Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году


-11 сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары



бет87/213
Дата20.07.2020
өлшемі5,99 Mb.
#63377
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   213

10-11 сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары

Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.



  1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10- сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары -20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40балл,

«4» деген баға –25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

  1. 1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика- грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді) , 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға 0-8балл.

  2. 2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8балл.

  3. 3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалаудыұсынамыз.«5»дегенбаға–33-40балл,«4»дегенбаға–25-32,

«3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

  1. 4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылыныңқорытындысы

бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика- грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары-20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады.

«5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8балл.


Пән

Жұмыс дәптер

Бақылау жұмыс дәптері

Сөздік дәптер

Барлығы

Қазақ тілі

2

1

1

4




Таблица 49

«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеруұсынылады:

22 наурызНаурыз мейрамы;

1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет