3-МОДУЛЬ. ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ. 3.1.4-ТАПСЫРМА.
Басқарудың ситуациялық тәсілдемесінің артықшылықтары мен әлсіз жақтарын талдаңыз:
- Басқарудың ситуациялық тәсілдемесінің артықшылықтары қандай?
- Басқарудың ситуациялық тәсілдемесінің қауіптері қандай?
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:
МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ӨЗІНДІК МЕНЕДЖМЕНТ АЯСЫНДАҒЫ СЫНИ РЕФЛЕКСИЯСЫ
Сабақ мақсаты:
басшының өзіндік менеджментінің теориясын және басқару қызметіне сыни бағалау жүргізу мәселелерін зерделеу, мектеп басшысының өзін-өзі басқару қызметін жоспарлау.
Күтілетін нәтиже:
Тыңдаушылар:
- басшының өзіндік менеджменті бойынша жоспар әзірлейді және басқару қызметін сыни бағалайды.
РЕФЛЕКСИЯ, СЫНИ РЕФЛЕКСИЯ, РЕФЛЕКСИВТІ ПРАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Рефлексия – бұл ықтимал жағдайлар, оқиғалар, біздің эмоцияларымызға, ойларымыз бен сезімдерімізге және бұрын болған басқа жағдайларға байланысты мүмкіндіктер туралы естеліктер - (Мун, 2005).
Рефлексия ойлануға жатады (Паркер, 1997).
Дональд Шон кәсіпқойлар рефлексиясының үш түрін анықтайды:
- «іс-әрекеттегі білім» - қызметте қолданылатын білім, яғни білім туралы рефлексия;
- «іс-әрекеттегі рефлексия» - оқиға кезінде әрекеттің қалай болғандығы туралы ойлану;
- «іс-әрекеттің рефлексиясы» - оқиғадан кейін ойлану.
Сыни рефлексия - бұл адамды өткенді тереңдетуге және қазіргі жағдайды қабылдауға итермелейтін рефлексия ғана емес, ең бастысы, ол адамды болашақ іс-әрекеттер туралы ойлауға итермелейді.
БҰЛ -
- сіздің / олардың бастапқы / қазіргі кәсіби дамуын қолдайды.
- жұмыстағы өзгеріс туралы хабарлауға көмектеседі.
- жағдай мен практиканың сапасын арттыруға көмектеседі.
- тиімді кәсіпқойлардың «негізгі артықшылықтарының» бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |