Объективті: Жағдайы орташа. Терісі және аққабағы сарғайған. Пульсі минутына 90. ҚҚ сын бағ. мм. 120/80. Тілі ылғалды, сары қақ жамылған. Іші кепкен, жұмсақ, эпигастрияда ауырсынады. Перитонеальды симптомдар жоқ



Дата30.01.2022
өлшемі18,11 Kb.
#116289
Байланысты:
406 қорытынды бақылау есептері
1.Ситуациялық есеп Жедел және жоспарлы операцияға дайындаудағы медбикенің рөлі., 1) ФИЛОСОФИЯ сессия

68 жастағы, науқаста созылмалы калькулезді холецистпен ауыратын, диетада өзгеріс болғаннан кейін іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен арқаға қарай жайылған ауырсыну, бірнеше рет өтпен құсу, 37,6 гипертермия, қалтырау пайда болды. НО-ШПА қабылдағаннан кейін ауырсыну басылды. Тәуліктен соң терінің сарғаюы пайда болып, ішінің ауруы сақталған.

Объективті: Жағдайы орташа. Терісі және аққабағы сарғайған. Пульсі минутына 90. ҚҚ сын.бағ.мм. 120/80. Тілі ылғалды, сары қақ жамылған. Іші кепкен, жұмсақ, эпигастрияда ауырсынады. Перитонеальды симптомдар жоқ. Өт қабы пальпацияланбайды. Жалпы қан сараптамасында: лейкоциттер 12,2 х 10/л, ЭТЖ 30 мм/ч. Биохимиялық қан сараптамасында: жалпы билирубин 60 мкмоль/л, тік билирубин 35 мкмоль/л.

УДЗ ГДЗ: өт қабының пішіні 73х20см өзгерген, қабырғалары тығыздалған, қуыста 8см дейін көптеген конкременттер. Жалпы өт жолының тесігінде 1х3 см тас бар.

38 жастағы науқас белдемелі эпигастрий аймағында қатты ауырып, жүрек айнып, құсуға шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті. Ауруды ішімдікпен байланыстырады.

Объективті: жағдайы орташа, мазалы. Терісі таза, боздау. Өкпеде сырыл жоқ. Демінің саны минутына 20. Пульс минутына 100, ырғақты, қан қысымы сын.бағ.мм. 120/80. Тілі ақ қақ жамылған, ылғалды. Іші біркелкі кепкен, дем алу актісіне қатысады. Пальпация жасағанда эпигастрия аймағанда ауырсынады, ауырсыну арқаға беріледі

Перкуторлы: көлденең тоқ ішек үрленген. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталмаған. Өт қабы пальпацияланбайды. Бауыр бірнешеге үлкейген. Перистальтика естіледі, әлсіз. Перитонеалдық симптомдар жоқ. Дизуриялық бұзылыстар жоқ.

Жалпы қан сараптамасында: эритроциттер- 4,5х1012/л, лейкоциттер – 13х109/л, түсті. көр.-0,9, ЭТЖ-45 мм/ч Зәр диастазасы – 1024 бірлік. Құрсақ қуысының кең көлемді рентгенограммасында бос газдар жоқ. УДЗ – өт гипертензия жоқ. Өт қабы 8,0 х 2,0 см, қабырғасы 0,3 см, конкремент жоқ. Ұйқы безінің әсіресе бас жағында және денесінде контуры көрінбейді және шарбы қалтасында 2,5 х 8 см саңылау тәрізді сұйықтық ұлғайған. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Науқасқа консервативтік емдеу оң клиникалық және зертханалық динамикамен жүргізілді, бірақ 7 күннен кейін бақылау УДЗ ұйқы безінің денесінде 3,0 х 6,0 см сұйық түзілістің сақталғаны байқалады.

24 жастағы ер адам, жалпы әлсіздік, кофе қойыртпағы сияқты құсу шағымымен ауыра бастағаннан кейін бір тәуліктен соң ауруханаға әкелінді. Өзін әскери борышын өтеген кезден көктем және күз мезгілінде қайталанып отыратын асқазанында «аштық» ауруы байқалғанын сезіне бастаған. Өзбетінше емделген. Алмагель ішкен соң басылатын, асқазан тұсында ауырсыну пайда болып, соңғы 2 аптада жағдайы нашарлады. Екі күн бұрын қара май тәрізді нәжісін байқаған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі және кілегейлі қабаты боз-қызғылт түсті, пульсі минутына 96, ырғықты, ҚҚ 110/70 сын.бағ. мм. Іші кеппеген, пальпациялағанда асқазанның оң жақ бөлігі ауырсынады. Перистальтика жақсы, нәжісі қара түсті.

Қанында: Эр 3,5 х 10/л, Нв – 100 г/л.

45 жастағы ер адам, 4 тәулік бойы ауырады, оң жақ мықын аймағына жайылған асқазанда ауырсыну басталды. Анамнезінен науқас соңғы екі аптаның ішінде уроинфекцияға қарсы антибиотиктер қабылдаған. Қазіргі уақытта оң жақ мықын астындағы ауырсыну мазалап, қызуы 37,2.

Қарағанда: тілі ылғалды.іші кеппеген, дем алуға қатысады, жұмсақ,оң мықын аймағында ауырсынады. Перитонеальды симптомдар күмәнді. Оң жақ мықын аймағында ауыратын, аз қозғалатын 10,0 х 12,0 см ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады. Дәреті бір қалыпты.

Жалпы қан сараптамасында: лейкоциттер – 12х109/л.; эр- 4,3х1012/л; СОЭ-32 мм/ч

Сұрақтар :

1-ші топ: Паралитикалық ішек өтімсіздігі деген не?

2-ші топ: Іштің айқын толғақ тәрізді ауырсынуы, жеген тағамның құсуы, ішек перистальтикасының күшеюі, нәжіспен газдын кідіруі



3-ші топ: Спастикалық ішек өтімсіздігі

4-ші топ : Аускультацияда

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет