Образ. «Образ» деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші адам образы тип мағынасында



бет1/2
Дата30.12.2021
өлшемі20,74 Kb.
#106836
  1   2
Байланысты:
ОБРАЗ қтә Жұмалиев


ОБРАЗ – ТИП

Образ. «Образ» – деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші – адам образы – тип мағынасында.

Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз. Екінші, адам образын тип мағынасында қолданамыз. Бұрын образ (адам образы) деп ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды. Қазақша образды – типті – кейіпкер, ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер деп те жазып жүрміз. Бұл кітапта біз адам образы – тип (қазақша – кейіпкер) деген сөздерді бір мағынада қолданамыз.

Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттелінеді. Жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең керекті, ең шенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді.

Ананың образы – бір ғана әйел емес, бірнеше әйелдердің орындарына жүретін образ-тип. «Айман-Шолпан» пьесасындағы Көтібар да типке жатады. Көтібар пьесада ерекше боп көрінеді. Өзінше жұртты оппақ та, шаппақ та болады. Жаңалық біткеннің бәріне қарсы келеді. Ән салғанға «Не оттап тұр?» – дейді. Билегенді өзін қорлады деп ұғады. Қызға сапысын ала ұмтылады. Өзін жұрттан анағұрлым артықпын деп санайды. Айманды алмақ болады, ала алмайды. Жұрттың бәрінің қолынан ештеңе келмейтін кем деп, ақырып, жекіреді. Шынында, өзі кем болып жүргенін, заманының өтіп кеткенін, жұрт оны күлкіге айналдырып жүргенін абайламайды. «Шабамын! Шабамын!» – дейді. Кімді шабады? Не үшін шабады? Оны ол білмейді. Көрінген жаңалықтың бәрін қиратпақ болып ұмтылады. Өзі Теңгенің торынан шыға алмай жүріп, баяғы кеудемен тағы бір әйел алмақшы. Өзінің торға әбден шырмалып, шығатын жолы бітелгенінен еш хабары жоқ. Күн таянғанда:

Уа, сорлы үнім жаңа саңғырлады,

Қыранның аш дабылы даңғырлады,

Тоятқа айдай Айман ілемін деп,

Көңілде арман, сірә, қалдырмады.

Жаман жау жаяулаған жалбырлады,

Тоқал да қу шолағын шандырлады

Бөгеттің бәрін бүгін үйіп, төгіп,

Еңбегін кәрің отыр жандырғалы, –

деп ән салады. Алды-артын болжамастан, дегенім болады деп ұғады. Ақырында, Айманды Әлібек, Шолпанды Арыстан алады да, Көтібар бос қалады. Баяғыдан бергі үміті босқа кетеді. Ең аяғында, «жұрттың бәрін қиратамын» деп жүрген батырға Теңге былай дейді:

Шабарсың, иә шабарсың.

Ұқтың ба, анау хабарын?

Мұнда тұрған күйеу – біреу емес, екеу.

Арыстан Шолпанды алатын бопты,

Сүйінші, міне, сүйінші!

Саған енді дым жоқ-ты,

Бұйырған мына тоқалың (өзін көрсетіп) мен

бопты!


Сонда Көтібар:

Шабармын!

Сірә, шабармын! – дейді.

(Айман – Шолпан», бірінші басылған варианты.)

Пьесада Көтібар өзінің сөзімен де, ісімен де, әрекетімен де, басқалардан өзгеше, бір бөлек, оқшау тұрады. Автор оны жекелеп көрсетеді. Оны қуыс, кеуде, күні өткен, күнінің өткенін өзі де білмейтін, тарих сахнасынан шығып бара жатқан, күші жоқ феодалдық қоғамның өкілі етіп алады.

Көтібар да – бірнеше адамдарда болатын мінез-құлықтың жиынтығы. Қазақ еліндегі феодалдық дәуірдің әлсіреп азып бара жатқан кезіндегі, алды-артын байқамайтын, аңқау аңғырт батырлардың барлығының орнына алынған, феодал табының өкілі. Солардың әрқайсысының басында болған мінез-құлық, іс-әрекеттерін жинастырып әкеледі де, бір Көтібардың басында болды ғып көрсетеді. Сондықтан ол ерекше, оқшау, жеке тұрады.

Образ – жеке адамға тән мінез. Адам образы қандай топтың өкілі етіліп көрсетілсе, сол өз ортасындағы мінез-құлықтардың жиынтығы дедік. Образ көркем шығармада жеке адамға тән мінез-құлық, наным-сенім, іс- әрекеттер арқылы бейнеленеді. Жай оқушыларға сондай адам шындықта болған не болуы мүмкін деген наным туғызады.

Образды қай мағынасында алсақ та, өмір шындығын көзге елестету, жайнақы, жанды, тұжырымды түрде суреттеу арқылы жазушылар өз пікірін оқушыларына ұсынады. Адам образын жасау үшін жазушы не өткен өмірді, не өз кезіндегі бір адамды негізге алады да, соны басқалардан жекелеп, ерекше көзге түсерлік етіп көрсетуге тырысады. Ол үшін ең алдымен керекті жайт – жеке адамға тән мінез.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет