Оббөж тақырыбы



бет1/2
Дата15.12.2021
өлшемі85,11 Kb.
#101173
  1   2
Байланысты:
бөж 2 Ілесбек Сымбат


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Гуманитарлық ғылымдар факультеті.

Білім технологиялары кафедрасы.



ОББӨЖ

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Орындаған:Ілесбек С.

Қабылдаған:Ортаев Б.

Тобы: ППМ-811.

Кіріспе.

Негізгі бөлім

1.Критериалды бағалау жүйесі.

1.1.Критериалды бағалау жүйесі және оның ерекшеліктері.

1.2.Критериалды бағалау жүйесінің түрлері.

2.Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесін қамтамасыз ету.

2.1.Бастауыш сыныпта критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыз әдістері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Бүгінгі күні Тәуелсіз елімізді өркениетті ел етіп әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күшіміз ол- білім мен білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауларында Білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын ең бірінші кезекте қойылатын талаптар- шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттігі туындайды.Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады.Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды.Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістігін бағалау- оқу процесінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады.Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып,оқуышылардың оқу жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.Бүгінгі күнгі жаңартылған Білім беру бағдарламасына сай критериалды бағалау, оны әдістемелік қамтасыз ету жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.Кез-келген мұғалім оқыту үрдісінде критериалды бағалау жүйесін қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн.

1.1.Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты – бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:


  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

  3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:


  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының тек қана жұмысы бағаланады. Жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі және оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі. Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады. Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады.

Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділікке жұмылдырады. Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы мыналар:



  • Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  • Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  • Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.

Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:



  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады .Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалаудәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.

Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:

- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;

- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;

- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.

Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.

Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:         

§ балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін

анықтауға мүмкіндік береді.       

§ көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

§ оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

§  ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;

§  білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

§ оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

§ ата-ана мектеп      оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

1.2. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау.Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.



Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде нықтау, мұғалім -оқушы арасында кері байланысты орнату. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,   оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады. Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:

-оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

-оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

-тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

-бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

-әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Мұғалімнің бағалауы:

Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.

Өзін-өзі бағалау:

Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады. Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.

Өзара бағалау

Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.

Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады.

Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен атааналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды. Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия , оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған. Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.

2.1. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар. Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады. Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.

Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға, диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін. Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет. Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін(Геффрой Э. К., 1997).

Осындай қателіктердің алдын алу үшін:

-негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;

-егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;

-сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;

-әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;

-оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарымқатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

-Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

-Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

- Сіз қазір не істеп жатырсыз?

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

-жаңа идеяны тұжырымдауды;

-екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

-идеяларды бағалауды;

-топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; • сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.

Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

-білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;

-тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;

-білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;

-кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

-белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

-бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

-білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

-әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

-орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

-талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

-шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

-мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру;

-талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

-ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

-ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады. Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:

-сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;

-қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;

-кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;

-қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

-рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.)қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет