ӨАжЦ институты



бет1/33
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#97136
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
С. Шыңғыс практика есеп беру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨАжЦ институты
Автоматтандыру және басқару кафедрасы


Есеп беру

Тақырыбы: Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру процесін автоматтандыру







Жұмысты орындау сапасы

Баға диапазоны

Орындалған
%

1

Орындалған жоқ

0%




2

Орындалды

0-50%




3

Материялдық өзіндік жүйелендіру

0-10%




4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%




5

Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану

0-5%




6

Орындаған тапсырманың ерекшелігі

0-10%




7

Есеп беру қорғау

0-20%







Қорытынды:

0-100%



Оқытушы: Искакова.А


Студент: Сапа Шыңғыс
Мамандығы: 5B070200

Алматы 2020ж


МАЗМҰНЫ



  1. Мырыш металлургиясы 3

    1. Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру 5

    2. Сілтісіздендіру зауытының технологиялық процесін автоматтандыру 6

    3. Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру процессінің технологиялық сұлбалары, жұмыс істеу принципі 7

    4. Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру процессінің теориялық негіздері 12

    5. Мырыш ұтағын сілтісіздендіру процессінің құрал-жабдықтары 15

  2. Еңбек қорғау 19

2.1. Жалпы Ережелер 19
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі 24


  1. Мырыш металлургиясы

Мырыштың мыспен қоспасы яғни жез адам баласына Ежелгі Греция, Ежелгі Египет, Индия, Қытай сияқты мемлекттерде ерте заманнан белгілі болған. Алайда мырышты таза күйінде алу көп уақыттар мүмкін емес болды. Тек 1746 жылы ғана неміс ғалымы А.С. Маргграф мырыштың таза күйін алудың алғашқы технологиясын ұсынды. Жасалған технология бойынша ол табиғатта жиі кездесетін мырыш тотығы мен көмірді саз балшықтан жасалған ыдыста ауа кірмейтіндей етіп балқытты, балқытпадан көтерілген мырыштың парын бөлек ыдысқа қарай шығарып оны конденсациялады, конденсация нәтижесінде таза мырыш алынды. Осылайша мырышт таза күйінде ең алғаш тәжэірибелік жолмен алынды. Өндірістік масштабта мырыш XVIII ғасырдан бастап балқытыла бастады.


Бүгінгі күні мырыштың 66 минералы белгілі, оның ішінді ең көп таралғандары цинкит, сфалерит, виллемит, каламин, смитсонит, франклинит. Өндірісте ең кеңінен қолданылатын минерал сфалерит немесе мырыштық күкірттік қоспа болып табылады. Минералдың негізгі компаненті мырыш сульфиді, ал оның құрамындағы әртүрлі қоспалар затқа түрліше түстер береді. Бұл минералды мұны анықтаудың күрделілігінен алдағыш деп атайды. Мырыштық алдағышты адетте біріншілік минерал деп санайды, себебі осы минералдан басқа смитсонит, цинкит, каламин жане тағы басқа минералдар түзіледі. Алтай мекендерінде жолак қоңыр кенді де кездестіруге болады, ол мырыштық алдағыш пен қоңыр шпатты қосылысынан тұрады. Мұндай минералдың кесегі алыстан жолақ ақсары тышқанға ұқсағандықтан мұны кейде ақсары кены деп атайды. Жалпы мырыштың жер қыртысындағы орташа үлесі 8,3•10-3%-ды құрайды. Мырыш сумен бірге көшіп жүретін кенге жатады, өсіресе ол қорғасынмен бірге термалды сулар құрамында орын ауыстырып жүреді. Осы сулардан цинк сульфиді жер қыртысының құрамына тұнады, тұнған мырыштың өнеркәсіптік мағынасы аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар мырыш жер үсті және жер асты сулармен тасылып жүреді, мұндағы мырыштың басты тұндырғыштың рөлін күккіртті сутек атқарады, кейдетұндырғыш ретінде балшықтың сорбцияся сияқты процесстер жүруі мүмкін.
Айта кетер жайт мырыш тек минералдық метал ғана емес сонымен қатар биогенді элемент болып табылады, яғни оның белгілі көлемі тірі организмдердің бойында болады.
Жоғарыда айтылғандай мырштың таза күйі табиғатта мүлдем кездеспейді. Бұл құбылыс берілген металлдың қоршаған ортамен тез әсерлесуімен шартталады. Әдетте мырышты құрамында 1-4% мырышы бар сульфиц күйінде кездесетін полиметаллдық кендерінен алады. Айтылған кенді селективті флотация көмегімен байытады, нәтижесінде құрамында 50-60% мырышы бар концентратар түзіледі, әдетте флотация нәтижесінде мырыштық концентраттармен қоса мыстық, қорғасындық ал кейде тіпті пириттік концентраттар түзіледі. Мырыштық концентратты қайнау қабаты пештерінде күйдіреді, процесс нәтижесінде мырыш сульфиді мырыш оксидіне айналады және күкіртті газ бөлінеді. Пайда болған күкіртті газды күкірт қышқылын өндіруге қолданады. Ал пайда болған мырыш оксидінен ZnO таза мырышты екі тәсілмен алады: пирометаллургиялық тәсілмен және гидрометаллургиялық тәсілмен. Пирометаллургиялық немесе дистилляциялық тәсіл адам баласына мырышты таза күйде ең алғаш алынғаннан бастап белгілі, себебі ол тәсіл мырышты ең алғаш таза күйінде алған Маргграф тәсіліне негізделген. Айтылған тәсіл бойынша күйдірілген мырыш оксидін 1200-1300оС температурада балқытып, оның түйіршіктілігін және ауа өтімділігін өсіріп, пайда болған косистенциядан яғни күйден көмермен немесе кокспен қалпына келтіреді:

ZnO + С = Zn + CO (1.1)


Осыдан пайда болған металл парларын конденсациялайды да құймақалыптарға құяды. Алғашқыда қалыпқа келтіру процессын тек қолмен басқарылатын және күйдірілген балшықтан жасалған реторттарда ғана жүзеге асыратын, кейіннен корборундтан жасалған механизацияланған реторды, сондай-ақ доғалық және шахталық электрпештерін қолдана бастады. Мырыштық-қорғасындық концентраттардан мырышты шахталық пештерде балқытпаны ауамен үру арқылы алады. Өнімділік бірітіндеп өсе берді, алайда алынған мырыш құрамында 3% қоспа болды, оның ішінде бағалы кадмий де бар. Дистилляцияланған немесе күйдірілген мырышты ликвация әдісімен яғни сұйық металлдың темір қоспасы мен қорғасын қоспасынан 500оС-та айыру мақсатында тұндыру арқылы тазартылады. Нәтижесінде тазалығы 98,7%-ды құрайтын мырыш түзіледі. Сонымен қатар мырышты тазартудың аса қымбат тәсілі ректификациялық тазалау әдісімен тазалығы 99,995%-ды құрайтын мырыш алуға болады, бұл тәсіл бойынша мырыштан кадмийдід де бөліп тасталынады. Алайда бұл айтылып отырған мырышты пирометаллургиялық тәсілмен алу тәсілі бүгінгі күні қымбат әрі тиімсіз болып табылады. Сондықтан оның орнын өндірісте кеңінен гидрометаллургиялық немесе электролиттік тәсіл басып жатыр.


Мырышты гидрометаллургиялық тәсілмен алу процессі бүгінгі күні мырышты алудың негізгі әдісі болып табылады. Бұл тәсіл бойынша күйдірілген мырыш концентраты күкірт қышқылымен өңделеді, алынған сульфаттық ерітіндіні оларды мырыштық ұнтақ көмегімен тұндыру арқылы әртүрлі қоспалардан тазалайды және қорғасыннан немесе винипласттан тығыздалып жасалған ванналарда электрлизге ұшыратады. Нәтижесінде мырыш бөлшектері алюминийлік катодтарға қонады, қонған мыс катодтардан тәулік сайын сыпырылып алынады және индукциялық пештерде балқытылады. Электролиттік тәсілмен алынған мырыштың тазалығы әдетте 99,95%-ды құрайды. Оның концентраттардан бөліп алу қалыңдығы 93-94% құрайды, ал өндіріс қалдықатарынан мырыштық купорос, қорғасын Pb, мыс Cu, кадмий Cd, алтын Au, күміс Ag алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет