Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году


«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения



бет86/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   213

«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения.


«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.

«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі -Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (39-кесте):


45-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары


Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Жоғары сынып

10

В1+

ортадан жоғары

деңгей


В1.2 Тереңдетіле қалыптасқан

толық игерім



11

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан

жетік игерім



Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады.Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады (40-кесте).
46-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі


Қарапайым деңгей

А1 Бастапқы игерім

Негізгі деңгей

А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім

Орта деңгей

В1 Қалыптасқан игерім

Ортадан жоғары деңгей

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім

Жоғары деңгей

В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім

Жетік деңгей

В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,

С1 Кәсіби игерім


Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (41-кесте).


47-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер


Аталымдар мен өлшемдер

Тілді меңгеру деңгейлері

Ортадан жоғары деңгей (В1+ В2)

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары

В1.2

В1+

Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары

Тереңдетіле

қалыптасқан толық игерім



Тереңдетіле

қалыптасқан жетік игерім



Сыныптар

10-сынып

11-сынып

Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум

130-150

130-150

Барлығы:

480-500 сөз (1-11 сыныптарда меңгерілетін жалпы сөз саны 1500-1550 сөз)

Бір минутта оқуға тиісті

сөздердің (шартты) мөлшері



100-120

100-120






Тыңдаған/оқыған мәтінді

мазмұндаудағы сөз саны



60-70

70-80




Айтылымдағы сөз саны

80-90

90-100

Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны

100-120

120-150

Тілдесімдегі үнқатым (реплика) саны

11-12

12-13

10-11-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) :

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзегеасырылады.

«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:

оқыту орыс тілді мектептерде:

– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында: оқыту орыс тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бақылау жұмыстарын алып, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты бақылау жұмысын алудың міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты бақылау жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді,анықтайды.

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады (42-кесте).
48-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны


Сынып

Бақылау жұмысы (әр тоқсанда)

Тест тапсырмалары (әр тоқсанда)

10

2

2

11

2

2




Каталог: arc -> attach -> 408
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
408 -> Урок 86 Школа: кгу «сш №5 г. Атбасар отдела образования Атбасарского района»
408 -> Наблюдение и оценивание урока


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет