Обложка эмблема фонда «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбындағы балалар шығармалары Астана 2010 ж. Ерлікке тағзым!



бет7/7
Дата27.12.2016
өлшемі3,17 Mb.
#5401
1   2   3   4   5   6   7

Менiң бабам батыр екен
Өткен жылы менiң атам мен iнiсi екеуi Ресейдiң Ор және Псков облыстарына барып қайтты. Өйткенi, әкем Нұрмат интернет арқылы аталарының Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлiкпен қаза тапқан ерлердiң iшiнен тапты. Атам мен iнiсi еке­уi естiп, көздерiне жас алыпты. Әкелерi майданға кеткен кезде атам кiшкентай ғана бала екен. Ендi араға 67 жыл салып, әке­лерiн қай жерде жерлен­гендерiн бiлдi. Атамның әкесi кескi­лескен майданда взвод ко­мандирi болып, ерлiкпен қаза тауыпты. Атамның батыр бол­ғанын мақтаныш тұтамын.

Томирис Нұрғазы,

173 физика-математикалық гимназиясының



2 «Ә» сынып оқушысы.

Алматы қаласы



Бақытты ұрпақпыз
«Отаным» деп қан төккен батырлардың арқасында елiмiз түрлi жетiстiктерге жетiп, гүлденiп келедi.

Соғыс деген ызғарлы сөз. «Соғыс» десе, ел қорғаған батырдың шайқаста қан төгiп, көкiрегiн оққа төсеген ерлiгi елестейдi.

Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгiлi жазушы Бауыржан Мо­мышұлы былай деп жаз­ды:«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруы­мыз бар, ол – Отанға деген сүйiспен­шiлiк» деген екен.

Бауыржандай батыр бабамыз бар бiз бақытты ұрпақпыз!


Данагүл Салмахан,

10-сынып оқушысы.


Бабалардың қаны,

аналардың көз жасы
Қазақтың ұл- қыздарының ерлiгiне әлем тәнтi. Аспанда өртенген әскери ұшағын әдейi жаудың топтасқан қару қоймасына құлатып, ерлiкпен қаза тапқан Нұркен Әбдiров пен жаудың жалын атқан от-ұясын өз денесiмен жауып, жауынгерлерге жол ашып, қаһармандық көрсеткен Сұлтан Баймағанбетовтiң ерлiктерi жүректi елжiретедi. Қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, қарумен де, қаламмен де жауға қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерлiктерi бiзге өнеге. Қазақ даласы үшiн бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгiлген жоқ. Елiн сүйген ерлердiң ерлiгi халық жадынан ешқашан өшпейдi.
Гүлсұлу Қартбай,

10-сынып оқушысы.

Батырлық жылнамасы
Қазiр бiздер өз алдына тәуелсiз мемлекетпiз. Осы тәуел­­­сiздiкке жетiп отырғанымыз – ел үшiн күресте ерлiкпен қаза тапқан ағалар мен батыл апала­рымыздың арқасы. Олар бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгелiне бермеймiз!» – деп алға ұмтылды. Соның iшiнде «жаным – арымның садағасы» және «халқым үшiн қасықтай қаным пида» деп ұран­даған қазақ батырларының бiрi – Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқы­ның тарихында ержүрек, батыр, патриот ретiнде баршаға мәлiм.

Елiмiздiң намысы мен ба­тылдығын паш еткен ұлы Же­ңiске биыл 65 жыл! Бiз үшiн бұл күн тарих бетiнде алтын әрiп­термен жазылған, қазақ батыр­ларының ерлiгiн еске алатын ерекше күн!


Бекзат Төрежанов,

Қаршатау орта мектебiнiң 10-сынып оқушысы.

Құмқұдық ауылы,

Әйтеке би ауданы,

Ақтөбе облысы






Жеңiстiң 100 жылдығын көрсе атам...
Менiң атам Балықбай Ыс­қа­қов соғысқа небә­рi 18 жа­сында атта­нып­ты. Бұл 1942 жыл­дың қа­раша айы екен. Ой­лап қарасам, қа­зiр 18 жаста өзiнiң кiм екенiн бiлмей жүр­гендер аз емес сияқты. Ел басына қауiп төнген кезде өрiм­дей жас болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгiнде ұрпақтары бiзге мақтаныш. Шындап келгенде, бүгiнде тәуелсiз мемлекеттiң ұланы болып жүрге­нiме атамның да үлесi зор. Ас­панымыз ашық болуына ол кiсiлер жастық ғұмырын сарп еттi, қан­шамасы қыршынынан қиыл­ды. Ең бастысы, ендi ондай зұлмат болмаса екен!

Атам соғысқа Беларусь жерi­нен кiрiсiптi. 61-армия, 115-ат­қыштар дивизиясы. 26-атқыштар полкi, 3-атқыштар батальонының құрамында Беларусь, Латвия, Румыния, Венгрия, Польша, Австрия елдерiн азат етуге қатыс­ты. Атам батальон командирi Павел Стрюковты сағынышпен еске алып отырады.

Атам Ұлы Жеңiстi Австрия астанасы Вена қаласында қарсы алды. Бiрақ елге бiрден қайтпай, 1947 жылдың наурыз айына дейiн әскер қатарында болды. Қазiр атамның соғыс жалынына оранған жастық шағын үйдегi орден-медальдары, майдан даласынан дала поштасымен жолдаған үшбұрышты хаттары еске түсiредi.

21 жасында Ұлы Жеңiстi қарсы алып, соғыстан кейiн елдiң еңсесiн көтеру жолында аянбай еңбек еткен атамның өмiрi маған үлкен үлгi. Тасқа салса кетiлме­ген, ұлы көкiрек нағыз ерлер ғой бұл асылдар! Әжем екеуi бала, немере өсiрiп, бүгiнде шөбере шуағына шомылып отыр. Олар өздерiнiң ғибратты өмiр жолымен адами бақыттың бәрiне лайық деп ойлаймын.

Мен атамның Ұлы Жеңiстiң 70, 80, 90, 100 жылдығын көруiн қатты қалаймын.
Әдемi Тұрсынқожа,

176 мектеп-гимназияның



7-сынып оқушысы.

Алматы қаласы



ЖЕңIС ЖАЙЛЫ Бiлгiң келсе...
Жеңiс жайлы сұрап көршi сен менен,

Жеңiс жайлы толық дерек бiлмеп ем.

Жеңiс жайлы бiлгiң келсе қартқа бар

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.


Жесiр әйел түнде ұйқы көрмеген,

Жетiм бала әке ашуын сезбеген.

Жеңiс жайлы тарихқа ұңiл, бауырым,

Жеңiс жайлы сонда толық бiлесiң.


Жеңiс жайлы сұрап көршi сен менен,

Сұрапылдар өттi-кеттi көлденең.

Елi үшiн басын тiгiп қатерге

Ар-намыстың аппақ туын бермеген.


Данагүл ӘБДЕШ,

6-сынып оқушысы.

БҮР ЖАРАДЫ КӨҢIЛ ГҮЛI
Соғыс сұсы кетпес, сiрә, санадан,

Аман қалып оқ астынан бораған.

Кеудең толы ордендер мен медальға,

Ортамызда жүрсiң бүгiн, өр адам.


Кiмнiң келер айдалада өлгiсi,

Келдi оның көптеп рахат көргiсi.

Қалды сан ер топыраққа көмiлiп,

Бастарына қойылмастан белгiсi.


Арпалыспен солай келген өмiр бұл,

Жеңiс күнi бүр жарады көңiл-гүл.

Опат болған жауынгердiң демiндей,

Саябақта жанады алау көгiлдiр.


Келдi жеңiс шаттық әнiн шырқаған,

Соғыс та өттi қырып-жойып, бұрқаған.

Мiне, бүгiн алпыс бес жыл болыпты-ау,

Зұлмат шақтан алыстаймыз бiр табан.


Гауһар ӘБДIРАХМАН,

9-сынып оқушысы.

Кенбай орта мектебi,

Сағыз ауылы,

Қызылқоға ауданы,

Атырау облысы

Соғыстан қайтты бiр сарбаз
Сағыздың ерке өзенi,

Елiре соқты жағаға.

Өзгеден ерек сол күнi,

Ауыр боп тидi анаға.


Қам көңiл едi халқың да,

Кәрi де, бала-шаға да.

Өмiрге құштар қалпыңда,

Майданға кеттiң, жан аға.


Зiлдей боп керзi етiгiң,

Таппадың тiптi бiр тыным.

Түнерiп қауiп төнгенде,

Досың боп қара мылтығың.


Соғыстың аты соғыс қой,

Жалмады талай арысты.

Мылтықтың оғы босқа ұшпай,

Өлiм мен өмiр алысты.


Есiңе кейде аласың,

Кешегi қанды соғысты.

Ұмытпас ұрпақ санасы,

Көргендей қайта сол түстi.


Емен боп өстi бiр шыбық,

Түспейдi ендi үзiлiп.

Тыңдайды ұлың күрсiнiп,

Тыңдаймын мен де егiле.


Орынай МӘЖЕК,

7 «А» сынып оқушысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет