Криптоталдау – кілтке қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мәтінін ашу жайлы ғылым.
Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет XIX ғасырда голланд А. Керкхофпен құрылған) шифрдың (криптожүйенің) тұрақтылығы кілттің құпиялылығымен анықталуы керек деп қорытындыланады.
Криптоаналитикалық шабуылдың келесідей негізгі типтері бар (криптоаналитикке қолданылатын шифрлеу алгоритмі және хабардың шифромәтіні белгілі дейік):
тек белгілі шифромәтіні бар криптоаналитикалық шабуыл;
белгілі ашық мәтіні бар криптоаналитикалық шабуыл;
ашық мәтінді таңдау мүмкіндігі бар криптоаналитикалық шабуыл.
Алфавит – {a0,a1,..,am1} белгілері ақпаратын кодтау үшін қолданылатын шекті жиын.
N әріптерді біріктіре отырып, mn-нен тұратын n-грамм (а0а0, а0а1,…, аmam-1 m2 биграммнан тұратын
2 алфавитін, а0а0а0, а0а0а1,…, аmаmam-1 m3 триграммнан тұратын 3 алфавитін) n алфавитін аламыз. Мысалы, көлемі m=26 әріптен тұратын {ABCD...Z} ағылшын алфавиті 262=676 биграмнан тұратын алфавитін конкатенациялау операциялары арқылы генерациялауға мүмкіндік береді. Криптографиялық өзгерулерді орындау үшін алфавит әріптері бүтін сандармен 0, 1, 2, 3,… (А0, Б1, …,Я31) ауыстырылады.
Криптоберіктік – шифрдың сипаттамасы, яғни оның кілтті (яғни криптоанализге) білмей дешифрлеуге беріктігін анықтау.
КБ-тің негізгі көрсеткіштері:
барлық мүмкін болатын кілттер саны;
криптоталдауға қажетті орташа уақыт. Криптожүйелерге қойылатын талаптар:
Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны және оған сәйкес ашық мәтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс және қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.
Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мәтінде толық және сенімді жасырылуы тиіс.
Шифрленген мәтіннің ұзындығы бастапқы мәтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай және жеңіл орнатылатын тәуелділіктер болмауы керек.
Мүмкін болатын жиындардың ішіндегі кез келген кілт ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Алгоритм программалық тәрізді аппараттық іске асуды жіберуі тиіс, бұл жағдайда кілт ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапалы төмендеуіне әкелмеуі керек.
Бақылау сұрақтары:
Сізге белгілі ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын атаңыз.
АЖ-гі ақпараттың криптографиялық жабылуына қойылатын талаптар.
Криптожүйенің негізгі көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |