Ақпаратты қорғау жолдардың методологиясы
"Ақпаратты қорғау жолдардың методологиясы" тақырыбына дәріс материалы
Мақсаты: Ақпаратты қорғау әдістері, криптографиялық әдістері, шифрлеу, кодтау түрлері және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік беру.
Криптография – мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу: 1) жасырындық мәселесін; 2) бүтіндік мәселесін.
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады. Аж-де ақпараттардың криптографиялық жабылуына қойылатын талаптар:
-
Криптографиялық жабудың күрделілігі мен беріктігі мәліметтер құпиялылығының деңгейі мен көлеміне байланысты таңдалуы қажет.
-
Жабудың сенімділігі қаскүнемге жабудың әдісі белгілі болған жағдайда да құпиялылық бұзылмайтындай болуы керек.
-
Жабу әдісі, қолданылған кілттер жиыны және оларды тарату механизмі өте күрделі болуы керек.
-
Тікелей және кері өзгеру процедураларының орындалуы формалды болуы қажет және хабардың ұзындығына байланысты болмауы керек.
-
Өзгерудің орындалу процесінде туындайтын қателер жүйе бойынша таралмауы қажет.
-
Процедуралармен енгізілетін қорғауда артықшылық ең аз болуы қажет. Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері:
-
Шифрлеу.
-
Кодтау.
-
Басқа түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |