О «в» сыныбы «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі42,43 Kb.
#33799
О «в» сыныбы

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»



Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың

ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық

талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген

сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,

. — Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты сын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер

көгереді, батамен ер көгереді». ( Үлкен кісіден бата сұраймыз)

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! (әмин)

Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)

— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.



Жаннұр: Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.



Асылай: Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.



Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.

Тәрбиеші: Енді қыздарымыз сіздерге арнап «Бипыл –бипыл» биімен тамашалайық.

(Гүлназ,Ақпейіл,Бақыт,Асылай)



Гүлназ:Үсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын,

Қырға шықты ойнап.



Ақпейіл: Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасың.

Тәрбиші:« Балаға ат қою» салтынан көрініс.( Балалардың қатысуымен Райымбек,

№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

(О «в» сынып)

Тәрбиеші:Ергебек Ж.

2015-2016 о.жыл

Ш.Жаннұр,Нұрдәулет,Бақыт)



Гүлмаржан: Кіргізіп көркін даланың,

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.



Нұрдәулет: Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Жүргізуші: Балаларымызда Наурыз тойға өз шашуларымен келіпті қарсы алайық. «Қара жорға» биімен.



Нұрайна: Наурыз тойы — салтымыз,

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.

Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(дастархан)

Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.



Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп береміз. (Балалардың қатысуымен)(Гүлмаржан,Айкөркем)



Тәрбиеші: Енді қыздарсы алайық, қазақша биімен (Сымбат,Нұрайна,Гүлмаржан)

Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі.

Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар тартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі.

Тәрбиеші: Ендігі кезекті сыныбымыздың ұлдарына берейік. «Эх қарындас» әніне би арнайды.

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар

Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) Рахмет! Отырамыз!

Наурыз тойына арналған дастарханға шақырамыз.

Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған сын сағатымыз аяқталды.



Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!

Тәрбиеші: Ергебек Жазира.

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет