A=Eп-Eк Өрістің әр нүктесіне зарядқа осы зарядқа пропорционал F=gE күші әрекет етеді. Заряд орын ауыстырғандағы бастапқы және соңғы орындарына тәуелді:
A/g=Еп1/g-Еп2/g Eп1 мен Еп2 электр өрісінің 1 және 2 нүктелеріндегі g зарядының потенциалдық энергиясы. Бұл зарядтың әр нүктедегі потенциалдық энергиясы әр түрлі болады. Ол зарядтың өзіне және өрістің қасиеттеріне байланысты. Eп/g қатынасы зарядтың шамасына тәуелді емес, өрістің энергетикалық сипаттамасы деп қабылдап, p әріпімен белгілейді және берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп атайды:
Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е). Ол электр өрісінің белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің (F0) сол зарядтың шамасына (q0) қатынасына тең: E0=F0/q0. Бұл жерде зерттелетін өріске әкелінген зарядтың шамасы (q0) сол өрістің жасайтын зарядтардың шамасы мен олардың кеңістікте тарала орналасуын өзгертпейтіндей, мейлінше аз деп қарастырылады. Электр өрісінің кернеулігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: в/м.
Электр өрісінің кернеулігі - өрістің көрсетілген нүктесінде орналасқан материалды нүктеге әсер ететін электр өріс күшінің осы заряд мөлшеріне қатынасы
Біртекті электростатикалық өрісте нүктелік заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмысты электр өрісінің жұмысы дейді.
Жоғарыда көрсетілгендей қарама-қарсы зарядтармен зарядталған, вертикаль орналасқан екі өткізгіштердің арасындағы біртекті электростатикалық өрісте нүктелік заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс төмендегідей формуламен анықталады.
Потенциал ДжКл - электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болатын физикалық скаляр шама. Өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясына тең.