Әдебиет: 1, с. 10-11бет
Бақылау сұрақтары
1 Крахмалдың негізгі касиеттері.
2 Қандай полисахаридтер крахмал құрамына кіреді?
10 тақырып Өсімдік материалдарында қорға жиналған қанттарды анықтау
Мақсаты:
- редукциялық қанттарды анықтау
Жоспар:
1 Өсімдік материалының анализі
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Барлық моносахаридтер мен дисахаридтер (мальтоза типтері) редуциалықтарға жатады, өйткені оларға тотықсыздану қасиеті тән. өсімдіктерде жақсы таралған сахароза редукциялық зат емес.
Редукциялық қанттарды реакциасы –фелинг (сұйығының тотықсыздану реакциясы).
Редуциялық қанттарды анықтау үшін, бақылайтын ерітіндіге фелинг ерітіндісін бірдей көлемде құйып қайнатады. Сонда Сu2О болып тұнбаға түседі.
Сахарозаны анықтау үшін алдымен оны гидролиздеп глюкоза мен фруктозаға ыдыратып, сонан соң ғана фелинг ерітіндісімен реакцияға түсіреді. Тұнбадан Сu2О мөлшерін гидролизге дейінгі және кейінгі мөлшерімен салыстырады.
1. Пробиркаға шымшып глюкоза салып, аз ғана сумен ерітеді де сондай көлемде Фелинг ерітіндісін құйып қайнағанша ысытады.
2. Суға шымшып сахарозаны салып, бірдей көлемде Фелинг ерітіндісін құйып, қайнағанша ысытады.
3. Пробиркаға сахароза ерітіндісін дайындап 2-3 тамшы 20% -тік НСІ қосып 1 минут қайнатады, қышқылды содамен бейтараптандырып (СО2 бөлініп шығып біткенше салу керек), бірдей көлемде Фелинг ерітіндісін құйып қайтадан қайнағанша отта ұстайды.
Пробиркада кірпіш түсті қызыл тұнба түсуін анықтап, қажетті қорытынды жасайды.
Өсімдік материалының анализі.
Пробиркалардың ¼ бөлігіне ұсақ бөлшектерге турап пиязды, сәбізді қант қызылшасын аз ғана су құйып бөлек-бөлек салып кем дегенде 5 минут қайнаған су моншасында ысытады. Пайда болған шайманы фильтрлеп, әрқайсын екі таза пробиркаға құяды. Бір пробиркадағы әр шаймамен редукциялық қанттарға реакция жүргізіп, екіншісімен – тұз қышқылымен сахароза гидролизін өткізу керек, қышқылды бейтараптандырғаннан кейін Фелинг ерітіндісін бірдей мөлшерде құйып 1000С –ге дейін ысытады.
Алынған нәтижелерді таблицаға жазып, бес балдық шкаламен Сu2О мөлшерін бағалайды.
Берілген зат
|
Сu2О мөлшері
|
Гидролизсіз
|
Гидролизден кейін
|
|
|
|
Қарастырылатын материалда редукциялық қанттар мен сахарозалардың қатысы жайында қорытынды жасаңыз.
Әдебиет: 4, 91-92 бет
Бақылау сұрақтары:
1 Қанттың әсері неде?
2 Редукциялық қанттарға қандай қанттар жатады?
3 Редукциялық емес қанттарға қандай қанттар жатады?
11 тақырып Қанттардың протоплазмаға қорғаныш ықпалын тигізуі
Мақсаты:
сахароза белоктың құрылысын тұрақтандыратынын және теріс температураға әсер еткенде белокқа қорғаныш болатынын көрсету
Жоспар:
1 Белоктардың төменгі температураға төзімділігі
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Теріс температураның әсерінен өсімдік ұлпаларындағы, жасуша аралықтарындағы, қатқан мұз жасушаларындағы суды өзіне тартып, протоплазманы сусыздыққа ұшыратады. әрбір өсімдік организміне тән сусыздану деңгейінде протоплазмасында коагуляция процестері өтеді. Жасушаларда пайда болатын мұз кристалдарының механикалық әсерінен протоплазманың коллоидтік құрылымы бұзылады. Сол себептен протоплазманың өткізгіштігі (кенет, шұғыл) көтеріледі де, өсімдік аязда ұзақ тұрса тіршілігін тоқтатады.
Қысқы кезде өсімдік мүшелерінде ерігіш қанттардың шамасы көбеюінен ұлпалардың су сақтау қабілеті ұлғаяды.
Қызыл қызылшаның қалыңдығы 0,5 см көлденең кесілген кесіндісінен тескішпен көлемі 5-6 мм ойынды тесіп алады. Оларды сумен тазалап жуады да, 3-4 –тен үш пробирканың әрбіреуіне салып қояды. Бірінші пробиркаға 5 мл дистелденген су, екінші пробиркаға 0,5М сахароза ерітіндісін, үшінші пробиркаға 5мл 1М сахароза ерітіндісін құяды. Пробиркаларды белгілейді де, 20 мин 3 бөлшек мұз әлде қар және 1 бөлшек асқа салатын тұздан жасалған салқындататын қосындыға салып қояды. Содан соң пробиркаларды бөлме температурасындағы суға салып жылытады. Пробиркалардағы сұйықтардың боялу айырмашылығын белгілеп, оны түсіндіру керек. Қызылшаның бөлшектерінен алынған жұқа кесіндіні микроскоп арқылы тексереміз. Микроскоп көз аясындағы барлық клеткалардың санын тауып, олардың арасындағы түссіз антоциан пигменті шыққан жасушаларды санайды. Тәжірибенің нәтижесін мынадай кестеге жазады:
Қанттардың протоплазмаға қорғаныш ықпалын анықтау
Тәжірибе жағдайлары
|
Микроскоптың көз аясында болған жасушалардың саны
|
Жасушалардың жалпы санынан боялған жасушалардың мөлшері
|
Қорытындылар
|
Жасушалардың жалпы саны
|
Боялған жасушалар
|
Су
0,5М сахароза
1М сахароза
|
|
|
|
|
Әдебиет: 2, 57 бет
Бақылау сұрақтары:
1 Қанттың әсері неде?
2 Қант қосылмаған ерітіндідегі клеткаларының мембранасы неге антоцианды шығарады?
12 тақырып Биотехнологиялық зертхананың жабдықталуы және жұмыс істеу ережелері. Өсімдік материалды, ыдысты, құралдарды және қоректік орталарды стерилдеу әдістері
Мақсаты:
- жұмыс орынды, өсімдік материалды, ыдысты, құралдарды және қоректік орталарды стерилдеу әдістерімен танысу
Жоспар:
1 Ламинар-боксты стерилдеу
2 Ыдысты стерилдеу
3 Құралдарды стерилдеу
4 Материалды стерилдеу
5 Өсімдік материалды стерилдеу
6 Қоректік ортаны стерилдеу
7 Салқын стерилдеу
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Жалпы түсінік: Жекелеген мүшелерді, ұлпаларды, жасушаларды және протопласттарды сәтті өсірудің негізгі шарттарының бірі – ұқыпты залалсыздандыруды сақтау. Өйткені өсімдік ұлпалар мен жасушаларды өсіруге арналған жасанды қоректік орталарда микроорганизмдер де жақсы көбейеді, бұл өсірілетін материал үшін қауіпті тұғызады. Организмдердің тіршілігі нәтижесінде қоректік орталардың құрамы өзгереді. Сонымен қатар, өсімдіктен жекелеген ұлпалар мен жасушалар, әсіресе протопласттар микроорганизмдермен оңай зақымдалады. Сондықтан өсімдіктердің жекелеген мүшелерін, ұлпаларын, жасушаларын және протопласттарын өсіру бойынша барлық тәжірибелерді ламинар-бокстарда өткізеді. Боксты, құрал-саймандарды, ыдысты, өсімдік материалын, қоректік орталарды, мақта тығындарын және жұмысқа қажетті басқа да материалдарды стерильдейді.
Жұмыс барысы:
Ламинар-бокс. Ламинардың ішкі жұмыс бетін 70%-дық спиртпен сүртіледі. Одан кейін ламинарда спирт жанарғыны, сіріңкені, 96%-дық спиртімен стақанды, стерильді ыдыс пен құрал-саймандарды, стерильді суымен колбаны орналастырады. Меристемаларды бөліп алу бойынша жұмыстарды жасаған кезде ламинарға бинокулярлы лупа қойылады. Ламинар-боксты бактерицидтік ультракүлгін шамдармен 10-12 сағ. ішінде өңделеді.
Ыдыс. Стерильдеуді кептіргіш шкафта немесе автоклавта өткізеді. Стерильдеудің алдында ыдысты жуып кептіру керек. Ыдысты жуу үшін детергенттер және де сірке қышқылындағы екіхромқышқылды калийдің ерітіндісі (хромпик) қолданады. Стерильдеудің алдында шыны түтіктер мен колбаларды алдын ала мақта тығындармен жабылып, орама қағазбен орайды. Кейін ыдысты кептіргіш шкафқа салып +175оС температурасымен 2 сағ. ішінде қыздырады (қажетті температура орналғаннан кейін). Бұндай қыздыруда бактериялармен қатар олардың споралары да өледі. Кептіргіш шкафындағы температурасын 175оС-ден жоғарылатуға болмайды, өйткені ол кезде мақта тығындары қоңыраяп, жамылған қағаз сынғыш болып қалады.
Күшті стерилдеуді автоклавта қысымымен өткізуге болады, өйткені дымқыл қызу құрғақ қызуға қарағанда микроағзаларды тиімді өлтіреді. Қақпағымен стақандарды, Петри табақшаларды, тамызғыштарды, дистиллденген сумен колбаларды автоклавта стерилдейді. Ыдысты фольгаға немесе орама қағазға орап, 25-30 минут ішінде 2 атм қысымымен автоклавдайды. Дәйектелген тамызғыштардың жоғарғы жағын мақта аралығымен жауып, тамызғыштарды қағазға 10 данадай орайды.
Құралдар. Скальпельдердің, пинцеттердің, инелердің және басқа құралдардың алдыңғы стерилдеуді кептіргіш шкафта 12 сағат ішінде 140оС-де өткізеді. Шприцтерді қайнатып стерилдеуге ыңғайлы. Металлдық бұйымдарды автоклавпен стерилдеуге болмайды, өйткені будың әсерінен оларды тот басады да мұқалып қалады. Тура жұмыстың алдында және отырғызу процессінде құралдарды 96%-тік этил спиртімен кәрлен стақанға салып және спиртовка жалынында күйдіріп, қосымша стерилдейді. Ланцеттерді, пинцеттерді, микробиологиялық ілмектерді күйдіруге болады. Күйдірумен стерилдеуден кейін әрбір құралды алдында стерилденген бумаға немесе арнайы штативке жиналған тығыз қағаздың парақтар арасында салынады. Стерилді құралды біржолғы манипуляция үшін қолданылады. Кейін оны қайтадан спиртпен стерилдеп, күйдіреді. Тым жіңішке құралдары (инелер, жүздердің бөлшектері) күйдіруден кейін өз қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, сондықтан оларқды спиртке салып, стерилдейді.
Материалдар. Ұлпаларды отырғызу кезінде пайдаланатын мақтаны, дәкені, мақта тығындарды, халаттарды, орамалдарды 2 атм қысымымен 25-30 мин ішінде автоклавта стерилдейді.
Өсімдік материал. Тұқымдарды, төбешілік меристемаларды, өсімдіктің түрлі бөліктерден алынған ұлпа бөлшектерін стерилдеу үшін түрлі стерилдейтін ерітінділер қолданылады: сулеманың немесе екіхлорлы сынаптың (0,1%), бромның (1%), пергидрольдің (20-30%), хлораминнің (3-6%), диацидтің, натрий гипохлоритінің (10%) су ерітінділері.
Диацидті келесі тәсілмен дайындайды: этанолмеркурхлоридтің 330 мг және цетилпиридинил хлоридінің 660 мг бөлек ыстық суда ерітеді, алынған ерітінділерді араластырады, сұйықтықтың көлемін дистилденген сумен 1 л-ге дейін жеткізіп, Твин-80 детергенттің бірнеше тамшысын қосады. Диацидті мұздатқышта жабық колбада қараңғыда сақтайды.
Өсімдік ұлпаны стерилдеуге кіріспес бұрын оны алдын ала тазартады. Тамыржемістерді, түйнектерді, өсімдіктердің қалың сабақтарды сабындап қылшақпен жылы ағынды суда жуып, қабықты (тамырлар мен түйнекжемістерден, өскіндерден) алып, дистилденген сумен жуады да абсолюттік спиртке бірнеше секундқа түсіреді. Мұнда спирттің әсерінен басқа негізгі стерилдейтін ерітіндісінің эффекттің күшеюі байқалады. Стерилдеуден кейін өсімдік объектілерді стерилдейтін заттардан дистилденген сумен талай рет біртіндеп шайып әбден жуып алу қажет.
Диацидті жүгері, бидай, қарабидай тұқымдарын, пергидрольді фасоль, бөрібұршақ, күнбағыс (қабықтан тазартылған), томат, шалғам және басқалар үшін қолдануға ұсынылады. Тұқымдарды диацидпен стерилдеу уақыты 15-20 мин, пергидрольмен 10 мин. Кейбір тұқымдар (мақта, бұршақ) қойылтылған күкірт қышқылымен 3 мин ішінде жақсы стерилденеді, кейін автоклавталған дистилденген сумен 5 рет шайылады. Меристемалардың және өсімдіктердегі түрлі бөліктерден ұлпа бөлшектерінің стерилдеу уақыты шамамен екі есе кем. Әдетте диацидті қолданады, оны кейін сумен жуады, суды 5-6 рет алмастырады.
Кейде кейбір өсімдіктердің тұқымдарын: қызанақ, алма, асқабақ, бұршақ пен темекінің антисептикпен өңделмейді. Тұқымдар пісіп жетілу мерзіміне қалың, сүректі немесе сүйекті жабынға қапталған болады. Осы дақылдардың сау, зақымдалмаған жемістерін әбден сабынды сумен, кейін спиртпен бірнеше рет жуады. Одан кейін оларды қатаң асептикалық жағдайда бөледі. Бөлінген жерден стерилді құралмен тұқымдарды алып, стерилді ыдысқа салады.
Қоректік орталар. Қоректік орталармен колбаларды және пробиркаларды мақта тығындармен жауып, ауызын целлофанға немесе орама қағазға орап, 20 мин ішінде 120оС температурасында және 1 атм қысысымен автоклавлайды.
Салқын стерилдеу. Қызуды көтермейтін органикалық сұйықтықтарды бактериялардан тесіктердің диаметрі 0,45 мкм стерилді ұсақтесікті бактериалдық фильтрлер арқылы сүзіп тазартады.
Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.
Өсімдіктердің тұқымдары, түйнектері, өскіндері және сабақтары.
500-700 мл химиялық стақандары, 1 л дистилденген сумен колба, Петри табақшалары, зат шынылары, скальпель, пинцет, ине, дәке қапшықтары, стерилизаторлар, пробиркалар, салқын стерилдеу үшін Зейц немесе «Миллипор» фильтрлері.
Автоклав, кептіргіш шкаф.
Әдебиет: 7, 8, 9, 10, 11
Бақылау сұрақтары:
1 Стерилдеу дегеніміз не?
2 Ыдыс пен құралдарды қандай әдістермен стерилдейді?
3 Өсімдік материалды қандай әдістермен стерилдейді?
13 тақырып Қоректік орталарды дайындау. «Мурасиге-Скуга» қоректік ортаны дайындау және стерилдеу
Мақсаты:
- Мурасиге-Скуга қоректік орта үлгісінде жекелеген клеткалар мен ұлпаларды өсіру үшін қоректік ортаны дайындау тәсілімен танысу
Жоспар:
1 Макро-, микротұздарының төлдейтін ертінділерін дайындау
2 Витаминдер ертінділерін дайындау
3 Қоректік ортаны дайындау
4 Фитогормондар ертінділерін дайындау
5 Агар-агар ертіндісін дайындау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Жалпы түсінік: Жекелеген клеткалар мен ұлпаларды өсіру үшін қоректік орталардың құрамында өсімдіктерге қажетті барлық макроэлементтері, витаминдері, көмірсулары, фитогормондары болу керек. Кейбір қоректік орталарда казеиннің гидролизаты, белгілі бір аминқышқылдары бар. Бұдан басқа қоректік орталардың құрамына, рН-тың кең көлемді шеңберінде клеткаларға темірдің жетімділігін арттыратын, ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) немесе оның натрий тұзы кіреді.
Көмірсулар жекелеген клеткалар мен ұлпаларды өсіргенде қоректік орталардың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені олар автотрофты қоректенуге төзімді емес. Әдетте, көмірсулардың көзі ретінде 20-40 г/л концентрациясымен сахарозаны немесе глюкозаны пайдаланады. Белсенді гидролитикалық ферменттері көп молшерлі ісік ұлпалары еріген крахмалды орталарда өсе алады.
Өсу реттеушілері жасушалардың дифференциялау және жасушалық бөлінулерді индукциялау үшін қажетті. Сондықтан, каллус ұлпаларды алу үшін қоректік орталардың құрамына жасушалық дифференциялауға әкелетін, ауксиндер және дедифференцияланған жасушалардың бөлінуін индукциялайтын, цитокининдер кіру керек. Сабақтық морфогенезді индукциялау жағдайда ортадағы ауксиндердің мөлшерін төмендетуге немесе оларды қоректік ортадан бөліп алуға болады. Гормондары жоқ орталарда ісік және бұл жағдайға бейімделген ұлпалар өседі. Гормондардың кез келген типіне немесе олардың біреуіне қатысты автономдығы жасушалардың гормондарды синтездеу қабілеттігіне байланысты.
Қоректік орталардағы ауксиндердің көзі ретінде әдетте 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылды (2,4-Д)- 1-10 мг/л, және де индолилсірке қышқылды (ИСҚ) – 1-30 мг/л, және - нафтилсірке қышқылды (НСҚ) – 0,1-2 мг/л пайдаланады. ИСҚ-дың 2,4-Д-ға қарағанда белсенділігі төмен. Каллус түзілудің индукциясы үшін әдетте ауксиндердің жоғары концентрациялар қолданылады, ал кейінгі отырғызуларда, ортадағы ауксиндердің мөлшері бірнеше есе азайтылса, ұлпа өсе алады.
Жасанды қоректік орталардағы цитокининдердің көзі ретінде кинетинді, 6-бензиламинопуринді (6-БАП), зеатинді (0,001-10 мг/л) қолданылады. Зеатиннің және БАП-тың кинетинге қарағанда жекелеген ұлпаларды өсіруінде және органогенездің индукциясында белсенділігі жоғары. Кейбір қоректік орталардың құрамына аденин кіреді.
Жеке қоректік орталардың құрамында ауксиндер мен цитокининдерден басқа гибберелл қышқылы (ГҚ) бар. Кейде қоректік ортаға өсімдік экстракттарын немесе шырындарын қосады. Кокос жаңғағының сұйық эндоспермі – кокос сүті өсуді тездететің ең жоғары қабілеттілігіне ие.
Қатты қоректік орталарды дайындау үшін теңіз балдырлардан алатын, агар-агар-полисахаридті пайдаланады. Құрамында жағымсыз қоспалардың ең аз мөлшері «Difco» бактериалды агарында және отандық өндірісінің бактериалды агарында байқалады, оларды алды ала жуылмай қолдануға болады. Әдетте, қатты қоректік қоспаны алу үшін ортаға агардың 5-8% қосады.
Макротұздардың, микротұздардың және витаминдердің ерітінділерін концентрацияланған түрде дайындалуға ыңғайлы. Аналық ерітінділерді мұздатқышта, витаминдерді төмен температурада сақтайды. Макротұздардың ерітінділерін қажеттілігіне қарағанда 10-20 есе, микротұздардың – 100-1000 есе, витаминдердің – 1000 есе концентрацияланған түрде дайындайды.
Белгілі бір өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын және мүшелерін өсіру үшін құрамы әртүрлі қоректік орталарды пайдаланады. Ең жиі қолданылатын орталар Мурасиге-Скугтың (кесте 1), Уайттың, Гамборгтың немесе В-5.
Жұмыс барысы:
Өсімдік мүшелерін және ұлпаларын өсіру үшін Мурасиге және Скугтың қоректік ортасын дайындау (кесте 1).
Ең алдымен макро-, микротұздардың және витаминдердің аналық ерітінділерін дайындау керек. Мурасиге және Скугтың ортасы үшін әдетте келесі құрамды аналық ерітінділерді дайындайды: 1) NH4NO3, KNO3, KH2PO4, MgSO4 .7H2O (MgSO4 . 7H2O қыздырмай соңғы болып құйылады, бұл тұнба түзілуін болдырмайды); 2) CaCl2 ерітіндісі; 3) темір хелатының ерітіндісі (темір хелатын түзілу үшін қажетті FeSO4 және ЭДТА-Na2-ні қайнағанша қыздыру керек); 4) микроэлементтердің ерітіндісі.
Аналық ерітінділерді дайындау үшін қажетті тұздардың мөлшері және де қоректік ортаны дайындау үшін аналық ерітіндінің мөлшері кестеде келтірілген.
Алынған ерітінділерді тығыз тығынмен сауыттарға құйып, этикеткалайды және мұздатқышта сақтайды. Темір хелатын қара сауытта сақтайды.
Витаминдердің концентрацияланған ерітінділерін (әрбіреуі жеке) флакондарда сақтайды. Ерітінділерді дайындау үшін қосылатын дозаға қатысты 10 есе көп мөлшерімен витаминнің мөлшерін алады және 10 мл суда ерітеді. Осы ерітіндінің 1 мл-де Мурасиге-Скугтың құрамы бойынша 1 л ерітіндіні дайындауға қажетті витаминнің үлесі бар.
Енді аналық ерітінділерді пайдаланып, өсімдік мүшелерін және ұлпаларын өсіру үшін қоректік орталарды дайындау керек. Сыйымдылығы 1л химиялық стақанға немесе колбаға жартысына дейін дистиллденген су құйып, қыздырады, сахароза ерігеннен кейін макро-, микротұздардың және витаминдердің аналық ерітінділерінің қажетті мөлшерлерін қосады және көлемін 1л-ге дейін дистиллденген сумен жеткізеді.
Фитогормондардың ерітінділерін келесі әдіспен дайындайды.
Ауксиндер (2,4-Д, - НСҚ, ИСҚ, индолил-майлы қышқылы – ИМҚ): заттың 100 мг-н спирттің 0,5-2 мл-де ерітеді, қыздырады, 100 мл-ге дейін дистиллденген су қосады (концентрациясы 1 мг/мл).
Цитокининдерді (кинетин, зеатин, БАП): 0,5 н HCl-дың үлкен емес көлемінде ерітеді, қыздырады, дистиллденген судың сәйкес көлемін қосады.
Абсциздік қышқылы (АБҚ): қажетті мөлшерге дейін жеткізіп, өлшенген мөлшерін 70%-дық этанолда ерітеді.
Гиббереллин қышқылы (ГҚ): өлшенген мөлшерін суда ерітеді.
Автоклавлау алдында ортаға фитогормондарды енгізгенде ортаның рН-н 5,5-5,6-ға дейін міндетті түрде жеткізу керек. Бірақ, автоклавлаудан кейін ортаның термолабилді компоненттерінің алғашқы құрамы өзгеретінін екенін ескеру қажет. Осылай, тиамин пиримидин мен тиазолға, ал кинетин мен ИСҚ өз белсендігінің бөлігін жоғалтады. Осыған байланысты витаминдерді, әсіресе термолабилді фитогормондарды тесіктердің диаметрі 0,4 мкм Зейцтің немесе «Миллипор» фильтрі арқылы өткізіп, фильтрлеумен стерилдейді (НСҚ, ИСҚ, зеатин, БАП). Бұл жағдайда ортаның рН-н реттеу үшін сілтінің стерилді ерітінділерін пайдаланады.
Ісіну үшін агар-агарды алдын ала суға салып қояды. Одан кейін оны толық ерігінше араластырып, электроплитада қыздырады. Осыдан кейін агар ерітіндісін тұздардың, витаминдердің және сахарозаның ерітіндісімен құйылып, ортаның көлемін 1л-ге жеткізу керек. Колбаларды орталарынмен мақта тығынмен, қағазбен немесе фольгамен жауып, автоклавта стерилдейді.
Қоректік орталарды пробиркаларға (1/3 көлемінде) құйылады, мақта тығындармен немесе фольгамен жауып, автоклавта стерилдейді.
Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.
Химреактивтер (кесте 1). 1л-лік химиялық колбалар немесе стақандар, көлемі 1л және 100мл аналық ерітінділерді сақтау үшін тығыз тығындармен құтылар, 20-50мл-ге құтылар, 10 және 1мл-ге өлшем тамызғыштары, техникалық таразы, торсиондық таразы, электроплитка.
Әдебиет: 7, 8, 9, 10, 11
Бақылау сұрақтары:
1 Жекелеген жасушалар мен ұлпалар үшін қоректік орталардың құрамы қандай?
2 Қоректік ортадағы ауксин ретінде қандай заттар пайдаланады?
3 Төлдейтін ертінділер дегеніміз не және оларды қалай дайындайды?
14 тақырып Стерилді өскіншілерді өсіру. Картоп өркеннің апексінен эксплантант алу және оны in vitro-ға енгізу
Мақсаты:
- бұршақтың, сояның асептикалық өсімдіктер мен in vitro-дағы экспланттарды алу мақсатында стерилді өскіншілердің өсіруімен танысу;
- картоп өркеннің апексінен эксплантант алып, in vitro-ға енгізуімен танысу
Жоспар:
1 Бұршақтың және сояның тұқымдарын өсіру
2 Картоп өскіншелерін in vitro өсіру
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Жалпы түсінік: Стерилді өскіншілерді асептикалық өсімдіктер мен in vitro-дағы экспланттарды алу мақсатында өсіреді. Тәжірибенің міндетіне сәйкес тұқымдарды суға немесе агарланған қоректік ортаға себеді.
Стерилді өскіншілерді пайдаланудың үш мүмкіндік жолы бар:
1) дифференцияланған ұлпалардан экспланттарды алу үшін, олар фитогормондары бар қоректік ортаға ауысқанда дифференцияланады және қарқынды пролиферация нәтижесінде каллус ұлпасын түзеді;
2) тура өскіншелерде каллусты алу үшін;
3) өскінше бөліктерінен протопласттарды алу үшін, әдетте жапырақтардан, кейде тамырлардан.
Өскіншелерде каллус түзілу үшін фитогормондар керек, сондықтан өсіру үшін қоректік ортаның құрамына 2,4-Д кіреді.
Жұмыс барысы 1:
Бұршақтың немесе сояның сау тегіс тұқымдарын таңдап, сабынды ерітіндіде, одан кейін құбырындағы және дистиллденген сумен әбден жуып алу керек. Жуылған тұқымдарды дәке қапшықтарында 2-5 мин-қа 96% спиртке салып, стерилді суда жуып, диацидтің ерітіндісіне 20 минутқа салынады. Одан кейін стерилді суда бес рет шайылу керек.
Жұмысты ламинар-бокста жүргізеді. Қоректік ортасы бар Петри стерилді табақшаларына немесе пробиркаларға стерилді пинцетпен 5-10 тұқымнан салады. Петри табақшаларын тұқымдармен температурасы +25оС термобөлмесіне орналастырады. Асептикалық өскіншелерді экспланттарды алу үшін 8-15 күннен кейін пайдалануға болады.
Тұқымдарды өсіру үшін среды Уайт (кесте 1), Мурасиге және Скуг (МС) немесе Гамборг (В-5) ортасын фитогормондарды қоспай, пайдалануға болады.
Жұмыс барысы 2:
Өсіп жатқан «көзшелермен» картоптың түйнектерін алып, өсіп жатқан өркенді бөліп, стерилдеу керек.
Стерилденген өркенді (Петри стерилді табақшасында) ламинар-бокста бинокулярлы микроскоптың көру аймағына орналастыру.
Микроскоптың кіші ұлғаюында бүршіктің кесіндісінің орталық бөлігіндегі дөңгелек пішінді төбесімен ұзарған өсу конусты тауып алу. Өсу конустың үстінде бүршіктің негіздемесінен дамыған, бастама жапырақшалары (примордиялар) дөңесті құрайды.
Препараттық инесімен (шприцтің кескіш инелер) 12-13 пластохронда (екі жапырақ төмпешіктердің инициациялары арасындағы уақыт арасы) апикалды меристеманы (конус) бөліп алып, стерилді ортаға ауысу.
Оқшауланған меристемаларды асептикалық жағдайда макро- және микротұздардың мөлшері бай, цитокининдердің концентрациясы жоғары (6-БАП 2 мг/л) қоректік орталарда өсіреді. Кондиционерленген ауасымен өсірілетін бөлмеде температурасын 25±2оС, ауа ылғалдығының 70 %, жарықтылықтың 5 кLx және 16 сағат фотопериодты сақтайды.
Меристеманы ортаға отырғызудан 5-6 жапырақшалармен өскіншелердің қалыптастыруына дейін орта шамамен 30-45 күн, кейбір жағдайда 2-ден 8 айға дейін өтеді. Орталарды таусылу шамасына байланысты жаңартады және өскіншелерді стерилді жағдайда жаңа орталарға отырғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |