Дүниежүзілік және еліміздің тәжірибесінде сілтісіздендірудің негізінен екі әдісін қолданады: үздіксіз сілтісіздендіру және периодты сілтісіздендіру. Олардың әр қайсысы сілтісіздендіру кезеңдерінің әртүрлі санымен жүзеге асырылуы мүмкін: бір кезеңнен бастап үш кезеңге дейін. Сонымен қатар сілтісіздендіру әдістері ұнтақтың ерітіндіге берілу тәсілдерімен және бірінші мен екінші кезеңдердегі қышқыл концентрациясымен ерекшеленуі мүмкін.