Мұның нәтижесінде пульпаның интенсивті араласу циркуляциясы жүзеге асырылады, ол сілтісіздендірудің негізгі процесстерінің жүрісіне үлкен көмегін тигізеді: гидролиздің бос циклында және осы кезде пайда болатын қышықылды босатуда; қышқыл циклда ұнтақ құрамында орын алатын тотыққан мырыш қосылыстарының және басқа металлдардың қосылыстарының еруіне және темірдің және басқа да тотығу керек қосылыстардың тотығуына;
Сілтісіздендірудің керекті ұзақтығын қамтымасыз ету үшін бірнеше тізбектей қосылған пачуктарды орналастырады. Бастапқы пульпаны басты пачукке береді, ал соңғы пачуктен пульпаны қоюландырғышқа жібереді.