Ұнтақтың құрамында сонымен қоса мырыштың және басқа да металлдардың силикаттары мен ферриттері аздап кездеседі. Мырыштың ферриті күкіртт қышқылының араласқан ерітіндісінде ерімейді десе де болады. Оның ерітіндіге өту деңгейі 4%-дан аспайды:
ZnO•Fe2O3 + 4H2SO4 = ZnSO4 + Fe2(SO4)3 + 4H2O (1.3)
Мырыш силикаттары суда жақсы ериді, алайда ерітіндіге өткенен кейін олар кремний қышқылын яғни коллоидтық қосылысты түзеді, бұл өз кезегінде сілтісіздендіруден кейінгі пульпаның қоюлануын және сүзбеленуін баяудатады:
ZnO•SiO2 +H2SO4 = ZnSO4 + H2SiO3 (1.4)
Ұнтақтың құрамында мырышпен қоса темірдің, мыстың, кадмийдің, қорғасынның, күмістің, алтынның, никельдің, кобальттың, марганецтың, барийдің, кальцийдің, алюминийдің және тағы басқа металлдардың қосылыстары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |