Облыс шығыс Қазақстан облысы аудан/Қала жарма ауданы ауыл мектеп



Дата25.08.2017
өлшемі47,43 Kb.
#26547
Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ.


Ертегілер еліне саяхат

Кіші орталық топ.

Тәрбиеші: Сейтказина М.М.

ОБЛЫС Шығыс Қазақстан облысы
АУДАН/ҚАЛА Жарма ауданы
АУЫЛ
МЕКТЕП Тұрсынов атындағы мектеп
ПӘНІҢІЗ Көркем әдебиет
ФИО Сейтказина Марзия Муталиповна тәрбиеші кіші орталық топ

Ертегілер еліне саяхат


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдер: «Сөйлеуді дамыту.»

Пәнаралық байланыс: «Тіл дамыту», «Құрастыру», «Сенсорика».

Мақсаты:

Білімдегі: ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырату.

Дамытушылығы: балалардың қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Барысы:

-Сәлеметсіздер ме! Бір-бірімен амандасып шығайық.



-Шаттық шеңбері.

Біз ақылды баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік біз. Балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен бүгінгі күнімізді бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн болмақ, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.

Бірінші аялдамаға келдік:

«Шұбар тауық» ертегісін слайд арқылы көрсету.

Балалар жартты шеңбер құрып отырады.

Екінші аялдама:

-Балалар, мына суреттерде не көріп отырсындар?

-Бұл қандай ертегі?

- «Шалқан» б.ж.

-Осы ертегінің кейіпкерлерінін атаңдаршы.

-Шалқан, ата, апа, немере, күшік, мысық тышқан.

Балалар тағы да пойызға отырып келесі аялдамаға барады.

Үшінші аялдама:

«Орман». Сол орманда Аю жылап тұр екен.



Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсың, саған не болды?

-Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі?

-деп балалардан сұрайды.

-Балалар, аю қай ертегіден келеді?

- «Үйшік» ертегісінен келді.

Тәрбиеші: Жылама. Аю, біздің балаларымыз сондай мықты, үлкен үйшікті жасай алады. Қане балалар аюдың көңілін көтеріп аю туралы тақпақ айтып, бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті:

Маймақ аю қорбандап

Келе жатыр орманда

Тауып алды жол жаңғақ

Тығындайды қалтаға.

-Аю бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі.

Әр түрлі түстерді пайдалана отырып келесі аялдамаға жетеді.

Тәрбиеші. Аю саған біздің балаларымыз үйшік жапсырады.

Аю балаларға рахмет айтып, орманға қайтады.

Қане, балалар, топқа оралайық.

Ғажайып сәті: Бауырсақ секіріп топқа кіреді.

Балалармен амандасады:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Мені танисындар ма?

Мен кіммін?

Мен кімнен қаштым?

Балалар. Сен бауырсақсың, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштың.

Тәрбиеші. Ал сені түлкі жеп қоймайды?

Бауырсақ. Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім.

-Қане, балалар, қарайықшы бауырсақ түлкіні алдап ұайда қашты екен.

Слайд арқылы көрсету.

Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін.

Балалардың жауабы: Біз сиқырлы пойызға отырдық.

-Ертегілер еліне саяхатқа бардық.

- «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік.

-Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін орындадық қайтадан топқа келдік.



Бауырсақ. Мен өз ертегіме барайын, ал сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.

Сау болыңдар!

Қортындылау:

Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

-Балалар бүгін сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Біз қайда бардық? Неменемен бардық

- Сендер бүгін сабағымыз немен ұнады?

-Біз тағы қандай көмек көрсеттік? Не жасадық?

-Бізге қонаққа кім келді? Қай ертегінен? Сендерге не берді, не үшін?

-Балалар бізге бәрімізге сабақ ұнады, бәріміз саяхатқа бардық, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бердіндер?



Сендерге көп, көп рахмет айтқым келеді. Сонымен біздің сабағымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет