Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году


«Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения



бет56/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   213

«Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения


«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында сабақта коммуникативтік – танымдық мақсат жүзеге асу үшін сөйлеу әрекетінің бес түрі іске қосылады. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім.

Тыңдалым– «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.

Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетінежарайды.

Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады.Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.

Жазылым– тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет