А., «Рауан» 1992 ж.-15-16
8. В.И.Ядэшко,Ф.А.Сохин «Мектеп жасына дейінгі педагогика» - А., «Мектеп» 1982 ж.-14-20
9.Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» - А., «Фолиант» 2008 ж.-30-45
10.Ә.С.Әмірова «Мектепке дейінгі педагогика» - А., «Алматы кітап» 2008 ж.-215
11. М. И. Нүсіпбекова, Ә. Б. Арғымбаева «Әдістемелік құрал» -А.,«Арман» 2007 ж.-20-21
12.Т.Н.Попова «Мектепке дейінігі жалпы білім беру бағдарламасы» - А., 2011 ж.-180-181
13. А.С.Макаренко «Тәрбие мақсаты» – М 1958 ж.-112-115
14.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.-182-184
15. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990 ж.-77-85
16. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995 ж.-125
17. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері.-56-58
18. Шалғынбева Қ.Қ. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы.-315
19. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж.-185-187
20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». - Астана қ., 2004 ж.-58-66
21.Балабақшада баланы мектепке дайындау. Әдістемелік нұсқау. -Алматы. Шартарап, 2000. (М.С. Сәтімбековамен авторлық бірлестікте). -95
22.Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. - Астана, 2010 ж. -85-88
23.Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж. -45-48
24.Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , - Алматы: Шартарап, - 2000 ж.-18
25.К. Тасмағанбетова. Адамгершілік – адамның басты құндылығы. // Бала мен балабақша. Республикандық педагогикалық журнал, № 3, 2011 ж.-21
Қосымша: A
Тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің»
Сабақтың мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Тәрбиеші сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл,Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы: Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы осындай.
Ой шақыру
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын
айқындау.
Сөзжұмбақ шешейік.
1. Қасиетті сан.
2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап»
4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)
5. Аптаның соңғы күні.
Әңгімелесу
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек».
Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш бала (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді.
Сергіту сәті
1. Денеге арналған жаттығу
2. Көзге арналған жаттығу
Тыныштық сәті
Дәптермен жұмыс
Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құраңдар, суретті бояңдар.
Қорытындылау
- Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген бала әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.
Жүректен – жүрекке
Қосымша: Б
Тақырыбы:. Балабақшадағы еңбек тәрбиесі
Мақсаты: Білімділігі: Қағазды қатпарлап бүктеу әдісін пайдаланып «Тауыс» құсын жасап үйрету.
Тәрбиелігі: Қол еңбегін бағалауға тәрбиелеу.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Балалардың қағазды қатпарлап бүктеу туралы дүниетанымын дамыту.
Сабақтың әдісі,түрі:түсіндіру,машық.
Сабақтың көрнекілігі:Тауыс құсының суреті, сырнай, желпуіш.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Балалармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлем саған дос,сәлем саған құрбым,
Сейсенбінің күні, сәттілікке толсын
Бүгінгі алған бағамыз, кілең бестік болсын.
ІІ Қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.
Қайшыны қолданған кезде қауіпсіздік ережесін сақта.Ұшын көзіңе жақындатпа.
Ермексазды аузыңа салма. Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме, еденге жабысып қалады.
Желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты желімде,жұмыс аяқталған соң қылқаламның ұшын тазалап қой.
Әрдайым жұмыс орнын таза ұста, өзіңе қажетті құралдарды ғана пайдалан.
ІІІ Жаңа сабақ: Қағазды қатпарлап бүктеу арқылы тауыс құсын жасау.
Қағазды бірдей қатпарлар салып, бүктеу арқылы түрлі бұйымдар жасауға болады. Қатпарланған жері жыртыоып кетпес үшін оған жұқа, тығыз қағаз таңдалып алынады.
Күнделікті өмірде қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз.Қатпарлар жиналады және жазылады. Қатпарланған жолақ қағаздың екі ұшын қоссақ дөңгелек шығады.Бұл неге ұқсайды балалар?
Күнделікті өмірде де қатпарланып жасалған заттарды жиі көреміз.мысалы: сырнай, желпуіш т.с.с көптеген заттар бар.
Тауыс-құйрығын жайып жібергенде сан түрлі түске енетін әдемі құс. Халық оны «Бақыт құсы» деп те атайды. Ол Халқаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
ІV Машықтық жұмыс:
1.Түрлі-түсті қатырма қағазға құстың үлгі қалыбын қойып,айналдыра сызып алу. Бірдей екі құстың бейнесін қиып алып, бір-біне желімдеу.қанатын, айдарын,құйрығын орнататын орындарды белгілеп, кішкентай тілік жасау.
V Сергіту сәті:
2.Қанаты,құйрығы,айдары үшін әртүрлі өлшемде үш жолақ қағаз дайындау. Ол жолақтарды суретте көрсетілгендей қатпарлау.
3.Бөлшектерді дайындалған тілікке орналастырып, оларды желіммен бекіту.
VІ Сабақты қорытындылау: «Бақыт құсы» ертегісін әңгімелеу.
VІІ Сабақты бекіту:
1.Тауыс құсы қандай бөлшектерден тұрады?
2.Тауыстың қанаттары қалай жасалады?
Қосымша С
Тақырыбы: Еңбектің-наны тәтті
Мақсаты: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйрету
Дамытушылық: оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: бір-бірінің пікірін тыңдауға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Ресурстар: оқулық, сөздік, карточка, бағалау парағы, интербелсенді тақта, маркер, стикер.
Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздердің аудармасын біледі. Еңбекке байланысты мақал-мәтелдерді біледі. Топты әділ бағалау, топпен жұмыс жасай біледі.
Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.Мысалы: 2 – 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі.Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет.Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.Балабақшадағы балалардың еңбегі.Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету. Үлкендердің көмегімен гүлдерді суару, ағаштарға су құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды қойып шығу сияқты жұмыстарды үйрету. Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Балаларды алдына мақсат қоя білуге, оған жетуге үйрету жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру. Арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Балабақшадағы еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйрету. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіру. Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Бұзау бақтым», «Көйлекті маған кім берді?», «Қайдан келдің, бауырсақ?» деген әңгімелер арқылы барлық заттардыңеңбекпен келетіндігін түсіндіру.
Еңбек етуге жат қылықтар: Еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздыққа жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру.
Гүл өсірсең терлеп,
Бұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Бұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз жас жеткіншектерге «Еңбек түбі – береке», «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқым келеді.
Сергіту сәті
Бала,бала, баламыз
Орнымыздан тұрамыз.
Жоғары қолды көтеріп,
Алақынды ұрамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
Қорытындылау
Бүгін біз не өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Не білдік? Не білдім? Не білгім келеді ? Нені білемін ? сұрақтарына жауап беру үшін стикер толтыртады.
Бағалау
Үй жұмысы
Мақал -мәтелдерді жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |